Әкім Әбдіқалықова Олжас Сүлейменовті мақтады

Malim Админ

  • 29.08.2020

29 тамыз – Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы күн. Бұл күнді 2009 жылы БҰҰ белгілеген. Бүгін Қызылордада облыс әкімі Гүлшара ӘБДІҚАЛЫҚОВА, қала басшысы Нұрлыбек НӘЛІБАЕВ бастаған сыр елінің азаматтары Семей ядролық полигонынан зардап шеккендердің рухына тағзым жасады. .

Сондай-ақ, облыстық Невада-Семей қоғамдық бірлестігінің төрағасы Сәбит ӘБІШ, қалалық Невада-Семей қоғамдық бірлестігінің төрағасы Нұрлан МӘДЕЛИЕВ пен «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Болатбек ӘБУОВ, ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік ДҮЙСЕНБАЕВ та бұл шараға қатысып, «Семей атом полигоны 1949-1989 жж.» мемориалына гүл шоқтарын қойды.

«Елбасының Жарлығына сәйкес Семей полигоны жабылған болатын. Бұл полигон талай жұртқа қасірет алып келді. Осы 40 жыл ішінде 467-ден астам ядролық сынақ өткізілді. Бұл сынақтардың әсері әлі күнге дейін сезілуде. Полигон біздің елде алғашқы болып жабылды. Бұл шешім адамзат тарихындағы бұрын-соңды болмаған ядролық сынақтарға алғашқы заңды тыйым ретінде ғана емес, сонымен бірге Халықаралық күнді белгілеу үшін маңызды негіз болды. Семей жеріндегі ядролық сынақтарды тоқтатуды 1989 жылы халқымыздың біртуар ұлдарының бірі Олжас Сүлейменовтің бастамасымен құрылған «Невада-Семей» қозғалысы көтерді. Қаза болған бауырларымызды әрдайым ұмытпаймыз, еске алып, тағзым етеміз», - деді облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова.

Естеріңізге сала кетейік, 1991 жылдың 28 тамызында  экс-президент Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ Жарлығымен полигон сынағы жабылды. 1992 жылдың мамырында оның базасында Курчатов қаласындағы Ұлттық ядролық орталық құрылды. 18 млн гектар жерде болган полигон зардабын жарты миллионан астам халық тартты.

Фото: facebook.com

 

Байланысты жаналықтар

Әкім Қуанышбек Ысқақов 18 миллионға кілем алмақшы

28.02.2020

"Ханның қызы" шаруаларға құлақ аса ма?

21.12.2020

Еш уақытта Алма-Ата болмайды, Олжеке!

21.09.2021

Арал ауданында төтенше жағдай жарияланды

14.07.2021

Ата-аналардың өтінішімен 1-4 сынып оқушылары мектепке барады

27.08.2020

Сапарбаев сатып алған масканы інісі неге кимейді?

19.03.2020
MalimBlocks
Әкім Қуанышбек Ысқақов 18 миллионға кілем алмақшы

"Ханның қызы" шаруаларға құлақ аса ма?

Еш уақытта Алма-Ата болмайды, Олжеке!

АЛАШТЫҢ АРЫ – АЛМАТЫ!

Арал ауданында төтенше жағдай жарияланды

Ата-аналардың өтінішімен 1-4 сынып оқушылары мектепке барады

Сапарбаев сатып алған масканы інісі неге кимейді?