Астанада «Алтын домбыра» республикалық ақындар айтысы өтіп жатыр

Биылғы ақындар сайысы еңбек адамы тақырыбына арналған

Мәди Саматұлы

  • 08.12.2024

Тәуелсіздік күні қарсаңында «AMANAT» партиясының қолдауымен Мәдениет және ақпарат министрлігі ұйымдастырған «Алтын домбыра» республикалық ақындар айтысы басталды. «Төрлет, еңбек адамы» тақырыбындағы дәстүрлі дода биыл еңбек адамын ұлықтауға арналды, деп хабарлайды Malim.kz.

Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов қазіргі қоғамда президенттің «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» қағидасы орныға бастағанына назар аударды. Бүгінгі аламан айтыстың да тақырыбы осыған арналып отыр. 

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады. Қай уақытта да ақындар ерлік пен еңбекті жырлаған. Шын мәнінде, мемлекеттің ырыс-құтын, елдің береке-бірлігін шашау шығармай ұстап тұрған қарапайым еңбек адамдары ғой. Олар туралы қанша мәрте жырласақ та көптік етпейді деп ойлаймын. Сондықтан, бүгінгі төріміз де, сөзіміз де еңбек адамдарына арналмақ, деді Е.Қошанов.

Өз кезегінде, айтыс тізгінін ұстаған көрнекті ақын, Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтай дүбірлі доданың мәні мен маңызына тоқталып, қазылар алқасының құрамы мен ақындар қауымын таныстырды.

Айтыс – бабадан қалған байрақты өнер. Ғасырлар қойнауынан жеткен қастерлі қазынамызды ұлықтау, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу – баршамызға ортақ қастерлі парыз. Бүгін алдарыңызда бағы мен бабы келіскен шын жүйріктер сынға түседі. Төл өнеріміз төрге оза берсін, деді ол.

Осылайша, екі күнге жоспарланған биылғы жыр додасында жыл көлемінде елімізде өткен республикалық және халықаралық айтыстарда үздік өнер көрсетіп, жүлделі орын еншілеген 14 ақын топқа түсті.

Олардың қатарында Мейірбек Сұлтанхан, Дидар Қами, Жансая Мусина, Біржан Байтуов сынды дүлдүлдер бар.

Фото: Amanat партиясы

Байланысты жаналықтар

Сүйінбай мен Қатағанның айтысы (ВИДЕО)

24.07.2024

Жыршы-термешілер орталығы жұмысын бастады

11.03.2024

Биыл Оралхан Бөкейдің туғанына 80 жыл

22.08.2023

Мемлекеттік сыйлықтың сиқы қашты. Әдебиет төңірегінде тағы шу

19.08.2022

Ринат 10 жыл бұрын Сатыбалды мен Назарбаевты қалай мақтады?

02.08.2022

Хәйләйлім деген топ құрсақ қалай?

11.11.2020
MalimBlocks
Сүйінбай мен Қатағанның айтысы (ВИДЕО)

1848 жылдың қоңыр күзінде қырғыздың бай шонжар манабы Орманхан шешесіне ас береді. Бұл жиынға аралас құралас отырған қазақтың Тезек төре, Бөлтірік шешен бастаған игі жақсылары бір қауым ел болып қатысады. Астың ақындарсыз өтпесін білген ақын жанды Тезек төре елге атағы жайылып, таныла бастаған Сүйінбай ақынды ала барады.

Жыршы-термешілер орталығы жұмысын бастады

Биыл Оралхан Бөкейдің туғанына 80 жыл

«Алтайдың кербұғысы» атанған жазушы-драматург Оралхан Бөкейдің туғанына 80 жыл толуына орай Шыңғыстай ауылында Оралхан Бөкей музей үйі ашылады.

Мемлекеттік сыйлықтың сиқы қашты. Әдебиет төңірегінде тағы шу

Шығармашылық ісіне рудың қаншалық қатысы бар?

Ринат 10 жыл бұрын Сатыбалды мен Назарбаевты қалай мақтады?

Кешелі бері Ақсуаттағы айтыстағы Зайытов пен Байтуов жұбы хит болып жатыр. Жұрт "Ринат шындықты айтты" деп шулап жүр. Ол қандай шындық деп, айтысты арнайы көрдік. Адамның сөзі заманмен бірге өзгере береді екен.

Хәйләйлім деген топ құрсақ қалай?