Әлия Назарбаеваның қайырымдылығы жыл мезгілдері сияқты

Malim Админ

  • 14.09.2020

Қоғамдық маңызды бастамалар қоры қамқоршылық кеңесінің төрайымы Әлия НАЗАРБАЕВА жылына төрт рет көмек сұраған жандарға жәрдемдеседі. Бұл туралы Әлия НҰРСҰЛТАНҚЫЗЫ instagram.com парақшасында жазды.

Әлия Назарбаева өзінен күніне жүзден аса хаттар келетінін айтады. Бәріне бірдей жауап беру мүмкін емес дейді.

«Маған күніне жүзден аса хаттар келеді. Өтініштерге жауап қатпағаным үшін адамдар реніштерін де білдірген. Кейбір жандар карточкасының нөмірі мен керек ақшаның соммасын жазып жібереді. Енді бірі жұмысқа орналастыруымды, несиесін жауып беруді сұрайды. Әрине, өмірдің қиын жағдайына түсіп қалғандар да бар. Егер бұл хаттардың барлығын оқитын болсам, тәулік бойы қолымнан телефоным түспес еді», - деп жазды Әлия Назарбаева.

Әлия Нұрсұлтанқызы ашқан Қоғамдық маңызды бастамалар қорының сайты арқылы жеке тұлғалар хабарласса болады. Арнайы менеджерлер ол хаттарды сараптайды екен.

«Біздің қордың негізгі мақсаты – әлеуметтік мәселелерді жүйелі түрде шешу. Кең ауқымдағы акцияларды қолға алу. Медициналық құрылғыларды алып беру, білім беру мекемелері мен педагоктарды қолдау. Ал жеке адамдарға көмекті 22 наурыз мейрамында, 1 маусым балалар күні, 1 қыркүйек білім күні және 16 желтоқсан Тәуелсіздік күні көрсетеміз», - деп жазды қор төрайымы.  

Әлия Назарбаев экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың кенже қызы. Бизнесте талантты, табысты. Қазақстанда  фитнес-клубтар желісі бар. Құрылыспен айналысатын "Элитстрой" компаниясын басқарады және зергерлік бизнесі де бар. Әшекей бұйымдарды тек ішкі нарыққа ғана емес, сыртқы нарыққа да жеткізетін Alsara компаниясын құрды.

Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығының президиумына жетекшілік етеді. Қайырымдылықпен де жиі айналысады. 2018 жылғы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлыққа ие болған. Режиссер Ақан САТАЕВТЫҢ "Анаға апарар жол" толықметрлі көркем фильміне продюсер болған еді.

Фото: caspiannews.com

Байланысты жаналықтар

5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

23.03.2024

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

23.03.2024

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

23.03.2024

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

23.03.2024

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды

23.03.2024

«Көшкін қаупі жоғары»: ТЖМ қазақстандықтарға ескерту жасады

22.03.2024
MalimBlocks
5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды

«Көшкін қаупі жоғары»: ТЖМ қазақстандықтарға ескерту жасады