Тоқаевты тыңдамайтын, халықты естімейтін министрлер

Malim Админ

  • 28.09.2020

Ішкі істер министрі Ерлан ТҰРҒЫМБАЕВ өзінің Facebook парақшасын ашқанын сүйіншілеп, саяси-әлеуметтік, қоғамдық мәселелер көп талқыланатын әлеуметтік желіге алғашқы жазбасын жазды.

«Бүгіннен бастап мен әлеуметтік желіге қосылдым. Бұл қадам – ішкі істер органдарын реформалауда қажетті құралға және полиция мен қарапайым азаматтар арасындағы «алтын көпірге» айналатынына сенімім мол. Қылмыспен күрес, адамдардың тыныштығын күзету оңай емес. Біздің басты міндет -  халықтың сенімі! Сондықтан әлеуметтік желідегі тиімді байланыс арқылы сол көрсеткішті одан сайын жақсартамыз деген үміттемін», - деп жазды ол.

Тоқаев президент болып сайлана сала қолға алған «еститін мемлекет» бастамасының бір шарты – осы мемлекеттік қызметкерлердің әлеуметтік желіден парақша ашып, халықпен кері байланыс орнату болатын. Арада бір жылдан аса уақыт өткенде Тұрғымбаевтың мұнысы несі, әлде, жақында президенттің қабылдауына кірген министр осы тұрғыда ескерту алды ма екен дегенбіз. Сөйтсек, Тұрғымбаев қана емес, басқа да министрлер түгелге жуық әлеуметтік желіге тіркелмепті. Malim.kz сайты Facebook әлеуметтік желісіне тіркелген министрлер мен тіркелмеген минситрлердің тізімін жасап көрді.

Тізімді Facebook-та ғана емес, Instagram-да да белсенділік танытып жүрген Аида БАЛАЕВАДАН (Aida Balayeva) бастауға болады. Ол Тұрғымбаевтың Facebook-қа тіркелгенін өз парақшасында бөлісті. Сірә, үкіметтегі әріптестерінің тіркелгенін, «еститін министр» болғанын асыға күтіп жүрген секілді.

Бұл тарапта белсенді министр ретінде денсаулықсақтау министрі Алексей ЦОЙДЫ (Alexey Tsoy) да атауға болады. Тіпті, оның екі парақшасы бар екен. Бірі – бұрынғы орынбасар министр болып келмей тұрған кездегі парақшасы (маусымнан бері дәрігерлік кеңес беруді тоқтатыпты), екіншісі, министр ретіндегі ресми парақшасы.

Бұдан кейінгі белсенді қолданушы министр – Білім және ғылым министрі Асхат АЙМАҒАМБЕТОВ (Askhat Aimagambetov). Оның аптасына 1-2 жазба жазуға тырысатынын, әсіресе, оқуға байланысты науқандар кезінде белсенділік танытатынын аңғаруға болады.

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты РАЙЫМҚҰЛОВАНЫ (Актоты Раимкулова) да белсенді пайдаланушылардың тізіміне қосуға болады. Министр кейде апта аралатып, кейде апта құрғатпай бір жазба жариялап тұрады.

Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов (Bakhyt Sultanov) салыстырмалы түрде, әр 10 күн сайын бір белсеніп, бір күнде бірнеше жазба қалдырып, парақшасын жандандырып кетеді.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин – белсенді министрлердің тізімін түйіндейді. МУСИН де аптасына бір жазба жазып қойып, «халыққа жақын болу» туралы тапсырманы адал орындап жүр.

Ашқан да, ұмытқан министрлер

Бұдан арғы тізімді Facebook парақшасы бар болғанмен, мүлде пайдаланбайтын немесе соңғы кездері мүлде ештеңе жазбай кеткен министрлермен жалғастыруға болады.

Солардың алғашқысы Біржан НҰРЫМБЕТОВ, ол сәуірде өзін үлкен атаққа шығарған 42 500 оқиғасы кезінде белсенділік таныта бастаған да, артынша 42 500-бен бірге салқын тартыпты. Сәуірден бері тек 30 тамыз күні бас суретін жаңартып, 1,3 мың лайк жинағанын айтпасақ, басқа жаңару көре алмадық.

Қорғаныс минситрі Нұрлан ЕРМЕКБАЕВТЫҢ ресми парақшасы бар. Бірақ, Тоқаевтың бұйрығынан бұрын ашылған. Бірақ, қазір бар деп айтуға келмейді. 2018 жылдың 4 сәуірінен бері жазба жарияламапты. Тоқаевтың Сенат төрағасы кезіндегі бір отырысқа қатысып, сол жерде көтерілген мәселелер туралы есеп беріпті.

