Өскемендіктер коронатест кезегіне таласып жатыр

  • 02.11.2020
  • Malim Админ

Шығыс Қазақстан облысының Өскемен және Семей қалаларында коронавирусты анықтайтын тест орталықтарында ұзын-сонар кезек пайда болды. Жаңа ережеге сәйкес, 2 қарашадан бастап тұрғындар облыс аумағына коронавирус жұқпағанын көрсететін ПТР тест нәтижесі болса ғана кіріп шыға алады.

Әлеуметтік желілерде Семей мен Өскеменде тест тапсыру орталықтарында иін тіресіп, айғай-шу көтеріп, әлеуметтік арақашықтықты сақтамай, кезекке таласып тұрған адамдардың видеолары таралып жатыр.

Бас санитар дәрігердің қаулысы шықпай тұрып билет алып қойған облыс тұрғындары енді жол жүру үшін зертханаларды аралап кеткен. Сөйтіп, тест орталықтарында ұзын-сонар кезек түзілген.

Шығыс Қазақстан облысы тауарлар мен қызметтердің қауіпсіздігі мен сапасын бақылау департаменті ковид-ке тапсыратын қосымша тест орталықтарын ашатынын мәлімдеді.

"2 қараша күні күндізгі сағат он екіге дейін осындай оқиғалар болған. ШҚО тауарлар мен қызметтердің қауіпсіздігі мен сапасын бақылау департаменті бұл мәселені шешкен соң, кезек азайды. Ертеңнен бастап облыстық  репродуктивті медицина орталығы мен Invitro+ ковидке тапсыратын  қосымша пунктер ашады.

1 қараша күнгі мәлімет бойынша, Қазақстанда 442 адамнан коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды. Оның 245-і Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары.

Фото: Данияр Мусиров, vlast.kz

Байланысты жаналықтар

28 панфиловшылар саябағының атын ауыстыру керек пе?

08.05.2020

Тоқаев әскерилердің қазасына байланысты көңіл айтты

26.09.2020

Нұр-Сұлтаннан жүлдесіз қайтқан «Паразиттер» Оскар алды

10.02.2020

Бір күнде 1486 адамнан вирус табылды

28.06.2020

Дархан Қыдырәлі: Ашаршылық құрбандарын еске алатын арнайы «алапат қасірет» күні белгіленсе...

04.06.2020

Тараз бен Қарағандыда террористік ұйым өкілдері ұсталды

03.02.2020