Досановқа жауап: Назарбаев тапсырмасы орындалмаған

Malim Админ

  • 19.02.2020

Бүгін Алматы қаласының әкімі тұрғындармен кездесіп, есеп беріп жатыр. Қала тұрғындары өздерін алаңдатқан сауалдарына тиісті жауаптарын алуда. Сұрақ қоюшылардың арасында Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, жазушы, Назарбаевтар әулетінің құдасы Сәбит Досанов та болды.

Сәбит Досанов алдымен халықтың Сағынтаевқа риза екенін айтты. Екінші «әл-Фарабиден бастап Нұрлан Оразалин, Дулат Исабековтердің (ақын-жазушылардың – М) сөзін көшегі іліп қойса дұрыс болар еді, ұрпаққа үлгі» деді. Үшінші айтқаны сұрақ болды: Қаладағы кептеліс қалай шешіледі? Алматының экологиясына зиян келтіріп жатқан түтіннен қалай құтыламыз, газдандыру жұмысы жүре ме?

Бақытжан Сағынтаев бірден жауап берді.

«Түтіннен қалай құтыламыз деген сауал – жалпы қала тұрғындарының алаңы. Бұл сұраққа көп назар аудардық. Әкім боп тағайындалып, Алматыға келе жатқанда осындағы жолдастарымнан қала тұрғындарын не алаңдатады екен деп сұрадым. Олар маған халыққа қойылған сауалнаманың нәтижесін бердім. Сонда көзім жеткен қала тұрғындарының алпыс пайызын экология мәселесі алаңдатады екен. Сол күннен бастап осы мәселеге жіті назар салдым. Әкім боп келгеннен кейін, екінші күні-ақ  ЖЭС-2-нің жұмысымен таныстым.  Оны газға көшіруге бола ма деген сауалды да қойдым. Білесіздер, ондағы қазандықтар жердің астында орналасқан.

«Самұрық-Қазына», «Самұрық-Энерго» компанияларымен сөйлестік. 2017 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Алматыға келіп, кеңес өткізгенде, осы мәселені айтып, ЖЭС-2-ні газға көшіруге тапсырма берген екен. Бірақ «Самұрық-Энерго» компаниясы жұмыстың алғашқы қадамдарын жасағанмен, ЖЭС-2-ні газға әлі көшірген жоқ. Олардың айтуынша, қалаға газ келсе, тариф қымбаттайды екен. «Оған халық дайын ба?» дейді. Қазір қалада жолақасы – 80 теңге. Басқа дүниелер қымбаттаса да, біз тұрғындарымызға бюджеттен ақша бөліп, осындай жағдай жасадық. Керек болса, газ мәселесіне де осындай жағдай жасауға дайынбыз. «Ол біздің шаруамыз, газдандыру жұмысын бастайық» дедім.

Кептеліс мәселесі де көп айтылған, шешу жолдары көп қарастырылған тақырып.  Қазір ЖЭС-2 жөнінде мәселені нақты білеміз. Енді кептеліс мәселесін де солай анық шешіп алуымыз керек. Қазір Мәскеуден мамандар шақырып, кептелісті шешуді ойластырып жатырмыз. Бұл бір күннің шаруасы емес. Оған ақылдасуымыз керек», – деді әкім.

Коллаж: malim.kz

КӨШІРІП БАСУҒА БОЛМАЙДЫ!

Байланысты жаналықтар

Полиция кәсіпкер Бақыт Ибрагимнің қайтыс болғанын растады

16.03.2024

Тоқаев «Самұрық-Қазына» төрағасын қабылдады

14.03.2024

Қаңтар оқиғасы: ҰҚК экс-қызметкері Самат Әбіштен бұйрық алған

18.09.2023

Алматы әкімдігі жемқорлыққа жол беріп отыр ма?

21.08.2023

Назарбаевтың немере інісі Ахметжан Есімовтің заңсыз істері анықталуда

16.08.2023

Назарбаевты мақтағандар енді Тоқаевты мадақтауда

20.07.2023
MalimBlocks
Полиция кәсіпкер Бақыт Ибрагимнің қайтыс болғанын растады

«Өзін-өзі өлтіруге итермелеу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Тоқаев «Самұрық-Қазына» төрағасын қабылдады

Қордың былтыр атқарған жұмыстарының қорытындысы баяндалды.

Қаңтар оқиғасы: ҰҚК экс-қызметкері Самат Әбіштен бұйрық алған

Жауаптардың құпия болуы Самат Әбішті жасырып қалу үшін жасалған

Алматы әкімдігі жемқорлыққа жол беріп отыр ма?

Алматы қаласы әкімдігі 20 модульдік типтегі әжетхана орнату үшін бюджеттен 160 млн теңгеге жуық қаржы жұмсаған. Яғни әжетхананың әр данасын 7,9 млн теңгеге сатып алған.

Назарбаевтың немере інісі Ахметжан Есімовтің заңсыз істері анықталуда

Ахметжан Есімов Алматы қаласының әкімі болған кезінде заңсыз берген 7 млрд теңге болатын жер телімдері мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды Алматы прокуратурасы.

Назарбаевты мақтағандар енді Тоқаевты мадақтауда

Шығыс Қазақстан облысы Тоқаевты мадақтайтын бейнероликке 5,2 миллион теңге жұмсаған.