Ту туралы заң және "Борат-2"

Malim Админ

  • 27.10.2020

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның мемлекеттік рәміздерін пайдалану туралы заңнаманы қайта қарау керегін айтты.

"Парламенттің бірқатар депутаттары мен патриот азаматтардың еліміздің мемлекеттік рәміздерін, атап айтқанда, ҚР мемлекеттік туын кеңінен қолдану туралы ұсынысын қолдаймын.

Қолданыстағы заңнамада туымызды пайдалануға қатысты шектеулер бар. Мысалы, пәтерлердің балконына немесе үйлердің қабырғасына ту ілуге тиым салынған. Заңнамалық және нормативтік актілерді, ең алдымен, Мемлекеттік рәміздерді пайдалану қағидаларын қайта қарау қажет", - деп жазды Тоқаев Twitter желісіндегі парақшасында. 

https://twitter.com/TokayevKZ/status/1321008627608670210?ref_src=twsrc%5Etfw%7Ctwcamp%5Etweetembed%7Ctwterm%5E1321008627608670210%7Ctwgr%5Eshare_3%2Ccontainerclick_1&ref_url=https%3A%2F%2Fkaz.tengrinews.kz%2Fkazakhstan_news%2Ftokaev-memlekettk-tuga-katyistyi-zandyi-ozgertu-keregn-314767%2F

2012 жылы Петропавл тұрғыны шымылдықтың орнына ту қолданғаны ақпарат айдынына шығып еді. Осы жылы Атырау тұрғынына автокөлікке Қазақстан туын байлап жүргені үшін 323 600 теңге айыппұл салынған.

2015 жылдың ақпанында елорда тұрғындарына балконға ту ілгені үшін 400 мың теңге айыппұл салынған. Сол кезде ер адам ту ілу патриот екенін көрсетудегі дәстүрі екенін және ол мұны Геннадий Головкиннің кезекті жеңісінен кейін ілгенін айтқан болатын.
Айта кетейік, Австралияның Сидней қаласындағы ең әйгілі Бондай Бич жағажайында «Бораттың сыңарлары» атты шеру өткен болатын. Бораттың шашы секілді парик пен маскини (медициналық маска түріндегі манкини) киген 40 ер адам йога сеансын өткізді. Оларды Қазақстан туы қоршап тұрды. Бораттың алты метрлік мүсіні де жағажайдан жақын жерде орнатылған. Үлкен мүсін арнайы тікұшақ көмегімен жеткізілген еді.

Бұл жағдай қазақстандықтардың намысына тиіп, әлеуметтік желіде қызу талқыланды.

Тоқаев қабылдамақ заң осы мәселені де қарастырады деп ойлаймыз.

Байланысты жаналықтар

Тоқаев жаңа мереке күнін енгізуді ұсынды

25.06.2021

Қытайдың Тоқаевқа тарту еткен суперкомпьютері

19.02.2020

Әбдіқалықованың тағайындаулары бітпей жатыр

15.06.2020

"Цифрлы Қазақстанға" қатысты қылмыстық іс қозғалды

21.07.2020

Есенғали Раушанов: "Тоқаев Назарбаев емес"

20.07.2020

Тоқаев: «Қоғам тарапынан сынға да ұшырадыңыздар»

23.06.2020
MalimBlocks
Тоқаев жаңа мереке күнін енгізуді ұсынды

Қытайдың Тоқаевқа тарту еткен суперкомпьютері

Әбдіқалықованың тағайындаулары бітпей жатыр

"Цифрлы Қазақстанға" қатысты қылмыстық іс қозғалды

Есенғали Раушанов: "Тоқаев Назарбаев емес"

Тоқаев: «Қоғам тарапынан сынға да ұшырадыңыздар»