freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Арзанға алған диванның ішінен мыңдаған доллар шыққан: үш дос ақшаны не істеді?

Оқиға •
Арзанға алған диванның ішінен мыңдаған доллар шыққан: үш дос ақшаны не істеді?
Фото: ЖИ арқылы жасалған

АҚШ-та ескі диван сатып алған үш дос оның ішінен ақша толы конверттер тапқан. Алайда күтпеген олжаны бөліспес бұрын олар қаражаттың иесін іздеуге кіріскен, деп Malim.kz тілшісі Нью-Пальцтегі Нью-Йорк мемлекеттік университетінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға 2014 жылы Нью-Йорк штатында болған. Бір пәтерде тұратын Риз Веркховен, Лара Руссо және Кэлли Гуасти қайырымдылық дүкенінен небәрі 20 долларға ескі диван сатып алған.

Жиһаздың кей тұсы қатты әрі бұдыр болғандықтан, достар оның ішін тексеріп көрген. Сөйтсе, қаптаманың астында ақша салынған конверттер жасырылыпты. Табылған қаражаттың жалпы сомасы 40 мың доллардан асқан.

Бір конверттегі есім бәрін өзгерткен

Достар конверттердің бірінен әйелдің аты-жөнін байқайды. Осы дерек арқылы ақшаның иесін тауып, онымен байланысқан.

Сөйтсе, жинақ 91 жастағы әйелге тиесілі екен. Күйеуі көзі тірісінде оған апта сайын ақша беріп, диванға сақтауды тапсырған. Әйел қаражатты сол жерде жылдар бойы ұстаған.

Кейін ол жүрегіне ота жасатып, оңалту мекемесінде жатқанда, қызы төсекке орын босату үшін ескі диванды үйден шығарған. Оның ішінде ақша барын білмеген.

Үш дос тапқан қаражатты түгелдей иесіне қайтарған. Ал жинағымен қайта қауышқан әйел оларға алғыс ретінде мың доллар берген.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу