Өздерінің «Nur Otan» партиясының мүшесі екенін білмейтіндер бар

  • 26.09.2020
  • Бағашар Тұрсынбайұлы

Нұротандықтар жаппай деректері бұрмалаған.

«Nur Otan» партиясының бақылау комитеті партиялықтардың деректерін «Nur Otan» мүшелерінің орталық есепке алу деректер базасындағы ақпаратпен салыстырған. Тексеріс кезінде Нұр-Сұлтан қаласы Алматы аудандық филиалында және Байқоңыр ауданындағы «Азия Центр Снаб» ЖШС-дағы бастауыш ұйымында жаппай бұрмалаушылықтарды анықтаған. Алматы аудандық филиалы 2020 жылғы 23-24 қыркүйекте «Nur Otan»-ның деректер базасында 1221 партия мүшесінің мобильді телефон нөмірлерін ауыстырған. Енгізілген нөмірлердің басқа адамдарға тиесілі боп шыққан. ЖШС қызметкері делініп, қыркүйекте қабылданған БПҰ-ның 3 116 мүшесінің басым бөлігі басқа ұйымдарда, тіпті басқа өңірлерде жұмыс істейді екен. Қоңырау шалғанда олардың көпшілігі өздерінің партия мүшесі екенін білмейтін боп шыққан.

Партияның Алматы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары М.Болысбек праймериз кандидаты ретінде тіркеуден шығарылып, қатаң сөгіс жарияланған. Ал жаңадан қабылданған 3116 мүше партиядан шығып қалған. БПҰ басшысы У.Алиев пен партия мүшесі Д.Пернеев праймеризге кандидаттықтан түсіп қалды.

Осылай еліміздегі бас партияның ішіндегі былық жария боп қалды. Осыған дейін ел ішінде партияға күшпен кіргізіліп жатыр деген ақпарат тараған еді. Партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек 5 қазанға дейін партияға мүше қабылдамаймыз деп мәлімдеген еді.

Байланысты жаналықтар

Патронсыз Қазақстан: 28 миллиардтық зауыт сатылатын болды

31.03.2021

Макс Боқаев ақпанда бостандыққа шығады

28.09.2020

Мәселелер шешу алаңы кеңейеді

24.12.2020

Сағынтаевтың әкімдігі көрермені жоқ шоуға 63 миллион жұмсады

26.11.2020

Өлмесең есімің енді берілмейді

21.04.2020

Цой "Спутник V" үшін Боранбаевқа қанша ақша бөлінетінін айтты

10.02.2021