12 бала уланып, бір бала қаза болды

Қарағанды облысының балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында 12 ұл бала уланып, бір бала қаза болды. 

Malim Админ

  • 01.08.2023

«Қарағанды облысының балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығындағы 12 бала ауруханаға түскен. Оның 6 жансақтау бөлімінде жатыр. Өкінішке орай бір бала қаза болды. Бес баланың жағдайы орташа. Барлығы ер бала. Ауруханаға балалардың алды 30 шілде кешке түскен, олардың неден уланғаны белгісіз», – деді еліміздің бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова.

Қарағанды облысы әкімдігінің хабарлауынша, оқиғаның себебін анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. Қылмыстық іс қозғалды және Қарағанды облысының арнайы прокурорлар басқармасына берілді.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі кеше балалардың тамақтан улану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын мәлімдеді.

Елімізде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі балаларға арнаулы медициналық-әлеуметтік қызмет көрсететін 84 мекеме бар. Оның 37-сі балаларға арнаулы медициналық-әлеуметтік қызмет көрсету орталығы болса, 47 балалар үйі, сондай-ақ 2959 баланы қамтитын отбасын қолдау орталықтары да жұмыс істейді.

Бас прокуратура уәкілетті мемлекеттік органдар мен аумақтық прокурорларға аталған мекемелерді кешенді тексеруді ұйымдастыруды тапсырды.

Балалардың ауыр жағдайда жатқанына байланысты денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Қарағанды облысына жолға шықты.

Байланысты жаналықтар

"Адам зорлауға оқталды". Қарағанды облысында ауыл әкімі қамауға алынды

12.05.2025

Қарағанды облысындағы 5 су қоймасы 100% толды

07.05.2025

Қарқаралы орманында алапат өрт болды

28.04.2025

Қарағанды облысында полиция басшысы қаза болды

21.04.2025

Үйде оқитын 14 мүгедек бала жәрдемақы алмаған

17.04.2025

Қарағанды облысында оқушының басына үйдің шатыры құлады

05.04.2025
MalimBlocks
"Адам зорлауға оқталды". Қарағанды облысында ауыл әкімі қамауға алынды

Қарағанды облысындағы 5 су қоймасы 100% толды

Қарқаралы орманында алапат өрт болды

Қарағанды облысында полиция басшысы қаза болды

Үйде оқитын 14 мүгедек бала жәрдемақы алмаған

Өтемақының мөлшері оқу жылына 10 айлық есептік көрсеткіш

Қарағанды облысында оқушының басына үйдің шатыры құлады

Қарағанды облысында бес қабатты тұрғын үйдің шатыры 11 жастағы қыздың үстіне құлап, ол жарақатпен ауруханаға жеткізілді