Жастарға пайдалы бастама

Malim Админ

  • 12.08.2020

Қаңтардан бері «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 23 мыңға жуық алматылық жұмысқа орналасқан. Ақысы төленетін жастар практикасына, қоғамдық жұмыстарға және кәсіптік оқытуға қалай жазылуға болады, соның жолын көрсеткіміз келеді.

Мәселен 720 алматылық жыл басынан бері төленетін жастар практикасына жіберілген. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев халықты жұмыспен қамту, атап айтқанда жастарды жұмысқа орналастыру мәселелерін  шешуге ерекше көңіл бөледі. Бұл алып мегаполис үшін өте маңызды іс. Себебі жастардың жұмыс істеуі қала экономикасына да, тәртібіне де әсер етеді. Жастарға түрлі жұмыс ұсынатын қалада халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыс істейді.  Алматы үлкен қала. Алты үлкен ауданы бар. Әр ауданда Жастар ресурстық орталықтары жұмыс істеп тұр.

Алматыда «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 22 995 адам жұмыс тауып, күн көріп отыр. 13 691 адам уақытша жұмыс орындарына орналасса, 1087 адам әлеуметтік жұмыс орындарынан нәпақа тауып жүр. Қоғамдық жұмыстарға 11 276 адам араласса, жастар тәжірибесіне 720 адам белсене ат салысып жүр.

Бұдан өзге Алматы қаласында 15 599 бос жұмыс орныны бар. Бұл жұмыс орындары үшін де 11 060  хабарландыру берілген. Ол туралы толық ақпарат білу үшін еңбек биржасының  www.enbek.kz. электронды порталына кіріп, оқи аласыз.

Жастар практикасы

«Еңбек» Мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ақысы төленетін жастар практикасының маңызы зор. Бұл өскелең ұрпақты еңбеккке баулиды. Табан ақы, маңдай термен табылған еңбекақаның маңыздылығын сездіреді. Машқар Гумеровтың «Еңбекпен тапқан тиын» ертегісіндегі баланың образы бүгінгі заманда осылай қалыптасады. Нәтижелі жұмыспен қамтып, жаппай кәсіпкерлікті дамытуға үлес қосатын бұл бағдарлама қай қырынан қарасаңыз да пайдалы болып отыр.

Жаңа айтқанымыздай, Жастар ресурстық орталығының бірі Жетісу ауданында  орналасқан. Алматы қаласы, Жетісу ауданы әкімінің орынбасары Бауыржан Бірбаевтың айтуынша, оқуын енді  бітірген жас маман үшін жастар практикасынан өту тәжірибе алудың тамаша мүмкіндігі. Рас. Қазіргі кезде жас оқуын бітірген соң жұмыс іздейді. Ал көп мекемелер жұмыс тәжірибесіне қарап, қызметке алады. Себебі оларға да жұмыс істеп көрген маман қажет. Оны да түсінуге болатындай. Ал жастар практикасы соған таптырмас мүмкіндік.

«Жастар үшін ең пайдалысы ­– олар 6 ай ішінде өз мамандығы бойынша жақсы тәжірибе алады. Егер ол өзінің қабілетін,  білімін жақсы көрсете алса,  болашақта оған сол жерде қалу ұсынысы түсуі   мүмкін»,  ­– деді Бауыржан Бірбаев.

Жастар практикасына соңғы үш жыл ішінде оқуды аяқтаған, дипломы бар, 29 жасқа дейінгі азаматтар қатыса алады.

«Жастар практикасы негізінен соңғы үш жыл ішінде оқуын аяқтаған, дипломы бар, түрлі маман иелеріне арналған. Жалақы 69 мың теңге. Тиісті аударымдарды есепке алғанда,  50 мыңнан астам теңге алады», ­–  деді Бауыржан Бірбаев.

Жастар практикасына қатысу үшін не істеу керек? Алдымен жұмыс іздеуші ретінде тіркелу қажет. Мұндай тіркеуге тұрғылықты жері бойынша халықты жұмыспен қамту орталығында немесе Egov порталы арқылы онлайн режимінде тұруға болады.

«Жастар практикасына орта есеппен 5 адам келеді. Жұмыспен қамту және кеңес беру  процесі,  барлық құжат түгел болған жағдайда 10-20 минут уақытты алады.  Жастар практикасына қатысу үшін жеке куәлік, дипломның көшірмесі, банктен шот және құжат тігетін папка қажет», ­– деді Жұмыспен қамту орталығының жұмыс  іздеушілерді қолдау бөлімінің маманы Айдана Башин.

