Дәрігерлер "Біртанов кінәлі" дегенге сенбейді

Malim Админ

  • 05.11.2020

Бірқатар дәрігер мен қоғам қайраткерлері қамауға алынған бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановқа араша түсіп, әлеуметтік желіде ашық хат жариялады. "Біртанов кінәсіз деп үміттенеміз" деген олар бұрынғы министрді абақтыдан үйге жіберуді сұрады.

Хатқа қол қойғандар Елжан Біртановтың қатардағы санитар қызметінен бастап дәрігер, ауруханадағы бөлім меңгерушісі, ғылыми орталық жетекшісі, министрге дейін қызметтік мансабы өрлегенін келтіріп, оның құрметке лайық екенін жазады. "Елжан Біртановтың денсаулық сақтау министрлігіне келуінен елдегі дәрігерлердің көпшілігі жақсы нәрсе күтті және үлкен энтузиазммен қабылдады".

Хат авторларының ойынша, еліміздің денсаулық сақтау жүйесі соңғы жылдары қатты дамыды, міндетті әлеуметтік сақтандыру қоры құрылды, денсаулық сақтау туралы жаңа кодекс қабылданды, медицина қызметкерлерінің жалақысы өсті, шешімдер ашық қабылданды.

"Мықты ұйымдастырушы, дәрігерлер отбасынан шыққан дәрігер мен азаматтық қоғам мен дәрігерлер сенген адамның жемқорлыққа қатысы бар дегенге сену мүмкін емес. Саланың дамуына, саяси шешімдерді қабылдауға жауапты министр, жоғарғы шенді шенеуніктің мемлекеттік сатып алуларға қатысы не? Ол оның міндеті емес қой! IT технологиялар маманданбаса, ондай техникалық шешімдерді қалай қабылдайды?" - дейді дәрігерлер.

Дәрігерлердің жазуынша, пандемияға Қазақстан ғана емес, дамыған елдердің де денсаулық сақтау жүйесі дайын болмай шықты. "бүкіл Еуропа мен АҚШ шенеуніктерін де денсаулық сақтау жүйесі пандемияға дайын болмады деп айыптауға болады. Бірақ қатеге жол беріп, сабақ алғанда ғана болашақта олардың алдын алуды үйренесің", - делінген хатта.

Қол қоюшылар Елжан Біртанов ел үшін қазіргідей ауыр кезеңде еңбек етіп, елге пайдасын тигізе алар еді дейді. "Экс-министрге қатысты іс әділ және кәсіби түрде тергеледі деп үміттенеміз. Оны жақындарынан оқшаламау мүмкіндігін қарастыруды сұраймыз. Ол тергеуге барлық ақпаратты беру үшін қолынан келгенін жасайды деген сенімдеміз. Бес баланың әкесі, пневмониямен қатты ауырғн адам тергеу кезінде үйінде бола алар еді. Тергеу әділетті жүреді деп сенеміз және әріптесіміз кінәсіз деп үміттенеміз", - дейді дәрігерлер.

Хатқа профессор, «University Medical Center» корпоративті қордың басшысы, «Қазақстанның Еңбек Ері .Ю.Пя, профессор, ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, "Ұлттық нейрохирургия орталығының" басқарма төрағасы С.Ақшолақов,  Ұлттық ғылыми медицина орталығының басқарма төрағасы, медицина ғылымдарының докторы А.Байгенжин, профилактикалық медицина академиясының президенті Алмаз Шарман, "Республикалық Медицина Палатасы" қоғамдық қорының басқарма төрағасы М.Құлжанов, Қазақстан репродуктивті медицина қауымдастығының президенті В.Локшин, сол қауымдастықтың вице-президенті С.Байқошқарова, Help Today қорының жетекшісі Эля Алиева және басқалар қол қойған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Байланысты жаналықтар

Енді кәсіби дәрігерге көріну үшін терапевтке жазылудың қажеті жоқ – ДСМ

27.03.2024

Балаларға ораза ұстауға бола ма?

18.03.2024

Қарағандыда тағы екі бала ауруханаға түсті

01.08.2023

Денсаулық сақтау министрі міндетін атқару Бүркітбаевқа жүктелді

20.12.2021

"Биологиялық қауіпсіздік туралы" заң жобасы мақұлданды

08.12.2021

Біртановтың үйқамақ мерзімі келесі жылға дейін ұзартылды

12.11.2021
MalimBlocks
Енді кәсіби дәрігерге көріну үшін терапевтке жазылудың қажеті жоқ – ДСМ

Енді дәрігерге бару үшін терапевтке жазылудың қажеті болмауы мүмкін. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Балаларға ораза ұстауға бола ма?

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова жауап берді.

Қарағандыда тағы екі бала ауруханаға түсті

Екі күннен бері ауруханаға уланып түсіп жатқан жетім балалар мен ата-анасы тастап кеткен балалар. 

Денсаулық сақтау министрі міндетін атқару Бүркітбаевқа жүктелді

"Биологиялық қауіпсіздік туралы" заң жобасы мақұлданды

Біртановтың үйқамақ мерзімі келесі жылға дейін ұзартылды

Экс-министр бір жылдан астам уақыт үйқамақта отыр.