31 ТАМЫЗДАН БАСТАП МЕШІТТЕР АШЫЛАДЫ

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен Ведомствоаралық комиссия отырысында бірқатар нысандардың қызметін жеңілдетудің екінші кезеңі мақұлданды.
Ведомствоаралық комиссия елдегі оң жағдайды ескере келе, 31 тамыздан бастап бірқатар нысандардың қызметін қайта бастауға рұқсат берді. Атап айтқанда, діни объектілер, бассейндер, жаттығу залдары, спорт кешендері, мәдениет нысандары, мемлекеттік ұлттық табиғи парктер, қорықтар, резерваттар, сондай-ақ қала маңындағы жолаушылар пойыздары, электр пойыздары, қалааралық, облысішілік автобустар, шағын автобустардың қозғалысына рұқсат беріледі.
«Барлық нысандарға тиісті дайындық актілерін алғаннан кейін ғана жұмысқа кірісуге рұқсат беріледі. Өңірлердің әкімдіктері Денсаулық сақтау министрлігі, «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп, қоғам белсенділерін тарта отырып, енгізілетін нысандардың барлық санитарлық талаптарды қатаң сақтауын қамтамасыз етуі қажет» деп атап өтті Ералы Тоғжанов.
Ведомствоаралық комиссия шешіміне сәйкес 31 тамыздан бастап ҚМДБ-ға қарасты еліміздегі бірқатар мешіттер жекелеген намаз бен құлшылықтар үшін, санитарлық талаптарды сақтай отырыпашылады. Айта кетейік, екі апта бұрын Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы осы мәселеге байланысты құзіретті мекемелерге карантин талаптарын сақтай отырып, мешіттерді қайта ашу туралы ұсыныс берген болатын.

Ең көп оқылған
Шерзат ісі. Қаржаубай Нұрымовтың адвокаты қысым көріп жатқанын айтты
Политика
|
09.07.2025 09:10
2025-07-09 09:10:00
Киевте Қытай тыңшылары тұтқындалды
Политика
|
10.07.2025 08:00
2025-07-10 08:00:00
Айман Мұсақожаеваның Ұлттық өнер академиясына ректор болу үшін 200 мың доллар бергені айтылды
Политика
|
11.07.2025 15:23
2025-07-11 15:23:00
Келесі президент қандай болады? АҚШ бәрін көріп отыр
Политика
|
11.07.2025 11:26
2025-07-11 11:26:00
Мақсат Тәж-Мұрат: Ғашық жүрек
Политика
|
11.07.2025 12:06
2025-07-11 12:06:00
WSJ: Трамп Киевке тағы бір Patriot зениттік зымыран жүйесін бермек
Политика
|
09.07.2025 19:15
2025-07-09 19:15:00
Тоқаев еліміздегі суперкомпьютерді іске қосты
Политика
|
09.07.2025 18:16
2025-07-09 18:16:00
