«Ашық жүрек» жобасы волонтерлердің басын қосады

Malim Админ

  • 04.09.2020

«Волонтерлік жұмыс – ерекше табандылық пен үлкен жауапкершіліктің жарқын үлгісі!». Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пандемия кезінде отандастардың өмірі мен денсаулығын қорғау бойынша қазақстандықтардың бірігуін осылай бағалады. Қазақстан халқына Жолдауында Президент осы қиын уақытта бір-біріне көмек қолын созудың қаншалықты маңызды екенін еске қадап айтты. «Әр қазақ – менің жалғызым» деген ұстаным әр қазақ баласының жүрегінде болуы тиіс ұстаным.

Өз Жолдауында Қасым-Жомарт Тоқаев: «Біз азаматтардың өмірін және денсаулығын қорғау үшін бар күш-жігерімізді біріктірдік. Осындай сын сағатта ынтымағы жарасқан халқымыз жұдырықтай жұмылды. Осы қиын сәтте біздің тату халқымыз бірікті. Індетпен күрес дана халқымызға тән асыл қасиеттердің арқасында жүзеге асты. Өзгеге қол ұшын созып, тілеулес болу, тосыннан келген кеселге қарсы тұру маңызды екені анық байқалды. Дәрігерлерге, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, әскери қызметшілерге, еріктілерге, кәсіпкерлерге және осындай шақта бей-жай қалмаған барша азаматтарға шын жүректен алғыс айтамын. Сіздер айрықша табандылықтың және зор жауапкершіліктің жарқын үлгісін көрсеттіңіздер. Бұл Отанға деген шынайы сүйіспеншіліктің көрінісі деп санаймын», - деген болатын.

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Ашық жүрек» әлеуметтік жобасын таныстырылды. Қазіргі уақытта еліміздегі волонтерлік қозғалыс мемлекет тарапынан айтарлықтай қолдауға ие болып отыр. Бұл әлеуметтік жоба мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылды «Волонтер жылы» деп жариялау жөніндегі бастамасына орай басталып отыр.

Бұл жоба ұйымдастырушылардың сөзіне қарағанда мемлекет пен үкіметтік емес сектор тарапынан көрсетілген қолдау жинақталған тәжірибені таратуға және барлық волонтерлік қозғалыстың алдында тұрған маңызды міндеттерді шешу үшін қолда бар өңірлік ресурстарды біріктіруге мүмкіндік береді.


«Ашық жүрек» жобасы Азаматтық бастамалар орталығының, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен осы тәжірибені бүкіл елге таратуға және кеңейтуге жол ашады. Біз әр өңірде өз саласында жұмыс істейтін, өз өңірімізді көркейтетін, мұқтаж отандастарымызға, нақты учаскелерімізде көмек көрсететін пікірлес топтардың құрылғанын қалаймыз», – деді А.Ерниязова.


Волонтерлер жылы аяқталған кезде волонтерлік ешқайда кетпейді, әлеуметтік жобаның жұмысы үзілмейді, жалғасын табады. Өйткені Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, «патриот – ол волонтер». Кез келген уақытта ел үшін қол ұшын созуға дайын тұратын азаматтардың белсенділігі, ерікті қызметі болашақта да жалғаса беретіні сөзсіз.

Елбасының бастамасымен Birgemiz қорының қолдауымен 550 мыңнан астам отбасы бірреттік қаржылай көмек алған екен. Қозғалыс белсенділерінің арасында қазақстандық еріктілер лигасының мүшелері де болды. Олар жеткен жетістіктерімен тоқталмайды. «Ашық жүрек» жобасы барлық ниет білдірушілер үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Біздің миссиямыз әлеуметтік белсенділік, волонтерлік қызметті таныту, қоғамдық-мәдени дамудың идеялары мен қағидаттарын танымал ету, оларды адами қасиеттермен таныстыру арқылы дамыту. Біз қатарымызға 20 000 волонтерді, қайырымды азаматтарды қосуды мақсат етіп қойдық», - деп Қазақстан волонтерлері лигасының үйлестіру кеңесінің мүшесі Азиз Кажденбек.

Ауқымды жұмыс аясында 17 өңірде жаңа үйлестіру орталықтары ашылады. Әрбір облыс пен республикалық маңызы бар қалада «Birgemiz» жалпыұлттық тұжырымдамасы аясында 7 бағыт бойынша жобалар ұйымдастырылмақ. Ай сайын еліміздегі ең үздік 17 волонтер таңдалады.

«Бүгін біз шағын гранттар байқауын бастаймыз. Олардың жалпы саны - 107. Гранттар сомасы 300 мың теңгеден басталады. Конкурсқа жеке тұлғалар, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдар қатыса алады. Тек liga.org.kz платформасында тіркелу қажет. Толығырақ әлеуметтік желілердегі Еріктілер лигасының беттерінде де қолжетімді болады», - деді Азиз Кажданбек.

«Біз әрқайсыңызды волонтерлер қатарына қосылуға үндейміз. Волонтерлік еткен жақсы! Маңызды! Әрі пайдалы!» деп есептейді Қазақстан Волонтерлер лигасының Нұр-Сұлтан қаласындағы директоры Сұлтан Аллабергенов.

Волонтерлік ұйымның елордалық филиалы директорының айтуынша, пандемия жағдайында волонтерлік аса маңызды болды. Елордалық бас волонтер отандық вайнерлер мен блогерлер «Жаса Қазақстан» акциясына белсенді қатысып, көшеде адамдарға медициналық бетперде таратқандарын мысал ретінде келтіріп өтті.

«Олар бір-екі сағат уақыттарын жұмсады. Бұл аз. Бірақ олар қоғамға өз үлестерін қосты. Осылайша олар адамдарға қоғамға қамқор болуға дайын екендіктерін жеткізді. Еліміздің әрбір азаматы солай істеуі керек!»,- дейді Сұлтан Аллабергенов.

Халықты волонтерлікке белсенді қатысуға үндеген Қазақстан волонтерлер лигасының елордалық филиалының директоры еріктілікке жеке де, ұйым құрамында да қатысуға болатындығын айтты. Бұл ретте игі істердің жоба аясында немесе одан тыс жерде жасалуы маңызды емес.

«Ең бастысы, волонтерлік кеңейіп, игі істер азаматтарды біріктіруі тиіс. Пандемия басылып келеді, біз ертеңгі күнге дайын болуымыз керек. Сондықтан баршаңызды жақсы істерді жасауға қатысуға шақырамыз!», - деді С.Аллабергенов.

Еліміздің алдағы жылдарға арналған стратегиялық даму жоспарында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еңбектің аса маңызды екендігін атап өтті. Президент пандемия кезеңінде еңбек еткен отандастардың іс-әрекетін ерлік деп атады.

«Біздің қоғам еңбек құндылықтарына деген көзқарасты өзгертуі керек. Жас буынға еңбекті бағалауды, оны абыройлы және абыройлы емес деп бөлмеуді үйреткеніміз жөн», - деді Президент қазақстандықтарға.

Бұл ретте алғашқылардың бірі болып волонтерлер іске кірісті. Олар өз қатарларын өсіріп, елге пайдалы іс жасамақ.

«Президент өз Жолдауында еңбек құндылығы туралы айтты. Волонтерлік еңбек – осының айқын дәлелі. Біз «беделді» және «беделсіз» деп бөлмейміз. Жастар оңай ақша табу жолына түседі, тез ақша табуды қалайды. Бірақ қазір мұндай уақыт емес. Қазір біз өскелең ұрпаққа беретін іргелі білім, құндылықтар, тәжірибе уақыты. Мені таң қалдыратын өте маңызды бір нәрсе, мен Президентпен толық келісемін, бұл «жауапты мемлекет – жауапты қоғам – жауапты адам» тізбегі. Біздің түсінігіміздегі жауапты адам - патриот. Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, «патриот – ол волонтер». Себебі волонтер өзін ғана емес, айналасындағыларды, елін ойлайды. Зиянын тигізбейді, көмектеседі. Жауапкершілікті мемлекетпен бөліседі және оны басқаға жүктемейді. Сондықтан «Ашық жүрек» сияқты жобалар жауапкершілікті өз мойнына алатын жүйелі жастарды, көшбасшыларды, патриоттарды қолдайтын болады. Біз Жолдауды жүзеге асыруға сөзбен ғана емес, іспен де кірісіп кеттік», - деді Қазақстан Волонтерлер лигасының төрайымы Айсұлу Ерниязова.

Сондай-ақ, спикер Тоқаевтың реформалардың сәтті жүргізілуі бірлікке, патриотизмге және бүкіл қоғамның азаматтық жауапкершілігіне тікелей байланысты екенін айтты.

Байланысты жаналықтар

«Атып тастасаңдар да, көлік тіркейтін ақшам жоқ»

03.03.2020

Волонтерлер лигасы мемлекет басшысының Жолдауын іске асыруға қатысуға үндейді

04.09.2020
MalimBlocks
«Атып тастасаңдар да, көлік тіркейтін ақшам жоқ»

Волонтерлер лигасы мемлекет басшысының Жолдауын іске асыруға қатысуға үндейді