Қазақстанның сот жүйесі шпагаттағы Ван Дамм сияқты

  • 08.09.2020
  • Malim Админ

Қазақстанның сот жүйесін прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов шпагатқа отырған Голливуд актері Жан-Клод Ван Даммға теңеді.

«Бізде бәрі керемет деп айта алмаймыз. Жақында өзінің мақаласында Игорь Иванович Рогов біздің сот жүйесін бір аяғымен европалық, бір аяғымен кеңестік жүйеде отырған шпагаттағы Ван Дамм сияқты деді. Сондықтан бүгін жауапкершілік нақты болуы үшін мемлекет басшысы маңызды шешімдерді прокурор қабылдасын деді. Сонда ол жауапкершілікті сезінеді», ­­- деді Ахметжанов журналистерге арналған брифингте.

2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап сот жүйесінде негізгі процессуалдық шешімдерді прокурорлар қабылдайтын болады.

«Қазіргі кезде әркім өз ісімен айналысуы керек. Біз фильтрлерге басымдық береміз. Әр фильтр келесі кезеңге өткенде заңның бұзылмауын қамтамыз ету керек», ­- деді Ахметжанов.

Байланысты жаналықтар

Жээнбеков аяқ асты неге кетті?

15.10.2020

Сын жазғыштарды бақылауға 46 миллион теңге бөлінді

25.05.2020

Қазығұртта «Nur Otan» сайлауалды штабы жұмысын қарқынды бастады

11.12.2020

Ресейдегі митинг: Екі мыңға жуық адам ұсталды

23.01.2021

ЖСДП: Әблязов арандатушы

27.11.2020

Президент әкімшілігінде қысқартулар болады

17.10.2020