Нәтиже жоқ
Барлығын көру
  • Саясат
  • Сараптама
  • Сұхбат
  • Білім және Ғылым
  • Әлеумет
  • Руханият
    • Ертегі
  • Абай-175
Malim.kz
Malim.kz
Нәтиже жоқ
Барлығын көру
Басты бет Slider

Қуанышбек Ысқақовтың алғашқы “спектаклі”

malim Авторы: malim
19.02.2020
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Қызылорда қаласындағы Нартай БЕКЕЖАНОВ атындағы облыстық театрда облыс әкімі Қуанышбек ЫСҚАҚОВ алғашқы «спектаклін» қойды.
Облыс басшысының есебіне әдеттегідей көбіне мұғалімдер, дәрігерлер, полиция және басқа да мемлекеттік қызметкерлер қатысты. Жиын театрда өткесін әркім өзінше өз рөлдерін ойнады. Бастапқыда аймақ басшысы тұрғындарға  жыл бойы атқарылған жұмысын бір сағат бойы жіпке тізді. Залдың алдыңғы қатарында актив жиындарда әкімді күнде көретін шенеуніктер жайғасты. Театрдағы рөл демекші, маужырап, қалжырау үшін келгендер де өз шаруаларын мінсіз атқарды.


Әкімнің есебі аяқталған соң сұрақ-жауап кезеңінде де бірнеше тұрғын елдің ауызында жүрген мәселелерді сұрақ қылып қойды. Қысқасы, жауабы бар сұрақтар қойылды.

Оған әкім Ысқақов мүдірмей жауап берді. Өзі мүдірмей жауап беретін сұрақтар аяқтала бастағанда залда отырған егде жастағы ер кісі әкімге алғысын білдіріп, жиынды қорытындылайық деп халықтан рұқсат сұрағаны сол еді, өзін ЖСДП партиясының өкілімін деген Ләззат БАҚТЫБАЕВА қолына микрофон алды. Бағанадан барлық сұрақтарға саспай жауап берген аймақ басшысы аяқасты қойылған сұраққа қинала жауап қатты.


«Әкім болып тағайындалғалы сізбен кездесу бір бұйырмағандықтан осында келуге мәжбүр болдық. Бірінші қоятын сұрағым әлеуметтік желілерде жазылып жатқан мәселе жайлы. Қызылорда облысының қаржысы ысырап болып жатыр. Оған дәлел 2,6 млрд теңгеге Жаңақорған ауданында салынып жатқан мектеп. Қызылордада көп жерде жаяу жүргіншілерге жол жасалмаған. Дегенмен біз 1 млрд теңгеге Қазалы ауданында әкімдік ғимаратын, 1 млрд теңгеге мәдениет үйін салып жатырмыз. Бізде облыста ішкі саясат басқармасы және бөлімдері бар. Біз ЖСДП-ның осы өңірдегі филиалының жетекшісіміз. Түрлі қоғамдық-саяси жұмыстар атқарамыз. Бірақ ішкі саясат басқармасы, бөлімдердің басшыларымен екі жылдан бері кездесу бұйырмай жүр», – деді Ләззат Бақтыбаева.


«Жаңақорғандағы мектепке бөлінген 2,6 млрд теңгені мемлекеттік сараптама дұрыс деп тапты. Бір адамның капризінен артымызда тұрған бүкіл халықтың мәселесін далаға тастай алмаймыз», – деді Қуанышбек Ысқақов.


Осылайша әкім Қуанышбек Ысқақовтың есеп беру жиыны өзі күтпеген сауалмен аяқталды. Ұйқысы қанған жұрт та, жұмысынан қалғандар да қанша асыққанымен бірден кетпеді. Президент секілді жолға шыққан әкім картежі өткенше жол полициясы көшедегі басқа көліктерді бөгеп тұрды.

 

Абай НҰРЖАНҰЛЫ

Фотолар автордікі.

МАТЕРИАЛДЫ КӨШІРІП БАСУҒА БОЛМАЙДЫ. 

Ұқсас жазбалар

parlam.kz

Жаңа депутаттардың оқымаған оқуы жоқ

Авторы: malim
15.01.2021
0

VII шақырылымдағы мәжіліске агроном, мал дәрігері мен зооинженерден бастап философ пен тарихшыға дейінгі әртүрлі мамандық иелері жиналыпты. Депутаттардың арасында бір...

Депутаттар мәжіліс төрағасын сайлады

Авторы: malim
15.01.2021
0

Парламент мәжілісінің VII шақырылымдағы депутаттары жаңа спикерді сайлады. Мәжіліс депутаттары жасырын дауыс беру арқылы бірауыздан Нұрлан Нығматулинді спикер етіп сайлады....

https://365info.kz/

Тоқаев сайлау бюллетеньдеріне “бәріне қарсымын” графасын енгізуді ұсынды

Авторы: malim
15.01.2021
0

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев парламенттің бірлескен отырысында саяси партиялардың мәжіліске өту шегін 7 пайыздан 5 пайызға төмендетуді ұсынды. "Мәжіліске саяси партиялардың...

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Ақтөбе әкімдігі жол сапасын тексертуге құлықсыз

05.02.2020

Айгүл Орынбек: Президент көп көкейкесті мәселелерге көңіл аударды

01.09.2020

Президент Алғыс айту күнімен құттықтады

01.03.2020
Сауда және интеграцияминистрі

Бақыт Сұлтанов азық-түлік бағасын қарыз алып түсірмек пе?

04.02.2020

Теміртауға қара қар жауды

02.02.2020
  • Біз туралы
  • Жарнама
Байланыс: +7 702 109 72 25

© 2020 Malim.kz - Қоғамдық-саяси сайт! Туған күн тілек, құттықтау!

Нәтиже жоқ
Барлығын көру
  • Сараптама
  • Сұхбат
  • Білім және Ғылым
  • Әлеумет

© 2020 Malim.kz - Қоғамдық-саяси сайт! Туған күн тілек, құттықтау!