Беларусь митингілерінен кейін Қазақстанда өзгеріс болуы мүмкін

  • 30.08.2020
  • Қанат Тілеухан

Беларусь Қазақстанмен бірге Совет одағынан шыққан мемлекет. Қазір де Кеден және Еуразия экономика одағының құрамындамыз. 9-тамыздан бері Беларусь елінде бейбіт митингілер өтіп жатыр. Оның Қазақстанға әсері қандай болмақ? Осы сауалға саясаттанушы Әзімбай ҒАЛИ жауап берген еді.

«Лукашенконың кемшілігі саяси реформа жасамағанын да ғана емес. Орысшыл. Беларусь тіліне мән бермеді. Халқының 80 пайызы өз ана тілінен безген. Колхоздан ажырамай қойды.  Жеке меншікке оң көзқарас болған жоқ. Мемлекеттік меншіктен халқы шаршады. Еуропада тұрып, ең кедей елге айналды. Қасындағы Балтық елдері озып кетті. Украина да алға шығып кетті-ау», - дейді саясаттанушы Әзімбай Ғали Мәлім кз сайтының тілшісіне.

2020 жылдың 9-тамыз күні Беларусьте президент сайлауы өткен-ді. 26 жыл билікте болған Александр ЛУКАШЕНКОНЫ Орталық сайлау комиссиясы  жеңімпаз деп жариялады. (80,1 %) Алайда, бұған қарсы бейбіт митингілер толастар емес.

2019 жылы Қазасқтанда өткен президенттік сайлауда жеңіске жеткен Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ саяси реформаларды қолға алатынын мәлімдеген еді. Беларусь оқиғасы бізге қалай әсер етпек?

«Беларусьте қазір революция болып жатыр. Президент Тоқаев елдегі саяси истеблишментті ауыстырған соң саяси реформаларды жүргізуді көздеген. Енді Беларусь оқиғасы бізге қандай әсер беретінін білмеймін. Контрреволюциялы эффект беруі де ықтимал. Себебі Беларусь қасында 18 ғасырдан бері барлық революцияны жаншып келе жатқан Ресей тұр. Қазақ билігі саяси реформа жасауы да мүмкін», - дейді саясаттанушы.

Бүгін Беларусь қалаларындағы митингілер  21-ші күнге ұласты. Елдегі сайлауды Еуропа елдері заңды деп мойындаған жоқ. Кеше Еуроодақ Беларусь билігіне қарсы санкция жариялап та үлгерді.

Фото: facebook.com

МАТЕРИАЛДЫ КӨШІРІП БАСУҒА БОЛМАЙДЫ. 

Байланысты жаналықтар

Журналист полицияның жарақаттағанын мәлімдеді

26.10.2020

Мәмин үкіметі сынға ұшырады

10.07.2020

Мұхтар ТАЙЖАН: Кейбір достарым сатып кетті

22.09.2020

Аида Балаева – Ақпарат және қоғамдық даму министрі

04.05.2020

Коронавирустан аман қалған А.Баталов індеттің неден өршіп жатқанын түсініпті

18.07.2020

Тәжірибесіз Әлтаев "Nur Otan" партиясынан шығарылды

02.12.2020