Тұңғыш президенттің қызы қатты ауырып жатыр

  • 23.10.2020
  • Malim Админ

«Мемлекет мүлкін жымқырды», «салық төлеуден жалтарды» және басқа да қаржы жымқыру туралы қылмыстарға қатысы бар деп, түрмеге қамалған Өзбекстанның тұңғыш президенті Ислам КАРИМОВТЫҢ қызы Гүлнара КАРИМОВА түрмеде қатты ауырып жатыр. Бұл туралы Азаттық радиосының Өзбек қызметі хабарлаған.

Каримованың денсаулығының сыр бергені туралы оның қызы Иман КАРИМОВА Инстаграм парақшасында жазған. Оның жазуынша, Гүлнара Каримова пневмониямен ауырып, колонияның санитарлық бөлімінде жатыр.

"Оған медициналық көмек көрсетпейді, коронавирус тестінен өтуге рұқсат бермейді, емдеу үшін дәрі-дәрмек, аппараттар беруге де тыйым салынған. Бұл қазіргі президент Шавкат МИРЗИЯЕВТЫҢ саяси қарсыласы, бұрынғы презиенттің қызынан құтылу амалы", деп жазды кіші Каримова.

Каримова 2020 жылдың көктемінде 13 жыл 4 айға сотталған. Бұрынғы президенттің қызы 48 жаста.

Байланысты жаналықтар

Расул Жұмалы: Әдетте Exit Poll ресми есептерден қатты алшақтамайды

11.01.2021

Манхэттенді басып алған қазақ байлары кімдер?

07.01.2021

Өзбек-Әзірбайжан ынтымақтастығы: Ташкент Таулы Қарабаққа сый жасамақ

12.04.2021

Жаңа заң: Митингіде күш қолдануға болмайды

27.04.2020

Экс-әкім Бақауов қай президенттен кешірім сұрайды?

26.05.2020

Бергей Рысқалиевтің ұлының Ұлыбританиядағы бизнесі

15.03.2021