Хәйләйлім деген топ құрсақ қалай?

Malim Админ

  • 11.11.2020

Айтыскер ақын Балғынбек ИМАШ айтыстағы әріптестерімен қоғамдағы мәселелерді ай сайын instagram.com әлеуметтік желісінде сынауға ықыласты екен. Бұл туралы айтыскер әлеуметтік желіде жазды.

Балғынбек былтыр Алматыда өткен шығармашылық кешінде Жандарбек БҰЛҒАҚОВ екеуі "Хәйләйлім" мақамын эстрадаға салып сахнаға шықпақшы болған екен. Алайда цензурадан өтпей қалыпты.

«Негізі, билікке, қоғамға сын айту - дұшпандық пиғылдан емес, жанашырлықтан, достықтан ғой. Кейде тұспалдап айтсаң түсінбей, астарлап айтсаң аңдамай жатады. Тіпті, тікелей айтсаң да түк естімегендей болады. Былтыр Ауғантай бауырым "Хәйләйлімді" өз студияда эстрадаға салып, әрлеп берген болатын. Әні халықтықы, "Хәйләйлім" деп алғаш айтысқа алып шыққан Жандарбектің әкесі Айтақын ағам. Кейін айтыстағы хит мақамдардың біріне айналды.Айтыста айтылмай қалған сөзімізді, қоғамдағы түйткілді мәселелерге, жағымсыз жаңалықтарға қатысты пікірімізді, немесе елімізде орын алып жатқан масқараларға осылай сын айтып, ай сайын эфирге шығып тұрсақ қалай қарайсыздар?», - деп жазды айтыскер.

Сондай-ақ, Балғынбек «Хәйләйлім» деген топ құруға пейілді сияқты. Трио құрамы Айтақын БҰЛҒАҚОВ, Жандарбек БҰЛҒАҚОВ және Балғынбек ИМАШ.

«Хәйләйлім деген топ құрып алсақ па екен? Әні өзгермейтін, сөздері ғана жаңарып тұратын? Аты аңызға айналған АБК деген (Арынбаев, Болманов, Көкенов) топ бар еді ғой. Әлде, солар сияқты Айтақын, Балғынбек, Жандарбек деген аттардың бас әріптерін алып АБЖ деген трио құрамыз ба?», - деп жазбасын аяқтады айтыскер. 

Байланысты жаналықтар

Биыл Оралхан Бөкейдің туғанына 80 жыл

22.08.2023

Мемлекеттік сыйлықтың сиқы қашты. Әдебиет төңірегінде тағы шу

19.08.2022

Ринат 10 жыл бұрын Сатыбалды мен Назарбаевты қалай мақтады?

02.08.2022

Шенеуніктер неге жұлдыз кеңесшілерге құмар?

04.06.2020
MalimBlocks
Биыл Оралхан Бөкейдің туғанына 80 жыл

«Алтайдың кербұғысы» атанған жазушы-драматург Оралхан Бөкейдің туғанына 80 жыл толуына орай Шыңғыстай ауылында Оралхан Бөкей музей үйі ашылады.

Мемлекеттік сыйлықтың сиқы қашты. Әдебиет төңірегінде тағы шу

Шығармашылық ісіне рудың қаншалық қатысы бар?

Ринат 10 жыл бұрын Сатыбалды мен Назарбаевты қалай мақтады?

Кешелі бері Ақсуаттағы айтыстағы Зайытов пен Байтуов жұбы хит болып жатыр. Жұрт "Ринат шындықты айтты" деп шулап жүр. Ол қандай шындық деп, айтысты арнайы көрдік. Адамның сөзі заманмен бірге өзгере береді екен.

Шенеуніктер неге жұлдыз кеңесшілерге құмар?