22 жасында Мәдениет министрінің бірінші орынбасары болды

Malim Админ

  • 03.09.2020

Шешенстан президенті Рамазан Қадыровтың қызы Айшат Қадырова мәдениет министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды. Бұл хабарды Шешенстанның Мәдениет министрі Хож-Бауди Дааев инстаграм парақшасына жазды. Министрдің орынбасары болған Қадырова бұған дейін Шешенстандағы Firdaws атты компанияға (ким-кешек шеберханасы) жетекшілік еткен. Негізінен мұсылман әйелдеріне арналған киім-кешек жобалау және тігумен айналысатын шеберхананың негізін Рамазан Қадыровтың жұбайы 2009 жылы қалаған. Шешен бренді саналатын Firdaws бір жыл бұрын Париж, Мәскеу және Дубай қалаларында өткен сән (мода) көрмелеріне қатысқан болатын. Айшат Қадырованың есімі әкесімен бірге АҚШ-тың санкция тізіміне енген.

Шешенстанның Мәдениет министрі Хож-Бауди Дааев: «Мен үшін, мәдениет саласының барлық қызметкерлері үшін бұл тағайындау – құрмет пен мақтаныш. Айшат Рамзанқызы жас болғанына қаармай ерте кезден біздің елдің мәдени-шығармашылық өміріне белсене араласып келеді» деп жазды инстаграм парақшасына.