Адам өміріне араша түсу - үлкен қайрымдылық

Malim Админ

  • 21.08.2020

Өскемен қаласында  «Донор, өзгеге өмір сыйла» акциясы бастау алды. Бұл қайрымдылық акциясына облыстық қан орталығы өз есігін ашты. Бір ай бойы жүретін бұл шараға кез-келген адам ат салыса алады. Бұл туралы МӘЛІМ КЗ сайтының тілшісі хабарлайды.

Қайрымдылық шарасына жүзден аса әскерилер де өз үлесін қосты. Олар бастапқыда медициналық тексеруден өтіпті.

«Біз Отан қорғаушылар ретінде бұл игі іск еөз үлесімізді қоссақ деп шештік. Көмекке мұқтаж жандарға жәрдем бергеніміз үшін қуаныштымыз. Сондықтан да өзіміздің ат салысуымызбен өзгелерге үлгі көрсетіп отырмыз. Сарбаздар мен сардарлар бейбіт күні де халқына қорған болуы тиіс», - деді 5518 әскери бөлімі командирінің орынбасары Еділжан СЫРЛЫБАЕВ.

Дәрігерлердің айтуынша, елдегі пандемия кезінде адамдардың мейрім мен қамқорлық жасауға ықыласы арта түскен. Биыл донор қатары тіптен көбей түседі деп күтілуде.

«Қайрымдылық акциясы жақсылық жасаудың бастауы ғой. Осындай шаралардан кейін донорлар саны артып жатады. Тек қана облыс орталығы Өскемен қаласынан ғана емес, адамдар алыс аудандардан да келіп жатады», - дейді ШҚО қан орталығының директоры Хайрулла ЖІГІТАЕВ.  

Шығыс Қазақстан облысында донорлар саны 91 пайызға артқан екен. Жиналған қан мұқтаж сырқат жандарға құйылады. Отыз тоғыз жастағы Өскемен қаласының тұрғыны Алексей СТЕПАНОВ биыл алғаш рет донор болғанын айтады.

«Биыл коронавирус індеті бүкіл әлемді қан жылатты. Қаншама отбасы қара жамылды. Пандемия Қазақстанды да айналып өткен жоқ. Біз бірінші байлық денсаулық екенін ет-терімізбен түсіндік. Адам өмірінің қандай қымбат, аяулы екенін түсінгендей болдық. Дәрігерлердің өмір үшін жанталасқанын көрдік. Осыдан кейін мен донор болуға шешім қабылдадым. Қарапайым адамдар да осындай қайрымдылық арқылы отандасының өміріне араша түсе алады ғой. Бұдан асқан қайрымдылық жоқ шығар», - деді өскемендік Алексей Степанов МӘЛІМ КЗ сайтының тілшісіне.

Жанболат САНИЯЗ, Өскемен қаласы

Байланысты жаналықтар

Алматы облысында жол апатынан 3 адам қайтыс болды  

24.03.2024

5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

23.03.2024

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

23.03.2024

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

23.03.2024

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

23.03.2024

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды

23.03.2024
MalimBlocks
Алматы облысында жол апатынан 3 адам қайтыс болды  

5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды