Бұл қайрымдылық - білімге салынған инвестиция

  • 11.08.2020
  • Malim Админ

Қазақстанда жыл сайын өтетін «Мектепке барар жол» қайрымдылық акциясына «Оқушыны қолда» жобасы қолға алынды. Пандемия кезінде мектепке дайындық жылдағыдан өзгеше. Оқушы атаулығы қашықтықтан оқу үшін компютер қажет. Алайда компьютер, ноутбук, нетбук сатып алу барлық ата-ананың қалтасы көтере бермейді. Мәселен Алматыдағы интернет дүкендерде ноутбук бағасы 459 900 теңгеге дейін шарықтап кеткен.

Алматы қаласында тұратын көпбалалы ана Анаргүл БОЛАТХАНОВА жолдасы екеуі 6 баланы тәрбиелеп жатқанын айтады. Көпбалалы ана наурыз айында төтенше жағдай жарияланып балалар онлайн оқуға көшкенде үш баласына 100 мың теңгеден ұсталған ноутбук алып бергенін айтады. Қазір олардың бағасы шарықтап кетіпті.

«Бұрын тамыз айында балаларға аяқ-киім, мектеп формасы, қағаз қаламын алып әзірленуші едік. Қазір компьютер іздеп сабылып жүрген ата-аналар көп. Олардың бағасы да көтеріліп кетті», - дейді көпбалалы ана Анаргүл БОЛАТХАНОВА.

Анаргүл сынды көпбалалы аналарды қолдау мақсатында осы «Оқушыны қолда» республикалық қайрымдылық акциясы іске қосылып отыр. Бұған Білім және ғылым министрлігі, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы және «Менің Атамекенім» қоғамдық ұйымдары бірігіп дәнекер болып отыр.

Бұл акцияға кез-келген адам ат салыса алады. Ол үшін «Оқушыны қолда» сайты жұмыс істеп тұр. Сайтқа кіріп жәрдеміңізді беруге болады. Жиналған қаражатқа бірінші кезекте мұқтаж жандарға компьютер сатып алынады.

Білім және ғылым министрлігі мектеп оқушыларының әлеуметтік жағдайын анықтайтын мониторинг жүргізіп, компьютерге мұқтаж тәлімгерлердің тізімін жасап қойған.

«Техника бірінші кезекте ата-анасы жоқ жетім балаларға, атаулы әлеуметтік көмек алатын тұрмысы төмен отбасыларға және көпбалалы отбасыларға беріледі», - дейді Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқығын қорғау жөніндегі комитетінің төрағасы Есенғазы ИМАНҒАЛИЕВ.

Жобаны ұйымдастырушылар негізгі мақсат білім алудағы кедергілерді жою дейді. Демек бұл қайрымдылық акция білімге һәм болашаққа салынып жатқан инвестиция деуге де болады. Бұл шарада ауыл оқушылары да сырт қалмақ емес екен.

«Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп, Қазақстан мектептеріне мониторинг жүргізіп, мектеп оқушыларын тегін техникамен қамтамасыз ету кезектілігін анықтауда ескерілетін критерийлерді анықтадық. Бірінші кезекте көмек ата-ананың қарауынсыз қалған жетім балаларға, сондай-ақ әлеуметтік жағдайы төмен отбасындағы балаларға көрсетілетін болады. Сонымен қатар ауылдық мектептерде оқу факторы назарға алынбақ. Нәтижесінде шұғыл қажеттіліктің тізімі жасалды, бизнес өкілдері мен қайырымды жандардың көмегі осы олқылықтың орнын толтырады деп үміттенеміз. Мектеп оқушыларының аталған топтары техникамен қамтамасыз етілген кезде біз оқушылардың  көмекке зәру басқа топтарына назар аударатын боламыз», – деді  «Менің Атамекенім» қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры Ләззат Шыңғысбаева. 

Қазақстанда компьютермен қамтамасыз ету жұмыстары жүріп жатыр. Мектептегі, жергілікті әкімдіктегі бос тұрған компьютерлер оқушыларға беріліп жатыр.

Фото: iagorod.kz

Байланысты жаналықтар

Ертаевпен бірге Сағынтаевтың күйеу баласы да сотталды

17.11.2020

Кімге қамқорлық: дәрігерге ме, бизнеске ме?

07.09.2020

Сәтбаевта "бала зорлады" деген күдікті екі айға қамалды

27.07.2020

28 панфиловшылар саябағының атын ауыстыру керек пе?

08.05.2020

Қазақстан заңсыз мигранттарға қарсы 14 елмен бірлесе күреседі

01.03.2020

Генерал Қасымовтың ұлында қанша компания бар?

15.05.2020