Қарағандыда тағы екі бала ауруханаға түсті
Екі күннен бері ауруханаға уланып түсіп жатқан жетім балалар мен ата-анасы тастап кеткен балалар.
Уланып ауруханаға түскен ер балалар арнайы әлеуметтік мекемеде тұрған, олардың жасы 11-17 жас аралығында. Кей балалардың орталықта тұрып жатқанына он жылдан асқан, олардың арасында жетім және тастанды балалар да, толық отбасының балалары да бар.
Бүгін тағы екі бала ауруханаға жатқызылды. 14 баланың біреуі қаза болды, алтауы жансақтау бөлімінде жатыр, екеуінің жағдайы ауыр. Қалған балалардың жағдайы жақсарып келеді,- деді жағдайды өз көзімен көруге Қарағандыға барған денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният.
Орталық басшысының міндетін атқарушы мен оның 12 қызметкері жұмыстан шеттетілді. Қазір олардың орнына келген дәрігерлер жұмыс істеп жатыр. Әлі соңғы диагноз қойылған жоқ, өйткені барлық тексерулер жүргізілуде. Астанадан оннан астам маман келді, оның ішінде бас балалар реаниматологы, үш токсиколог, аймақтық токсиколог, невропатологтар да бар», - дейді министр.
Уланып қаза болған бала әке-шешесі бар 2009 жылы туған, есімі Әділ Умаров. Ол ауруханаға 30 шілде күні кешке түскен. Оның өлімінің себебін дәрігерлер «тыныс алу жеткіліксіздігі» деп қойып отыр.
Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев баланың әкесі жұмыс істейтінін, анасы үй шаруасындағы әйел екенін және тағы екі бала тәрбиелеп отырғанын айтты. Әкім баланың отбасына көмектесуге уәде берді.
https://malim.kz/article/society/12-bala-ulanyp-bir-bala-qaza-boldy-19799