freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Қайта өмірге келсем де, сізді таңдар едім": Гүлзира Айдарбекова сағынышын жеткізді

Шоу-бизнес •
"Қайта өмірге келсем де, сізді таңдар едім": Гүлзира Айдарбекова сағынышын жеткізді
Фото: Instagram/gulziraaidarbekova

Әнші Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова марқұм анасына деген сағынышын жеткізіп, әлеуметтік желіде әсерлі жазба жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.

Ол Instagram парақшасында анасының бейнесі пайдаланылған видеоны бөлісті. Кадрда Гүлзира Айдарбекова жоғарыға көз тастап отырса, анасының бейнесі оған мейірлене қарап, басынан сипап тұрғандай көрінеді.

Жазба авторы анасының жанында болмаса да, жүрегінде мәңгі сақталатынын айтып, оның қызы болғанына шүкіршілік етті.

"Анашым, жаннатым! Жанымда жүрмесеңіз де, жүрегімдесіз! Сіздің қызыңыз болғаным үшін Аллаға сансыз шүкір айтамын. Тағы да өмірге қайта келер болсам, өзгені емес, шыншыл, жігерлі, мейірімді, еңбекқор тура өзіңізді еш ойланбастан қайта таңдар едім", – деп жазды ол.

Гүлзира Айдарбекова жұма күні өмірден өткен ата-әжелер мен әке-аналарды, бауырларды дұғада еске алып, олардың жаны жәннатта болуын тіледі. Сондай-ақ жазбасында алдымен өз ата-анасы мен жақындарына дұға бағыштаудың мәніне тоқталды.

Ол видеоны жасаған парақшаға алғыс айтып, ондағы анасының бейнесі көңіліндегі елеспен дәл үйлескенін жеткізді. Айтуынша, анасын ойлап отырған сәтінде осы видео алдынан шыққан.

"Анашымның көз алдымдағы мәңгілік елесін тура жасағаныңыз үшін рақмет! Анашымды ойлағаным сол, жұма күні тура алдымнан жасаған видеоңыз шыға келді. Бұл да болса Алланың қалауымен шығар, бәлкім, мені іштей қиналып жүр деп есіне алған болар жан анам",– деп бөлісті Гүлзира Айдарбекова.

Жазбадан оның анасының мейірімін, мінезін, қамқорлығын ерекше сағынатыны аңғарылады. Ол анасының еңбекқорлығы мен шыншылдығын атап, арада қанша уақыт өтсе де, перзенттік махаббатының өзгермейтінін жеткізді.

Гүлзира Айдарбекова кім?

Гүлзира Айдарбекова – әнші Қайрат Нұртастың анасы, оның өнер жолында продюсерлік қызмет атқарған тұлға. Ол ұлының сахнадағы алғашқы қадамдарынан бастап қолдау көрсетіп, шығармашылығының дамуына атсалысты. Концерттерін ұйымдастыруға, көрерменге танылуына және шығармашылық жұмыстарының ілгерілеуіне үлес қосты. Гүлзира Айдарбекова сұхбаттарында ана болу мен өнердегі жауапкершілікті қатар алып жүргені туралы айтқан.

Оның жұбайы – Нұртас Айдарбеков. Көпшілік бұл отбасын Қайрат Нұртас арқылы танығанымен, Гүлзираның өзі де әлеуметтік желіде отбасылық жаңалықтары мен ойларын бөлісіп отырады. 2025 жылы НТК арнасына берген сұхбатында ол Қайраттың продюсерлігінен бас тартқанын мәлімдеген.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу