Волонтерлер Тоқаевты президентікке ұсынып жатыр

Олар Тоқаевты волонтерліктің дамуына елеулі үлес қосқан президент деп есептейді.

  • 05.10.2022

 

5 қазанда Астана қаласында өткен Ұлттық волонтерлік желісінің волонтерлік ұйымдарының жиналысында волонтерлер қазіргі уақыттағы Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевты қолдау және оны жаңа мерзімге Президентке үміткер ретінде ұсыну бастамасын көтерді.

Ұлттық волонтерлік желісінің төрағасы Вера Ким волонтерлік ұйымдарға өзінің үндеуінде:

«Осы жылдар ішінде Мемлекет басшысы  еріктілік саласындағы барлық маңызды бастамаларды қолдай отырып, бірнеше рет волонтерлер мен волонтерлік ұйымдардың еңбегін жоғары бағалады және шын жүректен алғысын айтты. Президент волонтерлерге «ізгі ниеті мен таза ар-ожданы бар асыл адамдар» ретінде сенім артады. Бұл шабыттандырмауы мүмкін емес.

Қазақстан Президентіне деген сенім мандатымыз еліміздің көркеюі мен халқымыздың мүддесі үшін бағытталған мемлекеттік бағдарламалар мен ауқымды реформаларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретініне сенімдіміз. 

Біздің Президентіміз волонтерлік қозғалысты қолдайды, ендеше бізде өз Президентімізді қолдайық!» - деді.

Волонтерлік желісінің мүшелері волонтерліктің дамуына президент Қасым-Жомарт Тоқаев елеулі үлес қосты деп есептейді.

«Оның тікелей қолдауы нәтижесінде халықаралық және республикалық деңгейлерде волонтерлік қызметті дамыту бастамалары және бірқатар стратегиялық маңызды құжаттар қабылданды. Президент 2020 жылды Волонтер жылы деп жариялау бастамасын қолдады. Бұл шешім өте маңызды рөл атқарды. Себебі COVID-19 пандемиясымен күресте медицина және өзге де қызметтермен бірдей алдыңғы қатарда волонтерлер де болды. Бұл волонтерлік жобалар үшін гранттарды дамытуға, пандемия кезінде көрсеткен азаматтық белсенділігі үшін «Халық Алғысы» мемлекеттік медалін тағайындау және 5 мыңнан астам қазақстандықтарға табыстауға ықпалын тигізді», -  делінген ұлттық волонтерлік желісі таратқан мәлімдемеде.

Айта кету керек, қазір Қазақстанда 600-ге жуық волонтерлік ұйым бар. Ал, президент Қасым-Жомарт Тоқаев кезектен тыс сайлауды 20 қарашаға белгілеген және өзі де сайлауға түсуге дайын екенін айтқан. Әзірге, ол өз кандидатурасын ұсынған жоқ.

 

Байланысты жаналықтар

Қостанайда Қазақстан мен Ресейдің XIX өңіраралық ынтымақтастық форумы басталды

09.11.2023

Түркі мемлекеттерінің ұйымы бірқатар мәселеге басымдық бермек

03.11.2023

Мектептегі еріктілер: Қолдау – ар-намысты қорлауға ұласпауы керек

31.10.2023

Волонтерлікті қолдау – Қазақстанның негізгі бағыты

23.10.2023

Е.Досаевтың Қ.Тоқаевқа айтқан қауіпсіз жерлерін алматылықтар білмейді

13.10.2023

Назарбаевты мақтағандар енді Тоқаевты мадақтауда

20.07.2023
MalimBlocks
Қостанайда Қазақстан мен Ресейдің XIX өңіраралық ынтымақтастық форумы басталды

Бүгін Қостанайда «Ауыл шаруашылығы – мықты экономиканың негізі» тақырыбында Қазақстан мен Ресейдің XIX өңіраралық ынтымақтастық форумы басталды.

Түркі мемлекеттерінің ұйымы бірқатар мәселеге басымдық бермек

«Түркі әлемі» атты жаңа брендті дәріптеуіміз керек

Мектептегі еріктілер: Қолдау – ар-намысты қорлауға ұласпауы керек

Волонтерлік – жүрегі кең адамдардың айналасына көмек қолын созу мақсатында құрған ерікті одақ. Шетелдерде волонтерлар жұмысы әлдеқашан жолға қойылған. Ал Қазақстанда кейінгі кезде қолға алынса да, азаматтардың волонтер болуға белсенділігі жоғары. Содан шығар, соңғы жылдары ерікті ретінде  еңбек етіп жүрген жандарды жиі кездестіреміз.

Волонтерлікті қолдау – Қазақстанның негізгі бағыты

Е.Досаевтың Қ.Тоқаевқа айтқан қауіпсіз жерлерін алматылықтар білмейді

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болып, жұмысына есеп берді. Атқарылған жұмыстардың ішінде ол  «Алматыда төтенше жағдай кезінде көпшілік жиналатын 545 қауіпсіз орын бар» деп мәлімдепті. 

Назарбаевты мақтағандар енді Тоқаевты мадақтауда

Шығыс Қазақстан облысы Тоқаевты мадақтайтын бейнероликке 5,2 миллион теңге жұмсаған.