ЖОО-лардың білім сапасы бақылауда болады

Malim Админ

  • 30.09.2020

Былтырдан бері көтеріліп, биыл іке аса бастаған, біраз жоғары оқу орындарына өзіндік академиялық білім беру бағытын қалыптастыруға мүмкіндік берген – білім беру сапасы үшін жауапкершілікті ЖОО-лардың өзіне  беру мәселесі әлі де жалғасын табады. Бірақ, мұнда бір нәрсені ескеру керек, бұл жоғары оқу орындары өз алдына бағдарлама жасап алып, қалағанынша білім бере береді дегенді білдірмейді. Ол үкімет тарапынан да, тиісті ведомство тарапынан да, басқа тараптан да бақыланады. Бұл туралы Парламент мәжілісінің төрағасы Нұрлан НЫҒМАТУЛИН мәжілістің жалпы отырысында айтты.

Мәжілістің жалпы отырысында білім беру мәселесі бойынша депутаттық заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды. Бұл депутаттар дайындаған заң жобасы соңғы кездері көптеген өзгерістер болып жатқан білім және ғылым саласындағы білім беруді жетілдіру процесін одан әрі нығайта түсуге, білім берудегі жетістіктерді бақылауға бағытталған. Білім берудегі жетістіктерді сырттай бағалау мен бақылаудың арақатынасы, айырмашылығы сөз болды. Мәжіліс спикері бұл мәселе әлі де қарастырылып барып, жан-жақты ойластырылып шешілуге тиіс. Ол оқу орындарына академиялық және басқарушылық еркіндік берілгенін, әр университет өзінің дипломын беретінін айтты.

- Менің ойымша, бұл сұрақты әлі де қарастыру қажет. Себебі, білім саласы ол - елдің болашағы. Сондықтан, бұл салада барлық жаңалықтар өз уақытында жедел қолға алынып отыр. Мысалы, екі жыл бұрын ғана Заң бойынша жоғары оқу орындарына академиялық және басқарушылық еркіндік берілді. Сонымен бірге, келесі жылдан бастап жеке диплом беру де қолға алынатын болады. Осының барлығы, оқу орындарының заманға сай, еркін, ашық және сапалы жұмыс жасауы үшін жасалып отыр, - деді Нұрлан Нығматулин.

Бұл жерде астын сызып айтатын бір мәселе бар: Әр жоғары оқу орны өзіндік үлгідегі диплом беруі – ЖОО-лар арасындағы бәсекелестікті арттырып, заманға сай, нарықпен жұмыс істей білетін университеттердің қалыптасуына жол ашады дегенмен, әр ЖОО өз алдына би болып, қалағанынша оқу бағдарламасын жасаймын деп жүріп, жылтырақ пен жарнамаға баса мән беріп кетіп, білім сапасын төмендетіп алмай ма? Мәжіліс төрағасы да осы мәселені – 2021 жылдан бастап беріле бастайтын жеке үлгідегі диплом жайын айта келіп, заң жүзінде білім беруде толық дербестік берілетінін, бірақ, мұның оларға үлкен жауапкершілік жүктейтініне тоқталды. Білім беру саласындағы жоғары оқу орындарының дербестігі бұл жеке үлгідегі дипломға мөр басу емес екенін ескеру керек.

«Білім сапасы үшін жауапкершілік жоғары оқу орындарының өздеріне жүктеледі. Әрбір ЖОО өздері берген дипломын бағалай білуі керек.Осыған байланысты жоғары оқу орындарында білім беру жетістіктеріне мониторинг жүргізу қаншалықты орынды деген сұрақ туындайды?Оның үстіне, бұл мониторинг қандай да бір ЖОО-ның білім беру бағдарламаларының сапасы туралы ешқандай түсінік бермейді.Тағы бір айта кететін жағдай, білім беру қызметін бақылау керек. Енді университеттер бақылаусыз қалуы мүмкін деген жалған пікір қалыптаспауы керек»,  - деді Н.Нығматулин.

Демек, дербестік беріледі дегенмен, оны сырттай бақылау, мониторинг жүргізу күшейтіледі. Иә, өйткені, білім беру ісі қай кезде де өзекті болып қала береді. Мәжіліс спикерінің айтуынша, жоғары оқу орындарын бақылау Кәсіпкерлік кодекске сәйкес жүзеге асырылмақ. Бұл жерде Білім министрлігі Бас прокуратураның Құқықтық статистика арқылы бақылау жасауға құқылы. Одан бөлек, нарық субъектісі есептелетін жоғары оқу орындарына уәкілетті орган ретінде білім беру қызметін талдап, баға беріп отырады. Нұрлан Нығматулиннің айтуынша, Енді бұл заң жобасының екінші оқылымы осыған баса назар аударатын болады.

Байланысты жаналықтар

Қазақ әдебиетіне үш роман қосылды

18.04.2024

Кітап-ең үлкен қазына

12.04.2024

«ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап»

11.04.2024

«Фараби әлемі» халықаралық ғылыми конференциясы мәресіне жетті

07.04.2024

Мәскеуде Кемел Тоқаевтың өмірі жайлы кітап шықты

05.04.2024

Бүгін әйгілі академик Өмірзақ Айтбаевтың туған күні

05.04.2024
MalimBlocks
Қазақ әдебиетіне үш роман қосылды

Жазушылар «жоба – елдегі әдеби процеске серпін берген бастама» дейді.

Кітап-ең үлкен қазына

Қазіргі таңда өмірімізде ғаламтордың алатын маңызы зор екені белгілі. Дегенмен, осы уақытқа дейін бүкіл адамзат жинаған білімнің негізі кітапта екені дау тудырмайды.

«ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап»

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 2012 жылдың басында жастарға, қоғамға ой салатын «ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап» деп аталатын жобаны бастаған болатын. Студенттер үшін тиімді, кітап оқудың жеңіл түрін ұсынған алғашқы бастама.

«Фараби әлемі» халықаралық ғылыми конференциясы мәресіне жетті

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде студенттер мен жас ғалымдардың «Фараби әлемі» атты халықаралық ғылыми конференциясы өтті.

Мәскеуде Кемел Тоқаевтың өмірі жайлы кітап шықты

Ол – қазақ тілінде алғаш детектив жанрында қалам тербеген санаулы жазушының бірі.

Бүгін әйгілі академик Өмірзақ Айтбаевтың туған күні

87 жыл бұрын (1936-2020) – Қазақстанның тіл ғылымы саласындағы әйгілі академик Өмірзақ АЙТБАЕВ дүниеге келді, деп хабарлайды Malim.kz.