«Қайсарда» қазақша сөйлеуге тыйым салған. Әбдіқалықова оны біле ме?

  • 31.10.2020
  • Malim Админ

Kozhakhmet_inside телеграм каналы Қызылорда облысы қаржыландыратын жергілікті «Қайсар» футбол клубында жанжал шыққанын жазды.

Ондағы ақпарат бойынша, қызылордалық футболшылардың жаттықтырушысы Стойчо Младенов пен бір ойыншының арасындағы дау төбелеспен аяқталуға шақ қалған.

Куәгерелердің айтуынша, жаттықтырушыға бір ойыншының команда ойнына көңілі толмағанын қазақша айтқаны жақпаған.

Младенов ойыншыға қатты сөздер айтып, екінші ол тұрған жерде қазақша сөйлемеуге бұйырған. Бұл ойыншының намысына одан әрі тиген. «Сен маған ойнауға мүмкіндік бермейсің, тағы ана тілімде сөйлеуге тыйым салмақсың ба?!», - депті ойыншы.

Бұл ақпарат әлеуметтік желіде қызу талқыға түсіп жатыр. Қызылорда тұрғыны Нұрлан Бай-жігіт фейсбук парақшасында Қызылорда облысының әкіміне қарата бүй дейді:

«Құрметті Гүлшара Әбдіқалықова ханым!

Қайсар клубы облыс бюджетінен қаржыланлырылып отырғандықтан және облыстың бірінші басшысы өзіңіз екенін ескере отырып, "Қайсардың" жұмыс берушісі ретінде бұл бассыздыққа нүкте қойып, келімсек бапкерді бүгін жұмысынан қууыңызды сұраймын! Қашанғы келімсектер біздің қазақ балаларының бүйірінен теуіп қана қоймай (ұлттық құраманың ойыншылары - Мақсат Байжанов, Дәуренбек Тәжімбетов, Елдос Ахметов, ұлты ьасқа болса да қазақ елінің намысын қорғап жүрген Хайруллин, Григоренко ж.т.б. ойыншыларды маусым кезінде командадан әр-түрлі ойдан шығарған сылтаумен қуып спорттық карьераларына нұқсан келтірді), енді міне мемлекеттік тілде өзара сөйлесуге тиым салып отыр!».

Әкім Әбдіқалықованың бұл жағдайдан хабары бар ма? Неге мемлекеттік тіл қазақша білмейтіндердің кесірінен зардап шегу керек?

Байланысты жаналықтар

Дубайдағы додаға дайынбыз ба?

23.05.2021

Маминнің дерегіне ел түгілі өзі де сенбейді...

06.05.2020

Мұғалім мәртебесі: Педагогтар қайта даярлаудан өте алады

18.03.2020

«Үздік педагог» Шпекбаевқа шағымданды. Аймағамбетов қайтпек?

11.11.2020

МУРАТ АЙТЕНОВ ОЗНАКОМИЛСЯ С РАБОТОЙ ПЕДАГОГИЧЕСКОГО УНИВЕРСИТЕТА

12.05.2021

Тоқаевқа да хат жазбаймын, "Егеменге" де шықпаймын

09.07.2021