2025 жылы экспорт 50 млрд долларға жетпек

Malim Админ

  • 25.08.2020

Экономиканың негізгі көрсеткіштерінің және жетекші салаларының бірі – экспорт екені даусыз. Әрине, өзің өндірсең, оны сыртқа сатсаң, біріншіден, қаншама адамды жұмыспен қамтисың, екіншіден, өзге елдің қаржысын елге алып келіп, айналымға саласың. Алмасаң-бермесең, бармасаң-келмесең болмайтын заманда, бұл кез келген ел үшін үлкен жетістік. Оның үстіне, сенің тауарың өту үшін де мемлекетің сенімді болуға тиіс. Бұл өзге елдермен халықаралық әріптестік деңгейіне де байланысты. Одан бөлек, Қазақстанның қазба байлықтарға, өзге де тұрмыстық шикізаттарға бай екенін ескерсек, халықаралық аренадағы сауда-саттықта еліміз сенімді әріптес бола алады.

Қазақстанда әсіресе соңғы жылдарпы экспорт көлемін ұлғайту туралы жиі айтылып жүр. Алдағы бес жылды бұл көрсеткіш бірнеше есеге өспек. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев айтты. Оның сөзіне қарағанда, коронавирус пандемиясы салдарының тоқтап қалған алыс-беріс қайта жандана бастайды. Және бұрынғыдан мүлде басқа қарқында. Осының арқасында, Қазақстан 2025 жылға дейін экспорт көлемін 50 миллиард АҚШ жолларына дейін өсіреді деп болжанып отыр. Ал, импорт тауарлар қазірдің өзінде бірнеше пайызға қысқарған.

«Осы жылғы 1-ші жартыжылдықта төлем балансының ағымдағы шотының профициті тікелей инвесторларға төленетін кірістердің төмендеуі 3,5 есеге және жыл басындағы мұнайдың салыстырмалы түрде жоғары бағасы мен жеткізілімдері есебінен тіркелді. 2020 жылдың қорытындысы бойынша коронавирус індеті салдарынан төлемге қабілетті сұраныстың төмендеуі және инвестициялық жобаларды іске асыру қарқынының баяулауы аясында 2020 жылы тауарлар импортының 13,1 пайызға қысқару болжамына қарамастан төлем балансының ағымдағы шотының тапшылығы күтіледі», - деді ол.

Төлем балансының ағымдағы шотының тапшылығына әсер ететін бірнеше фактор бар. Соның негізгісі, әрине, коронавирус пандамиясы. Қазақстан ғана емес, әлемдік экономиканың өзі жалпы алғанда 4 пайыздан аса көрсеткішке төмендеді. Одан бөлек, жыл басынан бергі мұнай бағасының құлдырауын да айта кету керек.

Сонда қайтпек керек? Досевтың сөзінше, қазір, яғни, 2020 жылдың екінші жартысынан бастап бірқатар салаларға қайта жан біте бастаған. Соның негізгісі инвестиция тарту мәселесі. Сөз жоқ, шекара жабылып, жұрт тұмшалана бастаған сәттен бастап-ақ инвесторлар мәселесі тоқтап тұрған. Дегенмен, келіссөздер мен жоспар құру, жоба жасау тоқталмаған сыңайлы. Ерболат Досаевтың сөзі осыны меңзейді.

«Импорттың болжамды серпіні импортты алмастырудың белсенді саясатын іске асыруға негізделген. Бұл ретте, 2021 жылы кейінге қалдырылған сұраныс пен 2020 жылы тоқтатып қойғаннан кейін инвестициялық жобаларды іске асыруды жылдамдатудың арқасында импортты қалпына келтіру және оның 8,1 пайызға өсуі күтіледі. Тауарлар экспортының болжамы шикізаттық емес тауарлар экспортының ұлғаюына ықпал етуі ықтимал. Бұл 2025 жылға қарай экспорттың 50 млрд АҚШ долларынан жоғары деңгейге дейін кезең-кезеңімен өсуіне алып келеді. Ұлттық банк Үкіметтің өңдеуші өнеркәсіп экспортын 2025 жылға қарай 42 пайызға ұлғайту жөніндегі жоспарларын қолдайды», - деді Досаев.

 

 

Байланысты жаналықтар

Базалық мөлшерлеме 14,75% деңгейінде қалды – Ұлттық банк

12.04.2024

Доллар мен рубль қанша теңге тұрады?

05.04.2024

WOS техника паркі жаңа автоцистерналармен толықты

03.04.2024

Гүлмира Джумадиллаева Jusan Bank басқарма төрағасы болып тағайындалды

02.04.2024

Тұрғындар азайып кетті: Бектенов моноқалаларды дамыту қажет екенін айтты

02.04.2024

Су тасқынының алдын алуға бөлінген 7 млрд теңге қайда жұмсалды

02.04.2024
MalimBlocks
Базалық мөлшерлеме 14,75% деңгейінде қалды – Ұлттық банк

Ақпанда және наурызда жылдық инфляция төмендеу үрдісін жалғастырды.

Доллар мен рубль қанша теңге тұрады?

5-сәуір күні Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі доллар мен рублдің бағасы қандай?

WOS техника паркі жаңа автоцистерналармен толықты

Гүлмира Джумадиллаева Jusan Bank басқарма төрағасы болып тағайындалды

First Heartland Jusan Bank Акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің отырысында 3 сәуірден бастап Гүлмира Джумадиллаеваны Jusan Bank Басқарма төрағасы етіп сайлау туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Malim.kz.

Тұрғындар азайып кетті: Бектенов моноқалаларды дамыту қажет екенін айтты

Моноқалалардағы халық саны азайып барады. Жұмысссыздықтан, жалақының аздығынан, тұрмыс сапасының төмендігінен қиындық көрген жастар ірі қалаларға қарай ағылып жатыр, деп хабарлайды Malim.kz.

Су тасқынының алдын алуға бөлінген 7 млрд теңге қайда жұмсалды

ТЖМ мәліметтері бойынша, барлық бөлінген қаражат су тасқынына қарсы күреске жұмсалады, деп хабарлайды Malim.kz Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.