Тоқаевты тыңдамайтын, халықты естімейтін министрлер

Халыққа жақын болуды тапсырса да, президенттің сөзін әлі іске асырмай жүрген министрлер:

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт АТАМҚҰЛОВ;

Ауылшаруашылығы министрі Сапархан ОМАРОВ;

Қаржы министрі Ерұлан ЖАМАУБАЕВ;

Төтенше жағдайлар министрі Юрий ИЛЬИН;

Ұлттық экономика министрі Руслан ДӘЛЕНОВ;

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм МЫРЗАҒАЛИЕВ;

Энергетика министрі Нұрлан НОҒАЕВ (бәлкім, әкім кезінде бірінші болып тіркелер еді, Тоқаевтың бұйрығы кейіндеу шықты);

Сыртқы істер министрі Мұхтар ТІЛЕУБЕРДІ.

Әрине, әлеуметтік желіден парақша ашып, аптасына бір жазба қалдыру Маминнің министрлер кабинетін «еститін үкіметке» айналдырып жібермесі анық. Десе де, министрлердің бір жылдан аса уақыт бойы президент тапсырмасына салғырт қарап жүруі нені білдіреді?

Айтпақшы, ашықтық пен кері байланысты дамыта түсу үшін министр Аймағамбетов облыстық білім басқармаларының жеке телефон нөмірін таратқан. Осыған байланысты, Мұғалім мәртебесі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мейіржан ТЕМІРБЕК өз парақшасында:

«Askhat Aimagambetov мырза! Облыстық білім басқармаларының басшыларының нөмірін тараттыңыз. Жақсы. Алдық. "ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ БІЛІМ" топтарын вацаптан ашып қосып қойдық. Рахат! Біз сөйлейміз, олар сөйлемейді? Павлодар мен Түркістан қашып шықты. Сірә ашықтық болған соң бірақ болу керек сияқты. Өзіңіз бен вицелердің нөмірін қоса таратыңыз. Сол кезде әділдік болады. Әйтпесе айғайлағанға оңай, жауапсыз нөмірлер болып қала береді», - деп жазды.

Демек, Тоқаевтың «еститін мемлекет» бастамасында әлеуметтік желілерден парақша ашқан соң, есеп беріп отыра бере ме, жұрттың хат-хабарына жауап бере ме деген мәселе де қаралу керек сияқты.

 

Байланысты жаналықтар

Ресейдегі теракт: Тергеу комитеті "террористердің Украинамен байланысы барына айғақ табылғанын" айтты

29.03.2024

Елшілік Қазақстан азаматтарына Украинаның Одесса және Харьков облыстарынан кетуді ұсынды

29.03.2024

Си Цзиньпин шілдеде Қазақстанға келеді

28.03.2024

Оралов Президент әкімшілігіне оралды

28.03.2024

Мәскеудегі теракті салдарынан қаза тапқандар саны 143 адамға жетті 

28.03.2024

Тоқаев: Қытайдың салған инвестициясының тең жартысы Қазақстанның үлесіне тиесілі

28.03.2024
MalimBlocks
Ресейдегі теракт: Тергеу комитеті "террористердің Украинамен байланысы барына айғақ табылғанын" айтты

Ресейдің Тергеу комитеті Мәскеудегі "Крокус Сити Холл" ғимаратында теракт жасағандардың "Украиналық ұлтшылдармен байланысы барына айғақ табылды" деген мәлімдеме жасады. Олар мұндай ақпаратты лаңкестікке қатысы бар тағы бір күдіктіні ұстағаннан кейін таратқан, деп хабарлайды Malim.kz.

Елшілік Қазақстан азаматтарына Украинаның Одесса және Харьков облыстарынан кетуді ұсынды

Қазақстан Республикасының Украинадағы елшілігі Одесса және Харьков облыстарындағы жағдайдың өзгеруіне және ахуалдың нашарлауына байланысты Қазақстан азаматтарына аталған аймақтардан кетуін ұсынды, деп хабарлайды Malim.kz.

Си Цзиньпин шілдеде Қазақстанға келеді

Бұл туралы Тоқаевтың Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасы Чжао Лэцзимен кездесуінде белгілі болды, деп хабарлайды Malim.kz.

Оралов Президент әкімшілігіне оралды

Бұрынғы Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болып тағайындалды, деп хабарлайды Malim.kz.

Мәскеудегі теракті салдарынан қаза тапқандар саны 143 адамға жетті 

Ресей Төтенше жағдайлар министрлігі «Крокус Сити Холлға» жасалған шабуылда және одан кейін қаза тапқандардың тізімін жаңартты. 27-наурыз түнде таратылған мәліметке сәйкес, қаза тапқандар саны 143 адам болған.

Тоқаев: Қытайдың салған инвестициясының тең жартысы Қазақстанның үлесіне тиесілі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Боао Азия форумының ХХІІІ сессиясына қатысу үшін Халықаралық конференциялар орталығына барды, деп хабарлайды Malim.kz.