Қазақстандық ауыр атлет Ксения Прозорова Азия чемпионатында алтын және күміс жүлде иеленді

Астанада өтіп жатқан жасөспірімдер мен жастар арасындағы ауыр атлетикадан Азия чемпионатында қазақстандық спортшы Ксения Прозорова қос медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Malim.kz.
6 шілде күні өткен сайыста Прозорова 58 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жасөспірімдер арасында 194 (89+105) келі көрсеткішімен алтын медальға ие болды. Сонымен қатар, ол жұлқа көтеруде 89 келіні бағындырып, Азия рекордын жаңартты.
Аталған нәтижесімен спортшы жастар арасындағы (U20) жарыста күміс жүлдегер атанды.
Жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты (U17):
Ксения Прозорова (Қазақстан) – 194 (89+105)
Цюи Жао (Қытай) – 187 (86+101)
Маржона Абдумуталова (Өзбекстан) – 182 (80+102)
Жастар арасындағы Азия чемпионаты (U20):
Гуан-Лин Чень (Қытай Тайбэйі) – 209 (93+116)
Ксения Прозорова (Қазақстан) – 194 (89+105)
Тхи Сен Ха (Вьетнам) – 193 (87+106).
Фото: olympic.kz


Ең көп оқылған
