Перзентханалардағы дәрігерлердің мәртебесін көтеру қажет - министр
2024 жылы Қазақстанда алғаш рет ана өлімінің ең төмен көрсеткіші тіркелді
Акушерлік-гинекологиялық көмектің сапасын арттыру жөніндегі одан әрі шаралар Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың төрағалығымен босандыру қызметінің жұмысын жетілдіру жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысында қаралды, деп хабарлайды Malim.kz.
Жалпы практика дәрігерлерінің жүктілік денсаулығы үшін емхана деңгейіндегі жауапкершілігін күшейту қажет, олардың дағдылары мен білімдерін кеңейту мақсатында білім беру бағдарламаларын қайта қарау, жергілікті жерлерде кадрларды тарту, олардың біліктілігін арттыру үшін ынталандыру жасау, сондай-ақ ең қиын учаскелерде - бұл біздің перзентханаларымыз бен перинаталдық орталықтарымызда жұмыс істейтін мамандардың мәртебесін көтеру. Жүкті әйелдерге медициналық көмек көрсетуде, ең алдымен олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, жергілікті жерлерде реанимация және анестезиология мәселелерін шешуде нақты басымдық беру керек, - деп атап өтті ведомство басшысы.
2024 жылы Қазақстанда алғаш рет ана өлімінің ең төмен көрсеткіші тіркелді, бұл Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан қабылданған жүйелі кешенді шаралардың, сондай-ақ алғашқы буын деңгейінде сарапшылардың, акушер-гинекологтардың, босандыру қызметі мамандарының мультидисциплиналық командасының бірлескен жұмысының нәтижесі болды.
Жүкті әйелдерге медициналық көмек көрсетудегі жағдайды жақсарту мақсатында Денсаулық сақтау министрлігі апта сайын өңірлермен «Аушерлік сағат» өткізеді, ауыр патологиясы бар әйелдерге күн сайын мониторинг жүргізеді.
Өткен жылы Ұлттық шұғыл медицина орталығымен бірлесіп 906 жүкті және босанған әйелге 2140 қашықтықтан медициналық қызмет көрсетілді; санитариялық авиация 165 ұшу орындады; жергілікті жерде 9 әйелге операция жасалды; облыстық және республикалық клиникаларға тасымалданған ауыр жағдайдағы 127 әйелдің өмірін сақтап қалды.
Босану саласында анестезиология-реаниматология, кардиология, хирургия, нейрохирургия, инфекция, пульмонология, тамыр хирургиясы, гематология, урология, гастроэнтерология және т. б. салаларда 40-тан астам жетекші маманды, профессорды және ғылыми және республикалық клиникалардың қызметкерін тарта отырып, телемедициналық консультациялар практикасы кеңінен енгізілуде.
Патологиясы, күрделі жағдайлары бар жүкті/босанған әйелдерді уақтылы анықтау және емдеу үшін Денсаулық сақтау министрлігі арнайы бағдарламаны бекітіп, босандыру бойынша 25 басым клиникалық хаттаманы қайта қарады.
Сондай-ақ, босандыру қызметінің өзекті мәселелері бойынша республикалық және өңірлік сараптамалық кеңестер және жедел ден қою және ауыр/сыни жағдайда жүкті әйелдерге тәулік бойы консультация беру үшін жетекші бейінді мамандар қатарынан мультидисциплиналық топтар құрылды.
Сонымен қатар, әр өңірде әйелдерді ауыр жағдайда емдеуге жатқызу үшін жеке посттар ұйымдастырылған.
Фото: ДСМ