457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Семейде жасы 50-ден асқан адам мектепке барады

Абай облысындағы түзету мекемесінде жазасын өтеп жатқан 53 жастағы азамат мектеп бағдарламасын енді оқымақ.


Өңірдегі № 20 түзету мекемесіндегі сотталғандар № 2-ші жалпы білім беретін мектепке барып сабақ оқымақ. Олардың арасында 21 мен 53 жас аралығындағы қырықтан астам адам бар. 
Соның ішінде 53 жастағы азамат алғаш рет мектепке барайын деп отыр.

Балалық шағым екі қарындасымды бағумен, оларды асыраймын деп табыс табумен өтті. Ата-анамыз ішімдікке әуес болғандықтан менде оқуға мүмкіндік болмады. Сол кезде білімсіз-ақ жетістікке жете аламын деп ойладым. Бірақ жастық шағым түзету мекемелерінде өтті. Енді бәрі басқаша болуы мүмкін екенін түсіндім. Егер білімім болса онда мамандық тауып, өмір жолымды басқаша құрар едім. Бүгін мен осында болғандықтан, оқуға ешқашан кеш емес деп шештім, - деді ол.

Фото: Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметі