Мирас ақын Қыз Жібек пен Фаризаны шатастырып алған сияқты

  • 24.09.2020
  • Malim Админ

Былтыр Атырауда Фариза Оңғарсынованың 80 жылдығына орай мүшәйра өтті. Мүшәйра өткізу қазір мода .Ұйымдастырушылар үшін оңай әрі тиімді әдіс. Мүшәйраға өлең жазу ақындар үшін мәртебе емес, тек өзін жүлде алсам екен деген оймен алдау немесе алдарқату. Ойлау мен ойлану , сезу мен сезіну басқа ұғым. Жүлдегер өлеңдерді оқып, біртүрлі жабырқап қалдым. Бас жүлде алған Мирас Асанның Фариза ақынға деген құрмет сезімі қалай осы деп ойлап қалдым. Бас жүлде алған Мирас Асан өлеңдерінде де Фаризаны тым биікке көтерем деген ойы болғанмен, сол үдеден шыға алмаған.
«Ай бетіне қарасаң,
Ақжүністей перизат,
Күн бетіне қарасаң,
Күнікейдей пәкизат,
Камзолына қарасаң,
Жағасы құндыз, жібі алтын,
Топысына қарасаң,
Үкісі қалың, түгі алтын». Бұл сұлулықтың символы Қыз Жібектің суреті ме әлде Фаризаның суреті ме ?! Мирас әсірелеймін деп екі апасын шатастырып алған сияқты. Жасы жетпістен асып ,өмірден өткен әйел ақыннан қандай «Ай бетін не Күн бетін» іздейсің?! Салиқалық пен парасаттылық емес пе іздейтінің бұл жастағы адамнан. «Фариза апа, сен жайлы өлең тым қиын» деп Мирастың өзі де мойындапты. Өлеңінің бір жолы бұл. Әрі қарай оқысақ, жаңылпаш сияқтанып кете береді. Сөз жалғау, сөз құрастыру бұл нағыз поэзияның үрдісі емес.
«Сендік шабыт — ақбөкеннің өрісі,
Сендік рух — түннің қызыл бөрісі.
Сендік көкірек — Көкмойнақтың үйірі,
Сендік құшақ — Ергенеқон қонысы.»
Тоқетерін айтқанда, Мирас жырын «Ақынның өмірден өткені де — сән-салтанат» деп аяқтапты. Ақынның өмірден өткені қашан сән-салтанат болып еді? Фаризаны жоғалту бұл әдебиет үшін трагедия емес пе?! Мирас інім мүмкін, Фариза апай өмірден өткенде «самолетпен жан жақтан көп адам келді, асы әр қалада өтті» деп айтқысы келген болар. Бірақ қаза ешқашан сән-салтанат болмайды. Осы өлеңге Бас жүлде беріп отырған жюрилер кімдер десең, Светқали Нұржан мен Оңайгүл Тұржан.

Маржан ЕРШУ

"Шығармашылық лаборатория" кітабынан үзінді.

Байланысты жаналықтар

Дидахмет Әшімханұлы. Құдайсыздар

06.03.2021

Сәкен жеңіске жетті

31.07.2021

Күлкісінен кептерлер үркіп қашқан - Дориан...

12.04.2020

Синдутай Сапкал: Өмірде тап болған қиындықтарға құрметпен қара! ⠀

20.02.2021

Биыл Канн кинофестивалі өтпейді

11.05.2020

Туризмнің дамуына барлық жағдай жасалған

15.05.2021