«Путин мен Тоқаевтың үнсіздігін түсінбедім»

Malim Админ

  • 19.08.2020

Минскіде бастау алған шерулер Киевтегі Майданның жалғасы. Беларусь Республикасындағы митингілерді АҚШ пен Батыс елдері ұйымдастырып отыр. Бұндай пікірді мәжіліс депутаты, Қазақстан коммунистік халықтық партиясының өкілі Владислав КОСЫРЕВ білдірді.

«Беларусь елінде болып жатқан митингілер Киевтегі 2013 жылғы Майданның жалғасы. Социализмнің аралына айналған Беларусь Республикасы АҚШ пен Батыстың тамағындағы сүйек қой. Минскіде бастау алған оқиғаларға Батыс елдері мен АҚШ араласып отыр. Александр Лукашенко мемлекетін сақтап қалу үшін барын салып жатыр. Бірақ қолынан көп нәрсе келер емес. Польша, Укранина, Балтық елдерінің идеологиясы  күшті боп тұр», -деді мәжіліс депутаты МӘЛІМ КЗ сайтының тілшісіне.  

Беларусь елінде 9-тамыз президенттік сайлаудан кейін жаппай митингілер басталды. Орталық сайлау комиссиясының хабарлауынша 26 жыл президенттік тақта отырған Александр ЛУКАШЕНКО 80,01 пайызға ие болса, оппозиция атынан түскен Светлана ТИХАНОВСКАЯ 10,09 пайыз ғана дауыс жинаған. Бұған келіспеген халық жаппай көшелерге шыға бастады. Бұндай шерулер тәуелсіз Беларусь тарихында болған емес. Өткен жексенбіде Минскідегі орталық алаға 200 мыңнан аса адам шықты деген ақпарат бар. Қазір 4 мыңнан аса адам түрмеге қамалып, күштік құрылымдар тарапынан ұрып-соғу фактілері анықталған. Құқық қорғаушылар адам өлімдерінің де болғанын мәлімдеген.

«Беларусьта коммунисттер бар. Және олар үлкен күшке ие. Неге тыныш отырғандарын білмеймін. Біз Қазақстан коммунистік халықтық партиясы президенттік сайлаудан кейін басталған шерулерді талқылап жатырмыз. Совет одағы ыдыраған кезде оның қорғап қалатын күш бар еді. Бірақ қашан да агрессия басым келеді. Шындықты қорғаушылар әлсіз келетіні бар. Біз Евразиялық одақтың құрамындағы елміз ғой. Лукашенконы қолдауымыз керек.  Ресей президенті Путин мен Қазақстан басшысы Тоқаевтың үнсіздігін түсінбеймін», - деді Владислав Косырев.

Айтпақшы, 2020 жылдың 16 тамыз күні Александр Лукашенко Ресей басшысы Владимир ПУТИНМЕН телефон арқылы сөйлескен. Артынша, Кремь ру сайтында ресми Мәскеу Ұжымдық қауіпсіздік келісім-шарты ұйымындағы (ОДКБ) келісімдерге сәйкес Минскіге көмектесуге дайын екені хабарланды.

Бұған қатысты қазақстандық коммунист Косырев ресей әскерін Беларусь жеріне жеткізбей мәселені шешу керек дейді.

Фото: today.kz

Байланысты жаналықтар

Дәурен Абаев қызметінен кетті

25.04.2024

Байден Украинаға 61 миллиард долларлық көмек беретін заңға қол қойды

25.04.2024

«Дүрбелең тудырып байбалам салады»: Президент блогерлерге ескерту жасады

25.04.2024

Әлемнің әр түкпірінде түрлі экстремистік күштердің белсенділігі артып келе жатыр – Тоқаев

25.04.2024

Президент мемлекет қаржысы қатаң үнемделетінін айтты

25.04.2024

Тоқаев KIA корпорациясының президентін қабылдады

23.04.2024
MalimBlocks
Дәурен Абаев қызметінен кетті

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы бас хатшысы Сергей Лебедев Атқару комитетінің ұжымына өзінің жаңа орынбасары – Қазақстан Республикасының өкілі Нұрлан Сейтімовті таныстырды.

Байден Украинаға 61 миллиард долларлық көмек беретін заңға қол қойды

Заңға қол қойған АҚШ президентінің сөзінше, Украинаға арналған көмек бірнеше сағатта межелі жеріне жөнелтіле бастайды. Бұл туралы BBC агенттігі хабарлады. 

«Дүрбелең тудырып байбалам салады»: Президент блогерлерге ескерту жасады

Оның салдары халқымыздың абырой-беделіне нұқсан келтіреді.

Әлемнің әр түкпірінде түрлі экстремистік күштердің белсенділігі артып келе жатыр – Тоқаев

Оның айтуынша, біз жаһандық катаклизм белең алып, түрлі мемлекеттер арасында әскери-саяси, сауда-экономикалық текетірес, тіпті мәдени-гуманитарлық тартыс күшейіп бара жатқанына куә болып отырмыз.

Президент мемлекет қаржысы қатаң үнемделетінін айтты

Тасқынның зардабын жою үшін бюджет шығыстары қысқартылатын болды.

Тоқаев KIA корпорациясының президентін қабылдады

Хо-сунг Сонг Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қостанайдағы автомобиль шығаратын толық циклді зауыт құрылысының барысы туралы мәлімет берді.