Тоқаевпен көзқарасы сәйкеспейтін "Халық барысы" Сағынтаевтың орынбасары

Malim Админ

  • 21.09.2020

Мақсат Қиқымов Алматы қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

Ол алдында Алматы қаласы Жетісу ауданының әкімі қызметін атқарған.

Мақсат Қиқымов 1986 жылы дүниеге келген. 2006 жылдан 2012 жылдары аралығында банк саласында қызмет еткен.
2012-2015 жылдары Алматы қаласы қаржы басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.
2015 жылдың шілдесінен 2017 жылдың қыркүйегіне дейін Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы қызметін атқарды.
2017 жылдың қыркүйегінен 2018 жылдың шілдесіне дейін Алматы қаласы Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы болды.
2018 жылдың шілдесінен 2019 жылдың шілдесіне дейін Алматы қаласы туризм басқармасының басшысы болды.
2019 жылдың шілде айынан бастап Алматы қаласы Жетісу ауданының әкімі қызметін атқарды.

Естеріңізде болса, Мақсат Қиқымов Алматыда белдесу күр жылы өткен «Халық барысы» турнирінің жеңімпазы атанды. 100 жуық спортшы қатысқан додада Мақсат Қиқымов «Халық барысы» атанып,  10 млн теңге ұтып алған. Сонымен қоса, Мақсат Қиқымов 2015 жылғы «Алматы барысы» турнирінің жеңімпазы. Алматы қазақ күрес федерациясының вице-президенті.

Мақсат Қиқымовтың аты "Көкжайлау" дауы кезінде де көп аталды. Ол уақытта Мақсат Қиқымов Алматы қаласы туризм басқармасының басшысы еді. Алматы маңындағы "Көкжайлауға" курорт салу жобасы 2002 жылдан бері талқыланып келен. Билік басында шатқалда "тау шаңғысы курорты" салынады деп, жобалық-сметалық құжаттарды, техникалық-экономикалық негіздемені курортқа ыңғайлап әзірлеген.

Жобаны жүзеге асыру үшін Іле-Алатау ұлттық-табиғи саябағынан жер алып, оны қалаға берді. Кейін тауда электрподстанция құрылысын бастаған. 2018 жылы қоғамда кәдімгідей шу тудырған "Көкжайлау" шаңғы курортын салуды сол кезде Мақсат Қиқымов қолдаған. 2019 жылы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда екі күндік жұмыс сапарымен келіп, Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған кеңесте бұл дауға біржола нүкте қойған.

"Алматыда тағы бір проблема бар. Ол - "Көкжайлау" тау-шаңғы курортының құрылысы. Осы мәселені қайта-қайта көтермеу үшін бүгін мен осы жобамен айналысуға тыйым саламын. Бұл дегеніміз, қалаға "Көкжайлау" курорты керек емес. Оған қоса, бұл жобаға кәсіби экологтар мен білікті жұртшылық та қарсы", - деген еді Тоқаев.

Байланысты жаналықтар

Тоқаев Астана әуежайында Садыр Жапаровты күтіп алды

18.04.2024

Президент ақбөкендерді атуға тыйым салынатынын мәлімдеді

16.04.2024

Су тасқыны: Президент Қостанай облысының қазіргі ахуалымен танысып жүр

16.04.2024

Тоқаев Үкіметке ірі іс-шараларды өткізбеу жөнінде тапсырма берді

16.04.2024

«Алдағы 10 күн ең қауіпті болады»: Тоқаев су тасқыны туралы айтты

16.04.2024

«Тоқаевты әрдайым қолдаймыз»: Нұрсұлтан Назарбаев қоры мәлімдеме жасады

16.04.2024
MalimBlocks
Тоқаев Астана әуежайында Садыр Жапаровты күтіп алды

Сапар аясында ертең жоғары деңгейде екіжақты келіссөздер жүргізіледі және бірқатар маңызды құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр.

Президент ақбөкендерді атуға тыйым салынатынын мәлімдеді

Бұл туралы Тоқаев Қостанай ауданының тұрғындарымен кездесуінде айтты.

Су тасқыны: Президент Қостанай облысының қазіргі ахуалымен танысып жүр

4 көпірді, 7 жол учаскесін су шайып кеткен, 1414 электр бағанына нұқсан келді.

Тоқаев Үкіметке ірі іс-шараларды өткізбеу жөнінде тапсырма берді

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына жұмсалатын шығын қысқарады.

«Алдағы 10 күн ең қауіпті болады»: Тоқаев су тасқыны туралы айтты

Бірақ біз еліміз бойынша апат салдарын жою шараларын қабылдап жатырмыз.

«Тоқаевты әрдайым қолдаймыз»: Нұрсұлтан Назарбаев қоры мәлімдеме жасады

Қор өкілдері қордың қызметінде саяси да, ақпараттық-манипуляциялық та сипат жоқ екенін атап өтті.