Экс-депутаттың адам атқан ұлы депутат болғысы келеді

Олжас Қасым

  • 19.09.2020

Экс-мәжілісмен Оңалбай АЯШЕВТІҢ ұлы Серік ОҢАЛБАЙ әке жолын қуып депутат болуға ықыласты екен. Түркістан облысына қарасты Жетісай ауданы бойынша «Nur Otan» партиясының ішіндегі іріктеуге қытысатынын мәлімдеп те үлгерді.

Мәселен, осыдан үш күн бұрын фейсбук әлеуметтік желісінде  бәсекелестерімен пікір сайысқа түсейін деп жатқанын хабарлаған.

«Соңғы рет пікірсайысқа Кембридж университетінде қатыстым. Ол кезде жаһандық жылыну тақырыбын талқылаған едік. Қобалжығаным әлі есімде. Өйткені, біріншіден, күрделі мәселе, екіншіден, ағылшын тілінде шешендік танытып, сөз жарыстыруым керек болды. Ал, бүгін партияішілік іріктеуге қатысушылармен пікірсайысқа түсемін. Кембридждегі сайыстан да қатты толқып тұрған сияқтымын. Бірақ бұл жолы ана тілінде сөйлейтін болғандықтан, өзіме деген сенімім басым. Сайлауалды бағдарламам туралы, оған енгізілген мақсат - міндеттер туралы айтамын», - делінген фейсбуктегі жазбада.

Президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫҢ бастамасымен құрылған Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Айгүл ОРЫНБЕК Серік Оңалбайды праймеризге қатыстырмау керек деп есептейді.

2007 жылы депутаттықтан үміткер Серік Оңалбай істі болған еді. Кейін ол қылмыстық іс тоқтатылған.

 «БАҚ-та екі жақ өзара келісіммен іс тоқталғаны жазылыпты. Бірақ біз нақты қалай болғанын білмейміз ғой.  Бұндай азаматтар праймеризге қатыспау керек. «Нұр Отан» біздің көшбасшы партиямыз. Егер бұндай азамат қатысса  партияның беделіне нұқсан келеді. Бұндай адамдар ертең халықтың қамын ойлайды деп айта алмаймын. Сол үшін Бауыржан БАЙБЕК мырза үміткерлердің өмірбаянын мұқият тексеруі керек деп ойлаймын», - деді Айгүл ОРЫНБЕК МӘЛІМ КЗ сайтының тілшісіне.

Естеріңізге сала кетейік,  2007 жылдың қаңтар айында  Серік АЯШЕВ (сол кезде фамилясы солай болған еді) парламенттік үйдің күзетшісі Данияр КАКЕЕВТІ мас күйінде атып жаралаған. Оқ Данияр Какеевтің иығы мен басына тиіп күзетші  ауыр жағдайда ауруханаға түскен-ді.

23 жастағы депутаттың баласы уақытша тергеу абақтысына қамалып, қылмыстық кодекстің 103 бабы бойынша іс қозғалған. Яғни адам денсаулығына қасақана зиян келтірді деген айып тағылған. Артынша бұл бап абайсызда адамның денсаулығына ауыр зақым келтіру жөніндегі 111-бапқа өзгертілді. Әрине, Серік ОҢАЛБАЙҰЛЫНА депутат әкесі келді. Әйтпесе ендігі күні не болар еді.

Оңалбай Аяшев зардап шеккен азаматқа өтемақы ретінде екі бөлмелері пәтер алып беріп, ем-домына ақша берген. Адамға оқ атқан депутаттың баласы да мамандар көмегіне жүгініп, психологиялық сауықтырудан өткен болатын. Оңалбек Аяшев ұлын аралашалап қалғанымен мәжілістегі орнын сақтай алмады. «Nur Otan» фракциясының депутаты мандатын тапсырды. Бірақ партия қатарынан шықпады. Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры болып кетті.

Праймериз ережесі бойынша қатысушы үміткер үш құжат өткізуі тиіс. Сотталмағандығы туралы, наркологиялық және психодиспансерде есепте тұрмайтындығы жөнінде ресми орыннан алынған анықтамалар. Ары қарай үміткердің өту, өтпеуін партия мүшелерінің дауысы арқылы шешіледі. Демек кіші Аяшевтің әке жолын жалғастыру, жалғастырмау жағын Өмірзақ ШҮКЕЕВ бастаған Түркістандағы нұротандықтар шешеді.

Фото: facebook.com 

МАТЕРИАЛДЫ КӨШІРІП БАСУҒА БОЛМАЙДЫ. 

Байланысты жаналықтар

ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің өкілдері Астанаға келді

26.04.2024

Дәурен Абаев қызметінен кетті

25.04.2024

Байден Украинаға 61 миллиард долларлық көмек беретін заңға қол қойды

25.04.2024

«Дүрбелең тудырып байбалам салады»: Президент блогерлерге ескерту жасады

25.04.2024

Әлемнің әр түкпірінде түрлі экстремистік күштердің белсенділігі артып келе жатыр – Тоқаев

25.04.2024

Президент мемлекет қаржысы қатаң үнемделетінін айтты

25.04.2024
MalimBlocks
ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің өкілдері Астанаға келді

Іс-шараға Үндістан, Иран, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан қорғаныс ведомстволарының басшылары қатысады.

Дәурен Абаев қызметінен кетті

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы бас хатшысы Сергей Лебедев Атқару комитетінің ұжымына өзінің жаңа орынбасары – Қазақстан Республикасының өкілі Нұрлан Сейтімовті таныстырды.

Байден Украинаға 61 миллиард долларлық көмек беретін заңға қол қойды

Заңға қол қойған АҚШ президентінің сөзінше, Украинаға арналған көмек бірнеше сағатта межелі жеріне жөнелтіле бастайды. Бұл туралы BBC агенттігі хабарлады. 

«Дүрбелең тудырып байбалам салады»: Президент блогерлерге ескерту жасады

Оның салдары халқымыздың абырой-беделіне нұқсан келтіреді.

Әлемнің әр түкпірінде түрлі экстремистік күштердің белсенділігі артып келе жатыр – Тоқаев

Оның айтуынша, біз жаһандық катаклизм белең алып, түрлі мемлекеттер арасында әскери-саяси, сауда-экономикалық текетірес, тіпті мәдени-гуманитарлық тартыс күшейіп бара жатқанына куә болып отырмыз.

Президент мемлекет қаржысы қатаң үнемделетінін айтты

Тасқынның зардабын жою үшін бюджет шығыстары қысқартылатын болды.