Архимед Қостанайды қиратып жатыр

Қазір іргетастың ізі де қалмаған

Олжас Қасым

  • 17.06.2022

Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы қарсаңында ғалым туған үйдің жермен-жексені шықты.  Алаш ардақтысының туыстары мен жерлестері  үйді өз күшімен тұрғызып, қарайлап жүргенін айтатын. Ахаң осы топырақта, осы шаңырақта дүние есігін ашты деген белгі секілді еді, бұл.  Алып туған үйдің қиратылуы қоғамдық пікір туғызып, шу көтерді.  Қоғам белсендісі, ақын  Айбек Ережеп тарихи орынның ойран-топыр болғанын біліп, аймақтағы азаматтарға сұрау салыпты. 


«Жергілікті жердегі азаматтардың айтуынша, Ахмет Байтұрсынұлы туған үй қалпына келтірілмекші болған екен. Мердігерлер ескі іргетастың орнынан қабырға тұрғыза бастапты. Алайда, ол сапасыз болып аймақ тұрғындары наразылық білдірген. Ақыры ауылға облыс әкімі Мұханбетовтің өзі келіп, соңында ғимаратты күреп тастау туралы шешім шығарылған», - дейді А.Ережеп.  

Ахмет Байтұрсынұлының құлатылған үйінің кірпіштері  

Байтұрсынұлы ауылының байырғы тұрғыны Әбдісалық Жақсыбек тарихи ескерткіштен әп сәтте көз жазып қалдық дейді. Оның айтуынша, Ахметтің бұрынғы үйінің іргетасы осы жерде. Қабырғасы қара шым кесектен тұрғызылған-ды.   Үйдің арасы пешпен бөлініп тұрған. Сол пешпен бөлінген бұрышта әжеміз Ахметті өмірге әкеліпті. Қазір іргетастың ізі де қалмаған, кірпіштері ғана жинаулы тұр».    

Ал Қостанай облыстық әкімдігінің баспасөз қызметі үйдің әбден тозығы жетуіне байланысты осындай шешімге келгендерін айтады.

«2009 жылы А.Байтұрсынұлы дүниеге келген үйдің болжанған жеріне жергілікті жұртшылық күшімен ешбір жәдігері жоқ, шағын ағаш үй тұрғызылған. Осы жылдар ішінде импровизацияланған материалдардан салынған бұл ғимарат айтарлықтай тозған және қалпына келтірілмеген. Өңір тұрғындары мен жұртшылығының өтініші бойынша республикалық жоспарға үй салып, оны музей-үйге айналдыру пункті енгізілген.

Жангелдин ауданының әкімдігі тарапынан бұл іс-шараға байқау өткізіліп, оның қорытындысы бойынша мердігер компания анықталды. Алайда компания жосықсыз болып, құрылыс барысында сапасыз материалдарды қолданған.  Осыдан кейін жергілікті тұрғындар шағымданды. Ал тапсырыс беруші құрылыс жұмыстарын тоқтатып, келісім-шартты бұзған».

Баспасөз қызметі үйдің бұзылуын облыс әкімі А.Мұхамбетовтің өңір тұрғындарымен кездесуінен кейін шыққан шешім деп отыр. «Бірақ ол үйдің тарихи мәні болмайды, кәдімгі заманауи үй болады», - дейді баспасөз хатшысы Кенже Қонысбай.   Болар іс болды. Дегенмен қоғам белсенділері, Ахмет мұрасына жанашыр азаматтар үйге реставрация жасалып, құнды ескерткіш ел игілігіне айналуы тиіс еді.

«Кезінде Ыбырайдың ашқан мектебін де осылай қирата салған. Енді не ескісі жоқ, не жаңасы жоқ үйінді болып қалды» дейді Айбек Ережеп.   

Ал Жангелдин ауданының әкімдігі екі айдың ішінде үй  құрылысын аяқтап, оны тарихи экспонаттармен толықтырамыз деп уәде беріп отыр.  Қоғам белсенділері екі айдың ішінде зәулім үй тұрғызбақ түгілі, реставрацияның өзін жасай алмайсың деп ашық айтты.  Ауылға барар жолдың жыры да ащы ішектей созылып кетіп еді, енді оған күрелген үй қосылды. Ахмет  ауылына апаратын 106 шақырым жолдың 40 шақырымнан астам бөлігін жөндеу жоспарланғанына қаншама уақыт өтті. Бірақ, ол да жоспар күйінде қалып келеді. Ахаңның 150 жылдығына Қостанайдың жасаған «тартуы» әзірше осы болып тұр. 

Басты фото авторы: Тұрар Қазанғапов    

Байланысты жаналықтар

Қазақстандағы ең үлкен отбасы. Бір үйде 55 бала өсіп жатыр

26.09.2024

Қостанайда бес автобус өртенді

24.09.2024

Қостанайда мас адам дәрігердің көлігін рұқсатсыз мініп кеткен

23.09.2024

Ресейден заңсыз кіргізілмек болған 171 тонна картоп кері қайтарылды

21.09.2024

Қостанай облысында бір ауыл екі аптадан бері интернетсіз отыр

15.09.2024

Қостанай облысында заңсыз майнерлер жұмысы әшкереленді

13.09.2024
MalimBlocks
Қазақстандағы ең үлкен отбасы. Бір үйде 55 бала өсіп жатыр

"Бала асырап алу үшін қомақты ақша керек емес" дейді Шүкіров

Қостанайда бес автобус өртенді

Өрт түнгі уақытта болған

Қостанайда мас адам дәрігердің көлігін рұқсатсыз мініп кеткен

Дәрігер науқасқа келген

Ресейден заңсыз кіргізілмек болған 171 тонна картоп кері қайтарылды

Шекарада екі күнде 12 заңбұзушылық анықталған

Қостанай облысында бір ауыл екі аптадан бері интернетсіз отыр

Ауыл халқы несиесін төлей алмай, жедел жәрдем шақыра алмай қалған

Қостанай облысында заңсыз майнерлер жұмысы әшкереленді

Алдын ала есеп бойынша заңсыз қызметтен түскен қаржының жалпы айналымы 100 млн теңгеден асады