Елжан Біртанов қамауға алынды

Malim Админ

  • 31.10.2020

Бұрынғы денсаулық министрі Елжан Біртанов жемқорлық бабы бойынша ұсталды. Бұл туралы өз дерек көзіне сүйенген КазТаг сайты хабарлады.

"Біртанов ұсталды. Қазір Нұр-Сұлтан қаласында уақытша тергеу абақтысында" деген ақпарат беруші.

Алдын ала ақпарат бойынша, Біртанов цифровизацияға бөлінен 526 млн теңге жымқырған.

Қаржы министрлігінің қаржы мониторингі жөніндегі комитеті Tengrinews ақпарат агенттігіне берген жауабында Біртановқа қатысты тергеу шаралары жария етуге жатпайтынын мәлімдеген.

"Қаржы министрлігінің қаржы мониторингі жөніндегі комитеті бұрынғы денсаулық сақтау министріне қатысты тергеу шаралары туралы ақпарат Қылмыстық кодекстің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайтынын хабарлайды. Ақпарат болған кезде хабарлаймыз", - деді ведомство ақпарат агенттігіне берген жауабында.

Естеріңізде болса, 25 маусым күні Қасым-Жомарт Тоқаев Елжан Біртановты қызметінен босатып, орнына Алексей Цойды тағайындаған болатын.

Елжан Біртанов елде коронавирус індеті өршіген тұста отставкаға кеткен. Одан бұрын ол өзі де кронавирус жұқтырып, ауруханада емделген. Өзінің отставкасын Біртанов емделу қажеттігімен түсіндірді.

Бірақ президент Қасым-Жомарт Тоқаев 8 шілде күнгі мәлімдемесінде коронавирустың өршуін денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы басшылығының жіберген қателіктерімен байланыстырып, сол қателіктерді тексеруге комиссия құруды тапсырған болатын.

2 тамызда  Біртановтың бұрынғы орынбасары Олжас Әбішевтің "бюджет қаржысын жымқырды" деген күдікпен  ұсталғаны хабарланды. Ал 14 тамызда дәрі-дәрмек сатылымына жауап беретін "СК-Фармация" компаниясының экс-басшысы Берік Шәріп қамауға алынған. Ол төтенше жағдай кезінде медициналық бұйымдарды сатып алғанда қызмет бабын асыра пайдаланды деген күдікке ілінді.

 

Байланысты жаналықтар

Тоқаев Алматыға келді

12.01.2022

Тоқаев: Қордай қақтығысы - қылмыстық топтар текетіресі

01.03.2020

Ұсталған шенеунік: Ноғаевпен сыйыспадым

22.09.2020

Жоғары сот судьясы ұсталды

11.02.2021

"Цифрлы Қазақстанға" қатысты қылмыстық іс қозғалды

21.07.2020

Тараздағы жарылыс: «Мына түрімізбен мемлекеттіліктен айырыламыз»

27.08.2021
MalimBlocks
Тоқаев Алматыға келді

Тоқаев: Қордай қақтығысы - қылмыстық топтар текетіресі

Ұсталған шенеунік: Ноғаевпен сыйыспадым

Жоғары сот судьясы ұсталды

"Цифрлы Қазақстанға" қатысты қылмыстық іс қозғалды

Тараздағы жарылыс: «Мына түрімізбен мемлекеттіліктен айырыламыз»