Түркістанда ауыл партиясының штабы ашылды

Malim Админ

  • 29.09.2020

Түркістан қаласында «Ауыл» партиясының «Ел аманаты» Жалпыұлттық сауалнама жүргізу бойынша республикалық штабы ашылды. Аталған штаб халық арасында «есіктен есікке дейін» қағидатымен сауалнама толтыру бойынша түсіндіру жұмысын жүргізіп, дәстүрлі сауалнама жүргізу бойынша еліміздің барлық өңірлеріндегі волонтер топтардың жұмысын үйлестіретін болады.

Республикалық штабта сондай-ақ, респонденттер толтырған сауалнамаларға мониторинг жасауды жүзеге асырмақ. «Ел аманаты» еріктілері интернетке қосылмаған шалғай ауылдарды да аралап, халықтың мұң-мұқтажын сауалнамаға қосады. Айта кетейік, бұған дейін «Ауыл» партиясы «Ел аманаты» Жалпыұлттық сауалнама жүргізуді қолға алып, 18 жастан асқан белсенді азаматтардан қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық проблемаларды жинақтау және оларды шешу жолдарын айқындауды мақсат еткен болатын. Сауалнама 23 қыркүйектен бері WhatsApp және Telegram қосымшалары мен Facebook, Instagram әлеуметтік желілері арқылы цифрлық түрде жүргізіліп, оған үш мыңнан аса адам жауап берген. Онда ауыл тұрғындары тарапынан жер, ауыз су мен әлеуметтік мәселелерге қатысты сауалдар мен ұсыныстар көптеп түскен.

«Бұл штабқа республикадан, өңір-өңірден ақпараттар келіп түседі. Ақпараттарды қабылдап, қортындылап, осы жерден сараптамасын Астанаға орталық аппаратқа жіберіп отырамыз. Электронды сауалнамадан бөлек, біз дәстүрлі сауалнама жүргізбекшіміз. Өйткені кейбір тұрғындардың қолында смартфондары жоқ, телефондары жоқ. Сондықтан «Ел аманаты» акциясының сауалнамасын дәстүрлі түрде жүргізуді қолға алып отырмыз», - дейді «Ел аманаты» Жалпыұлттық сауалнамасын жүргізу бойынша Республикалық штабының жетекшісі Асылхан Батыршаев.

Дереккөз: inform.kz

Байланысты жаналықтар

Ресей Қазақстанға гуманитарлық көмек бермек

08.07.2020

Ұлттық қордың ақшасы дұрыс жұмсалып жатыр ма?

22.04.2020

Этномәдени мүшелері  қайырымдылық шарада аянып қалған жоқ

30.04.2021

Сауалнама: Тоқаев Цой мен үкіметті отставкаға жібере ме?

06.04.2021

Алматыда күніне 400 адам ауруханаға түседі

27.07.2021

Жануарлар дүниесін қорғау – азаматтық парыз

22.10.2020
MalimBlocks
Ресей Қазақстанға гуманитарлық көмек бермек

Ұлттық қордың ақшасы дұрыс жұмсалып жатыр ма?

Этномәдени мүшелері  қайырымдылық шарада аянып қалған жоқ

Сауалнама: Тоқаев Цой мен үкіметті отставкаға жібере ме?

Алматыда күніне 400 адам ауруханаға түседі

Жануарлар дүниесін қорғау – азаматтық парыз