Нәтиже жоқ
Барлығын көру
  • Саясат
  • Сараптама
  • Сұхбат
  • Білім және Ғылым
  • Әлеумет
  • Руханият
    • Ертегі
  • Абай-175
Malim.kz
Malim.kz
Нәтиже жоқ
Барлығын көру
Басты бет Slider

«Әліппе» келесі жылы оралады

malim Авторы: malim
02.11.2020
Шолпан Каринова

Шолпан Каринова

Share on FacebookShare on Twitter

Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова вице-министр Орталық коммуникациялар қызметінде берген брифингте «Әліппені» енгізу 2021-2022 жылға жоспарланып отырғанын айтты.

«Әліппенің» оқу бағдарламасына қатысты оқулықтар әзірлеу жұмыстары басталды. Бұл жұмыстың соңы ретінде 2021 жылдың қаңтар айынан бастап оқулықтар апробацияға енгізілетін болады. Ол үшін Білім және ғылым министрлігі апробация өткізетін пилоттық мектептердің тізбесін бекітті», – деді Ш. Каринова.

Осы бекіткен тізбеге байланысты барлық мектепте «Әліппе» бағдарламасы зерделенеді. Одан кейін оқулық даярлаудың барлық кезеңдеріне байланысты толық талдау жасау жұмысы жүрігізіледі. “Сараптамадан өткен оқулықтар жаңа оқу жылында енгізіледі. Жалпы, «Әліппені» енгізу 2021-2022 жылға жоспарланған», – деді вице-министр.

«Әліппе» Ахмет Байтұрсынұлының әдістемесі негізінде дайындалған екен. Сонымен қатар, Шолпан Каринова жаңа «Әліппені» енгізу мен оқыту кезеңдері туралы айтты

«Әліппе» Ахмет Байтұрсынұлының әдістемесі негізінде дайындалуда. Жұмыс тобындағы барлық ғалымдар мен мұғалімдер тарапынан бұл толық қолдау тапты. Өйткені бұл жүйе оқушылардың біліміне қатысты нағыз талаптарды қамтып отырғандығы, оның ішінде әріптер мен дыбыстардың реттілігі ескеріліп пайдаланылғаны аталып өтті», – деді вице-министр.

“Әліппені» оқытудың үш кезеңі қарастырылған. «Әліппеге» дейінгі кезең, «Әліппе» кезеңі, сондай-ақ «Әліппеден» кейінгі кезең ескерілген. Осының екі кезеңі «Әліппе» оқулығы арқылы іске асырылады. Ал кейінгі кезең мектептерде «Ана тілі» оқулығы бойынша жүргізілетінін айтты Шолпан Каринова.

Бұл тұрғыда ол ата-аналардың ескертулері қаралып, қазіргі дайындалып жатқан оқулықта баланың физилогиялық жас ерекшелігі ескеріліп жазылып жатқанын атап өтті.

«Әліппе» кезеңі өте маңызды, онда әріп, дыбыс пен буындарды үйрету іске асырылады. Бұл кезеңге баса назар аударылған. Одан кейін желтоқсан айында «Әліппемен» қоштасу жүргізілетін, қазіргі принцип те осыған орай жасалады», – деді вице-министр.

Tags: ӘліппеБайтұрсынұлыБілім және ғылым министріШолпан Каринова

Ұқсас жазбалар

“Аузына май”: Арыстанбек Мұхамедиұлының әйелінің байлығы

Авторы: malim
05.03.2021
0

Әлеуметтік желіде бұрынғы мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының байлығы туралы белгісіз біреулер жасаған видео тарап, онда экс-министрдің отбасы қымбат...

Мұғалімдерді вакцинациялау басталды

Авторы: malim
02.03.2021
0

Мұғалімдер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері үшін 1 наурыздан бастап коронавирус инфекциясына қарсы вакцинация басталды. КВИ-дан алғашқы екпені елордалық №27...

Студенттер офлайн оқуға қашан оралады?

Авторы: malim
02.03.2021
0

Бүгін өткен онлайн брифингіде білім және ғылым министрінің орынбасары Шолпан Қаринова жоғарғы оқу орындарының студенттері офлайн форматқа қашан оралады деген...

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Screen shot Kursiv KZ YouTube арнасы.

42 500: ЕЦҚ кілтін алу және онлайн өтініш беру (видео)

31.03.2020

Сапарбаев: «Карантин сайлауға кедергі болмасын»

09.12.2020

Ақша санайтын шенеуніктердің кофе ішпесе басы ауырады

28.07.2020
Денис Тен

Денис Теннің өліміне қатысы бар адам бостандыққа шықты

06.01.2021

Аймағамбетов не дейді, Қаринова не дейді?

02.04.2020
  • Біз туралы
  • Жарнама
Байланыс: +7 702 109 72 25

© 2020 Malim.kz - Қоғамдық-саяси сайт! Туған күн тілек, құттықтау!

Нәтиже жоқ
Барлығын көру
  • Сараптама
  • Сұхбат
  • Білім және Ғылым
  • Әлеумет

© 2020 Malim.kz - Қоғамдық-саяси сайт! Туған күн тілек, құттықтау!