«Партия съезіне полиция жібермей қойды»

Malim Админ

  • 21.02.2020

Қарағандылық қоғам белсендісі, Қазақстан демократиялық партиясын құру тобының мүшесі Бақытжан ЖАНСЕЙІТОВ партия съезіне бара алмай қалғандығын айтады. 18 ақпан күні Нұркен есімді тағы бір қарағандылық белсендімен Алматыға кетіп бара жатқан жерінен оның көлігін полиция Жезқазған тас жолында тоқтатқан. Тәртіп сақшылары "сіздің үстіңізден арыз түсті" деген желеумен қалаға кері қайтарып, полиция бөліміне алып кеткен. Полиция мәліметінше Бақытжан Жансейітовтің үстінен бір Қарағанды тұрғыны арызданыпты. Шағымданушы кешкі жеті жарымда оңтүстік шығыс ауданындағы автобекет жанында «Бақытжан Жансейітов мені боқтап ар-намысыма тиетін сөздер айтты» деп арыз жазған. Шағым түсірген азамат Бақытжан Жансейітовтің көлік маркасын, нөмірін жазған.
Қоғам белсендісінің айтуынша, полиция үш сағаттан астам уақыт ұстап, айқай шумен әзер босатқан.
«Мен сол күні кешкісін Оңтүстік шығыс ауданына барып, Нұркен ағаны үйінен алып кеткен едім. Бірақ автостанцияға барған жоқпын. Ол адамды мүлдем танымаймын, ешкіммен жанжалдасқан жоқпын. Мен полициядан өзіме арыз жазған адамды алып келіп беттестіруді талап еттім. Алайда маған ешкімді көрсетпеді. Үш сағаттан астам ұстаған соң ертеңіне "әкімшілік сотқа келесің" деді. Мен айтылған уақытында бардым. Бірақ қолдарында тағы айғақтары жоқ. Сотқа тағы шақырамыз деп қайтарып жіберді. Мен тәртіп сақшыларынан көлік тоқтаған жерді бейне бақылау камерасынан көрсетіңдер дедім. Алайда маған ешқандай айғақ ұсына алмай отыр. Олар әдейі мені жолымнан қалдырды», - деп мәлімдеді Malim kz сайтына сұхбат берген қоғам белсендісі Бақытжан Жансейітов.
Демпартия мүшесі Бақытжан Жансейітов 22 ақпанда Алматыда Жанболат МАМАЙ ұйымдастырмақ болған съезге қатысу үшін жолға шықпақшы болған. Айта кетсек, Демпартия құрмақ болған Жанболат Мамай шұғыл түрде жиналыс өткізіп, партия мүшелерінің Қазақстанның әр түкпірінен заңсыз ұсталып жатқанын мәлімдеген болатын. Және енді сол күні митингіге шығатындарын да жеткізген. Енді Бақытжан Жансейітов өзіне пәле жауып, арыз түсірген азаматтың үстінен шағымдануды жоспарлап отыр.
МӘЛІМ сайтының тілшісіне Қарағанды облысы полиция департаменті бұл іске қатысты қандайда бір түсініктеме беруден бас тартты.

Арайлым ЕРКЕБАЕВА
Фото автордікі.

Байланысты жаналықтар

Қазақстанда «Шешім журналистикасы лабораториясы» жобасы басталды

28.10.2023

«Тәуелсіздік жариялаймыз!».  Петропавлдағы сеператистерге қылмыстық іс қозғалды     

31.03.2023

М. Әбжан 9 жылға сотталды, Ж. Мамай 10 жылға сотталады...

03.02.2023

Бұл сайлауда қандастар ғана жеңіске жетеді!

30.01.2023

Тоқаевты қолдайтын Азамат Әміртайдың партиясы тіркелді

30.11.2022

Мамайдың айыбы жеңілдеді

27.10.2022
MalimBlocks
Қазақстанда «Шешім журналистикасы лабораториясы» жобасы басталды

«Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қоғамдық қоры Ұлыбритания үкіметінің қаржылай қолдауымен «Шешім журналистикасы лабораториясы» жобасы жүзеге аса бастады.

«Тәуелсіздік жариялаймыз!».  Петропавлдағы сеператистерге қылмыстық іс қозғалды     

19 адам жиналып, «Халық кеңесі» құрылғанын жариялаған

М. Әбжан 9 жылға сотталды, Ж. Мамай 10 жылға сотталады...

Саяси реформаларға шақыру, әрине, қылмыс емес. Бірақ 10 жылға бас бостандығынан айыру – қылмыс

Бұл сайлауда қандастар ғана жеңіске жетеді!

Сонымен сайлауға үміткерді тіркеу басталып кетті! Ал мен күткен қандастар үнсіз («Республика» партиясының жетекшісінің бірі Сырымбет Тауды есепке алмаймын).

Тоқаевты қолдайтын Азамат Әміртайдың партиясы тіркелді

Қазақстанға  + 1 саяси партия. Атауы - «Байтақ». Ұраны  -- экология. Жалауы жасыл. Бұл өзі Қазақстанда оншақты жылдан бері дүниеге зорға келген партия. Көсемі Азамат Әміртай.

Мамайдың айыбы жеңілдеді

"Демпартияны" тіркей алмай жүрген Жанболат Мамай ақпан айынан бері қамауда жатыр.