Саудагерлер: Әкімдік біздің базарды жауып, өзгелерге тимейді

Жанар Қожанова

  • 09.09.2020

Ақтөбеде әр сенбі мен жексенбі сайын базарлар пандемияға байланысты жабылады. Бүгін осыған қарсы саудагерлер наразылыққа шықты. Сөздерінше қалада демалыс күндері «Арай» базарынан басқа барлық сауда орындары кедергісіз жұмыс жасайды. Карантиннен кейін онсыз да табыссыз қалдық деген жиналғандар билік елді алаламай, ортақ қаулы шығарсын деп отыр.

«Арай» базарының саудагерлері бүгін таң атысымен саудаларын тоқтатып қойып, санитарлық мамандарға деген өкпелерін айтты. Сөздерінше сауда істеп, күн көріп отырған базарлары былай күндері ашық болғанымен, тап сауда қызатын демалыс күндері жабылып қалады .

«Бұлар тек «Арайды»  тас жауып тастайды. Бізге қазір келушілер азайды. Халық тек сенбі мен жексенбі  базар аралап шығады.  Ал біз жабық тұрамыз. Бұл әділетсіздік. Әкімдік бізді сенбі ашу керек. Барлығымен бірдей қылып. Арендамызды қарызға жауып төлеп отырмыз»,  –дейді Бағдагүл ӘБІШЕВА есімді саудагер.

Саудагерлер әкімдік пен тазалық мамандары сауда орындарын алаламай бәріне бір қаулы шығаруды, немесе басқалары сияқты «Арай» базарына да демалыс күндері   сауда жасауға рұқсат беруін сұрайды. Өйткені мойындарындағы несиелерін айтпағанда, ай сайынғы жалдау ақысын да қарызға батып төлеп отырмыз дейді.

«Біздің талабымыз, елмен бірдей болғымыз келеді. Базарларды ашты ма, бізді де ашсын. Карантин ба, карантинге жапсын. Ешқандай бізде притензия жоқ. Ашсын бірдей. Бізді сенбі мен жексенбі  жауып тастады. Барлық жер жұмыс жасап тұр. Тек  біздің «Арай» жабық» – дейді саудагер Айдана ЖАҢАЛЫҚ МӘЛІМ КЗ сайтының тілшісіне.

Алайда тазалық мамандары қаладағы барлық сауда орындарына қатысты шығатын қаулы бір деп отыр. Сөздерінше демалыс күндері сауда үйлері, жабық базарлар мен ойын-сауық орталықтарының қызметі толықтай тоқтатылуы керек.

«Сауда үйлері, сауда желілері, ойын-сауық орталықтары олар демалыс күндері жұмыстарын тоқтату керек. Ал егер олар жұмыс істейтін болса, бізде қалада және облыста құрылған мобилдік топ бар. Солар барып бақылау жасап, тиісті шарасын қолданатын болады», -  деді Ақтөбе облысы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті Ақтөбе қалалық басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жексенбай КНЯЗЕВ.

Санитарлық мамандар демалыс күндері жұмыс жасады деген сауда орындарынан хабарсыз екен. Ол жағын арнайы мобилді топ тексеру керек дейді.  Ал қаулыға құлақ аспаған кәсіпкерлерге 630 000 теңге көлемінде айыппұл салынатын болады.

Фотолар автордікі.

Байланысты жаналықтар

Алматы облысында жол апатынан 3 адам қайтыс болды  

24.03.2024

5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

23.03.2024

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

23.03.2024

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

23.03.2024

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

23.03.2024

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды

23.03.2024
MalimBlocks
Алматы облысында жол апатынан 3 адам қайтыс болды  

5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды