Рамзан Кадыров Путиннен өзін қызметтен босатуды сұрады

Арман Қайыпхан

  • 06.05.2025

Рамзан Кадыров Ресей Президенті Владимир Путиннен өзін Шешенстан басшысы қызметінен босатуды сұрады, деп хабарлайды Malim.kz Chechnyatoday сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы Кадыровтың өзі мәлімдеді.

“Мен де осыған қатысты түрлі әңгімелерді естіп жүрмін. Әркім әртүрлі жазып жатыр. Мен, керісінше, өзімді қызметтен босатуды сұрап отырмын. Басқа адамның өз бастамалары, өз көзқарасы болады. Менің өтінішімді қолдайды деп үміттенемін”, – деді ол “Чечня Сегодня” басылымына берген сұхбатында.

Кремль әзірге бұл мәлімдемеге қатысты пікір білдірмеді. Дегенмен Кадыров кейінірек өзінің тек өтініш білдіре алатынын, шешімді тек Президент қабылдайтынын нақтылап өтті.

Айта кетейік, Рамзан Кадыров 2007 жылдың 5 сәуірінен бері Шешенстанды басқарып келеді. Бұл – қазіргі Ресей аймақтары басшылары арасындағы ең ұзақ мерзім. 2021 жылғы қыркүйекте өткен соңғы сайлауда ол ресми дерекке сәйкес, 99,7 пайыз дауыс жинаған. Қазіргі өкілеттік мерзімі 2026 жылға дейін жалғасуы тиіс.

Фото: vk.com/ramzan

Байланысты жаналықтар

"Украинаға жұмыс істейді". Ресейде әйел курткасы үшін "экстремизм" күдігімен ұсталды

12.05.2025

Кремль Украинадағы соғысты тоқтату туралы талаптарды "ультиматум" деп атады

12.05.2025

Зеленский Ыстамбұлға барады - БАҚ

12.05.2025

Трамп: Украина Ыстамбұлдағы кездесуге бірден келісуі керек

11.05.2025

Ердоған Путиннің ұсынысын қолдады

11.05.2025

Ресей СІМ: Алдымен Стамбулдағы келіссөздер, содан кейін ғана бітім туралы талқылаулар

11.05.2025
MalimBlocks