Халыққа қолайлы болу үшін алты аудандағы жұмыспен қамту орталықтарының адрестерін ұсынамыз.

Наурызбай ауданының тұрғындары үшін-Наурызбай ауданы әкімі аппаратының ғимаратында,  "Шұғыла" ықшамауданы, 347 үй, 2 қабат, 212 кабинет;

Әуезов ауданының тұрғындары үшін - Әуезов ауданы әкімі аппаратының ғимаратында, Алтынсарин даңғылы, 23, 1 қабат, 103 кабинет;

Алатау ауданының тұрғындары үшін- "Almaty Arena" ғимаратында, "Нұркент" ықшамауданы, 24 блок, "Qolday кәсіпкерлік орталығы";

Бостандық ауданының тұрғындары үшін-Бостандық ауданы әкімі аппаратының ғимаратында, Айманов көшесі, 191, 2 қабат, 216 кабинет;

Жетісу ауданының тұрғындары үшін-Жетісу ауданының ХҚКО,  "Құлагер" шағын ауданы, Серіков көшесі, 6 а;

Түрксіб ауданының тұрғындары үшін - Түркісіб ауданы әкімі аппаратының ғимаратында,  Шолохов көшесі 9, 1 қабат, 108  кабинет.

«Колледжді бітіре салысымен маған жұмыспен қамту орталығынан хабарласып, жастар практикасына шақырды. Мен "туристік агент" мамандығы бойынша жұмыс істеп, туризмді дамытқым келеді. Бұрын  басқа жұмыстар істеп көргенмін, алайда мамандығым бойынша істемедім.  Мұндай ресурстық орталықтардың бар болғаны жастарға жақсы. Себебі, енді оқуды бітірген жас маманға жұмыс іздеу, табу  қиынға соғады", ­ ­– дейді Халықаралық қазақ-қытай тіл колледжінің түлегі Алтындана Асанова.

Мемлекеттің бағдарлама арқылы жұмыс тауып отырған жастардың өмірден өз орындарын тапқандары қажет. Бұл мемлекеттің мүддесіндегі іс. Сондықтан жастар оқу бітірсе, оларға тәжірибе жинақтайтын алаң дайын.

Қоғамдық жұмыстар

Халықтың қоғамдық жұмыстарға да ықыласы ерекше. Себебі бұл жұмыс арнайы дипломды қажет етпейді. Кәсіби біліктілікті сұрамайды. Әрі әлеуметтік тұрғыда да өте тиімді.

Қоғамдық жұмыстардың ұзақтығы 12 айдан аспайды. Жалақы мөлшері 2 АЕК (салықтар мен әлеуметтік аударымдарды есепке алғанда 85 000 теңге) құрайды. Бұл бағдарламаға 16 жастан бастап, зейнеткерлік жасқа дейінгі адамдар қатыса алады. Жас шектеу анағұрлым төмен болғандықтан да халықтың көп бөлігі осы бағытқа қызығып отыр. Бұл жерде адамдар отбасымен де жұмыс істей алады.

«Біз мұнда әкеммен келдік. Зейнетке шыққанға дейін әлі уақыт бар, ал ол жұмыссыз. Біз egov-та жиі отырамыз, әкем жұмыссыз ретінде тіркелген. Бізді жұмыспен қамту орталығы  осында шақырды. Қандай құжаттар қажет екенін айтты. Менің әкем бірінші дәрежелі жүргізуші тәжірибесі бар.  Ол автобус паркіне жүргізуші болып орналасуды қалайды.  Біз өз бетімізше жұмыс табуға тырыстық, бірақ бәрі бекер», ­–  деді қала тұрғыны Станислав.

Жұмыспен қамту орталықтары тіркелген азаматтардың өтініштеріне бейжай қарамайды. Барлық өтініш-тілектер қаралады. Оларға жұмыс та ұсынылады. Тек халық өзі қалауын тапса болғаны.

Байланысты жаналықтар

5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

23.03.2024

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

23.03.2024

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

22.03.2024

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

22.03.2024

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды

22.03.2024

«Көшкін қаупі жоғары»: ТЖМ қазақстандықтарға ескерту жасады

22.03.2024
MalimBlocks
5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды

«Көшкін қаупі жоғары»: ТЖМ қазақстандықтарға ескерту жасады