Қазақстандық ЖОО-лар берген диплом шетелде де жарамды

Malim Админ

  • 17.09.2020

Бір нәрсе анық, шетелде оқыған қандай маман болсын, Қазақстанда қадірлі болады. Әрине, шетелде оқығандардың бәрі керемет маман болып кетпейтін шығар, бірақ, шетелде оқу бітілген деген анықтаманың өзі, қолындағы дипломы, сертификаты жұмысқа орналасуда, жеке ізденістерінде көптеген мүмкіндіктерге жол ашады. Дегенмен, осыған екінші қырынан, қарама-қарсы мағынада қарап көрдік пе? Қазақстан да өзгелер үшін шет ел есептеледі ғой. Қазақстанға да шетелден келіп оқып жатады, аранйы гранттар ұтып алатындары бар, оның сыртында ақылы бөлімде оқитын студенттерді де жиі көріп қаламыз. Демек, Қазақстан жоғары оқу орындарына шетелдерде де сұраныс бар деген сөз ғой бұл. Әйтсе де, қазақстандық университеттердің барлығы шетелде сұранысқа ие ме? Олар берген диплом өзге елдерде қаншалықты жарамды деген мәселені көп ойлап көрмеппіз.

Мұның тағы бір қыры бар. Қазақстанда оқыған қазақстандық маман қолына алған дипломымен шетелде жұмыс істей ала ма? Иә, көріп те жүрміз, жаратуға болады. Бірақ, оның өзіндік қиындықтары да жоқ емес. Алдымен Қазақстанда оқиды, сосын, шетелге жұмысқа орналасу үшін арнайы курстан өтуге тура келеді. Бұл енді көп жағдайда кездесетін кедергі. Әлбетте, бұл бұрынғы дипломдар шетелде жарамсыз дегенді білдірмесе керек, тек, кейбір универсиеттердің әлемдік стандарттарға сай келмейтіні айтпаса да түсінікті. Енді бұл жағдайдың жөні табылған сияқты. Білім және ғылым министрлігінің хабарлауынша, келесі жылдан бастап жаңартылған қосымшалары бар дипломдар беріле бастайды.

Келесі жылы әр университет жеке үлгідегі дипломдар бере бастайтыны белгілі. Жаңартылған қосымшалары бар диплом деген осы ма, әлде, бұл басқа қосымша ма? Және оның ерекшелігі не, қандай әжетке жарайды? Сараптап көрсек.

Білім және ғылым министрлігінің мәліметіне сүйенсек, 2021 қазақстандық жоғары оқу орындарының дипломдары Еуропа елдерінде жарамды бола бастайды. Жоғарыда аталған қосымшада еліміздің жоғары оқу орындарында алған білімінің еуропалық біліктілік стандартына сәйкес оқытылғаны мәндетті түрде көрсетілмек. Бұл, әрине, оқу бітірген түлекке үлкен мүмкіндік береді. Шетелге барып жұмыс істецймін, тәжірибемді арттырамын деген Қазақстан азаматтарына да, шетелден келіп оқитын өзге ел азаматтарына да үлкен мүмкіндік бұл.

Бұған қалай қол жеткіздік?

Болон процесі хатшылығы Қазақстан Республикасының Жоғары білім беру ұлттық біліктілік шеңберінің өздігінен сертификаттау бойынша есебін қабылдады. Осының нәтижесінде, Қазақстанда берілген дипломдар Еуропаның кез келген елінде жарамды болмақ. Бұл, әлбетте, алдымен қазақстандықтар үшін тиімді. Қазақстандық студенттер үшін ғана емес, былтырдан бері дербес басқасру мен академиялық білім беруге көшкен жоғары оқу орындары үшін де. Өйткені, бұл жетістік ең алдымен шетелден студенттер тартуға көп әсер етеді. Нарықтық субъект ретінде жұмыс істеп жатқан университеттерге бұл қосымша табыс көзі ғана емес, жарнама тұрғысында да үлкен қолдау.

Білім және ғылым министрлігі ведомствоаралық жұмыс тобын құрып, өзін өзі сертификаттау бойынша есеп дайындап, Болон процесі хатшылығына ұсынылған. Білім және ғылым министрінің бұйрығымен құрылған жұмыс тобында ҚР БҒМ, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, «Атамекен» ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы, салалық қауымдастықтар және қазақстандық жоғары оқу орындарының өкілдері жұмыс атқарды. Нәтижесінде, қазақстандық жоғары оқу орындарының білім беру стандарты Еуропалық жоғары білім беру кеңістігімен сәйкес келетіні анықталды.

1999 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан Болон процесі еңбек нарығында еуропалық жоғары білімдегі бәсекелестікті дамыту, жоғары білімнің ұлттық жүйелерін үйлестіру мақсатында жұмыс істейді. Демек, Қазақстанның ұлттық білім беру жүйесі өзгелерді де қызықтырады деген сөз.

Байланысты жаналықтар

Түркістан-Самарқан бағытында әуе рейсі ашылды

24.03.2024

Наурызнама: Бүгін - Тазару күні

23.03.2024

Туризм министрлігі мен Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясы меморандумға қол қойды

22.03.2024

Наурыз-2024: Астанада бір тоннадан астам палау әзірленді

22.03.2024

Алматыда Наурыз мейрамы қалай өтіп жатыр

22.03.2024

Наурызнама: 22 наурыз – жыл басы

22.03.2024
MalimBlocks
Түркістан-Самарқан бағытында әуе рейсі ашылды

Наурызнама: Бүгін - Тазару күні

Туризм министрлігі мен Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясы меморандумға қол қойды

Наурыз-2024: Астанада бір тоннадан астам палау әзірленді

Алматыда Наурыз мейрамы қалай өтіп жатыр

Наурызнама: 22 наурыз – жыл басы