"Вагнер" мүшесі Финляндия шекарасында ұсталды

Финляндияда Ресейдің жеке әскери құрылымы – «Вагнер» тобының бұрынғы жауынгері ұсталды. Бұл туралы 12 шілде күні финдік Yle мемлекеттік медиакорпорациясы мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz DW-ге сілтеме жасап.
Фин шекара қызметі 17 маусымда елдің Ресеймен шекаралас Китеэ қаласының маңында бір ер адамның заңсыз шекарадан өткені туралы хабарлаған. Ол орманды аймақ арқылы шекарадан өтсе де, шекара қоршауы жоқ аумақтан өткен. Кейін ер адам Финляндиядан халықаралық қорғау сұраған.
Ақпарат көздерінің мәліметінше, ер адамның есімі Евгений. Әлеуметтік желілерде оның әскери киіміндегі "Вагнер" тобының жапсырмасы анық көрінеді.
«Медиазона» жариялаған деректерге сәйкес, "Вагнер" жауынгері Жаслан Мустаханов 1992 жылы Ресейдің Омбы қаласында дүниеге келген. Оның алты рет сотталғаны белгілі. 2024 жылдың маусым айында ол тонау қылмысы үшін алты жылға бас бостандығынан айырылған. Алайда оның соғыс алаңына қалай тап болғаны белгісіз күйде қалып отыр.
Қазір Евгений елдегі уақытша ұстау орталығында отыр. Бұған дейін Ресейлік БАҚ оны "үлгілі жауынгер" ретінде көрсетті, алайда Финляндияға келген соң ол Ресей билігін ашық сынға алған. Қазіргі таңда Финляндия билігі оның босқын мәртебесін беру мәселесін қарастырып жатыр.
Фото: Valentin Sprinchak/TASS/dpa/picture alliance


Ең көп оқылған
