Енді кәсіби дәрігерге көріну үшін терапевтке жазылудың қажеті жоқ – ДСМ

Енді дәрігерге бару үшін терапевтке жазылудың қажеті болмауы мүмкін. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Malim Админ

  • 27.03.2024

Енді кәсіби дәрігерге көріну үшін терапевтке жазылудың қажеті жоқ. Тек кәсіби дәрігерлерге тікелей бара аласыз. Дегенмен бұл мәселе әлі де қарастырылу үстінде. Біз 1 наурыздан бастап бұл мәселені қолға алдық. Бірақ тиісті бұйрықтарға өзгерістер енгізіліп жатыр. Медициналық сақтандыру қорымен қаржыландыру мәселесін пысықтап, айыппұл салмауды де талқылап, ішкі жұмыстарды үйлестіріліп жатырмыз. Хат негізінде жібердік, бірақ бұйрық енді шығады, - деді министр.

Министрдің сөзіне сенсек, өзгерген стандарттарға сәйкес енді негізгі 8 қызмет бойынша дәрігердің жазылуынсыз көмек алуға болады.

Әлназарова осы орайда жалпы тәжірибелік дәрігердің тәжірибесі мен біліміне арқа сүйеу керек екенін айтты.

Жалпы тәжірибелік дәрігердің білімін жетілдіру мәселесін, қызмет көрсету аясын кеңейту мәселесін де қарастырып жатырмыз, - деді ол.

Сондай-ақ еліміздің бас дәрігері жоспарлы емдеуге жатқызуға арналған талдаулар тізбесі қысқарып, олардың қолдану мерзімін ұзарту мақсатында жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Фото: интернеттен

Байланысты жаналықтар

Алматыда дәрігерлер ауыр жарақат алған малайзиялықты аман алып қалды

08.05.2025

Ауылға баратын дәрігерлерге 8,5 млн теңге беріледі

29.04.2025

Семейде белгісіз біреулер танымал дәрігерді өлтіріп кеткен

25.04.2025

Емханаға түскен Руслан Берденов есін жиды

22.04.2025

Ауыр қылмыс: дәрігер 15 адамды өлтірді деп айыпталды

17.04.2025

Адам ағзасын заңсыз сатып алды айыпталған дәрігер түрмеде адам өмірін сақтап қалды

12.04.2025
MalimBlocks
Алматыда дәрігерлер ауыр жарақат алған малайзиялықты аман алып қалды

Ауылға баратын дәрігерлерге 8,5 млн теңге беріледі

Семейде белгісіз біреулер танымал дәрігерді өлтіріп кеткен

Емханаға түскен Руслан Берденов есін жиды

Операция төрт сағаттан астам уақытқа жалғасты.

Ауыр қылмыс: дәрігер 15 адамды өлтірді деп айыпталды

Германияда ауыр қылмыс тергеліп жатыр

Адам ағзасын заңсыз сатып алды айыпталған дәрігер түрмеде адам өмірін сақтап қалды

Трансплантациямен заңсыз айналысты деп айыпталған қазақстандық хирург түрмеде адам өмірін сақтап қалған