«Оңбай құлап, қайта тұрдым»: Қыдырәлі Болманов түрмедегі сотталушыларға кеңес берді

Өнер иесі өмірінде болған шытырман оқиғаларға тоқталды

Сабина Асқарқызы

  • 03.10.2024

Продюсер, әнші Қыдырәлі Болманов Павлодар қаласындағы түрмеде жазасын өтеп жатқан сотталушылармен кездесуі қалай өткенін айтып берді, деп хабарлайды Malim.kz.

«Әр пенде, әрбір ер адам, түрлі сынақтардан өтеді. Ер жігіттің басына не келіп,не кетпейді дейсің. Қателеспейтін пенде жоқ! Павлодар қаласындағы жалпы режимдегі колонияда жазасын өтеп жүрген азаматтармен кездесуге шақыру алдым. Мақсаты – Республика күні мерекесі қарсаңында, рухани әңгіме жүргізу, рухани қолдау көрсету екен. Мүмкін бір сөзім біреуге демеу, біреуге үміт, ал беруге жұбаныш болар. Тым болмаса қазір қиындыққа түсіп, қамауда отырған, сынақта жүрген, Отандас бауырларға амандасып,жақсы тілек тілеп, жүз көрсетіп,ізет білдіріп қайтармын. Алла көріп тұр, ниет түзу! Ол жақтағы бауырларға да, маған да, Алла жар болсындеп жолға шықтым», - деп жазды ол.

Продюсер алғашында сотталғандарға қандай бағытта әңгіме айтатынын түсінбей, кейін өз өмірінен сыр шертуді құп көрген.

«Өзімнің де шалыс басқан,қателескен кездерім баршылық. Қателерімді қалай түзегенім, небір “нокауттарға” түсіп,оңбай құласам да, қайта тұрып,алға жүріп,биікке ұмтылғанымды, биік мақсаттарға қалай жеткенімді,менің де тар жолға түсіп,тайғақ кешкенімді. Қалай бар, солай, шынайы әңгіме неге айтпасқа? Жаратқанға сансыз мадақ! Көңілім орнына түсті», - деп жазды әнші.

Өнер иесі өмірінде болған шытырман оқиғаларға тоқталды.

«Басшылары күтіп алды. Әңгімені басымнан өткен сынақтар,қиындықтар,және қалай жеңгенім, тар жолдан қалай өткенім,тайғақты қалай кешкенім.. өмірімдегі қиналған кез, ең қауіпті төбелес, қорқынышты оқиға, ең әсерлі жеңістерім.. “По реальным событиям” оқиғаларымды , “кино” қылып айтып бердім.. Ән де орындалды. Ұлытау тобы, мектептер туралы, ел үшін маңызы туралы да тоқталдым. 2-сағат тез өтіп кетті. Кеш ұнаған болар Ескендір ағаның “Атамекен” әніне,орыс-қазағы бірдей орындарынан тұрып,қол соғып,қошамет көрсетті! Риза болдым! Ол жақтан да ризашылық хаттары әлі келіп жатыр. Аман-есен тезірек бостандыққа шығуларыңа шын жүректен тілектеспін», - деп жазды Қыдырәлі Болманов.

Байланысты жаналықтар

Димаш пен Лара Фабианмен бірге ән айтатын болды

10.05.2025

«Жер қойнына тапсырдық»: Өмірқұл Айниязов көпшілікке суыт хабар айтты

09.05.2025

Сотталғандарды колонияларда ұстау ережелеріне өзгерістер енгізіледі

09.05.2025

Жеңіс саябағында билеген оқушы қыздар жазаланды

08.05.2025

Димаш Құдайберген анасының жанкүйерлерге жолдаған аманатын жеткізді

08.05.2025

Мадина Сәдуақасова әскери шеніне қатысты пікір білдірді

08.05.2025
MalimBlocks
Димаш пен Лара Фабианмен бірге ән айтатын болды

«Жер қойнына тапсырдық»: Өмірқұл Айниязов көпшілікке суыт хабар айтты

Өнер иесі әкесін соңғы сапарға шығарып салғанын жеткізді

Сотталғандарды колонияларда ұстау ережелеріне өзгерістер енгізіледі

Жеңіс саябағында билеген оқушы қыздар жазаланды

Димаш Құдайберген анасының жанкүйерлерге жолдаған аманатын жеткізді

Әншінің анасы әр жанкүйерге шын ниетпен сәлем жолдады

Мадина Сәдуақасова әскери шеніне қатысты пікір білдірді

Өнер иесі өзінің запастағы кіші сержант екенін атап өтті