Баспаналы болудың жолдары көп

Олжас Қасым

  • 13.11.2020

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» кеңесшісі Мадина БОЛАТХАНҚЫЗЫМЕН сұхбат.

-Мадина, сіз журналистикадан «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне» ауыстыңыз. Өзіңіз қалаған, игеру үшін төрт жыл оқыған  кәсіптен банк саласына қалай кеттіңіз? Әңгімемізді осыдан бастасақ.

-Журналист болуды қалағандықтан әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің журналистика факультетіне түскен едік. Төрт жыл бакалаврда оқыдық. Содан кейін екі магистратурасын да білім алған едім. Бірақ табиғатым банк саласына жақын болуы керек. Әмбе мектепте алгебра пәнін жақсы оқыдым. Есепке жақын болдым десем болады. Қысқасы, мамандық ауыстыруыма күйеуім ықпал етті.

-Журналистика мамандығы жаңа жұмыста сізге септесті ме?

-Банктен бұрын мен HIT TV ойын-сауықтың телеарнасында журналист-редактор болып еңбек еттім. Басқа да БАҚ-да жұмыс жасадым. Бірақ банктің жұмысына тез кірігіп кеттім. Кеңесші болып жұмысқа тұрып алдым. Журналистиканың бұл жұмысыма көмегі болды. Себебі журналист бір үлкен ақпаратты 1,2 я болмаса 2 минуттық сюжетке сыйдырып көрерменге жеткізеді ғой. Қазіргі ақпараттық уақытта адамдардың қолы бос емес. Қазіргі кезде көп адамға уақыт жетпей жатады. Осы тұрғыда журналистік тәжірибем септесті. Бірінші өзім істеген журналдар мен телеарналардағы әріптестеріме банктің жаңа бағдарламалары туралы түсіндірдім. Шыны керек журналистер жүздеген ақпараттың ортасында жүріп кейде қажетті дүниелерді білмей қалып жатады. Журналист ақпарат алу үшін кез-келген адаммен тіл табысуы тиіс қой. Сондықтан маған барлық адаммен сөйлесу, банк  бағдарламаларын түсінікті тілде түсіндіру оңай болды.

- Әріптестер арасында «Мадианың арқасында үйлі болдық» деген әңгімені естіп жатамыз. Қанша адамның баспаналы болуына ықпал еттің? 

- Иә, Мадинаның арқасында үй алдық деп жататындар бар. Кейбірі әлеуметтік желіде жазып та жатады. Қазір әлеуметтік желі көп. Facebook, VR,  Instagram дегендей. Айына құрығанда 10-15 адам баспаналы болдық. Осыған септігіңізді тигізгеніңізге рақмет деп алғыстарын білдіріп жатады. Ол адамдар мен арқылы «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен» есепшот ашқан салымшылар. Менің кеңесімен біздің банктің клиенті болғандар. Әр жұмыстың өз қиындығымен қатар қызығы да бар ғой. Рахаты да жоқ емес. Әрбір салымшым баспаналы болғанда солармен бірге сол қуанышты күйді бірге кешесің. Баспана өмір сапарына берілетін жолдама сияқты ғой. Адамның қуанышына кәу болғанан асқан сезім жоқ шығар.

- Жұмыс бабымен түрлі адамдармен кездесесің. Қазір қандай адамдар баспаналы болып жатыр?

-Қазір көптеген адамдарға баспаналы болуға мүмкіндік бар. Соны пайдалана білу керек.  Оған шыдамдылық пен ақша үнемдеуді игерген абзал. Ақшаны дұрыс ұстаудың өзін үренгені дұрыс. Біз кейде тер төгіп тапқан еңбекақымызды бейберекет жұмсап жіберетін кезіміз болады ғой.

Бүгінгі күні «Шаңырақ » бағдарламасы бойынша адамдар қоныстануда. Оған алғашқы салым 10 пайызбен 18 миллионға дейін пәтерлерді алып жатыр. «Бақытты отбасы» бағдарламасымен көпбалалы, толық емес отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі балалар тәрбиелеуші отбасылар да үй алуда. Содан кейін зейнетақыдағы ақшамызды алсақ саламыз деп жатқандар бар. Бағдарламаның тиімділігін түсінгендер көліктерін сатып салымшы болып жатыр. Мен бұл банкке осыдан алты жыл бұрын кіргенмін. Қазір ол кезбен салыстырғанда жағдай басқаша. Көпшілік «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкін» жақсы біледі. Айына құрығанда бір-екі таныстары үйлі болып жатыр. Соны естіп салымшы болып жатқандардың қатары көбейіп жатыр. «Шаңырақ» бағдарламасы туралы тағы да айтай кетейін. 2020 жылы ғана әкімдіктің үй кезегіне тұрған адамдар да бұл бағдарлама бойынша нарықтағы бағадан арзан жаңа үйден пәтер ала алады. 1986-2020 жылдар аралығында үйдің кезегіне тұрғандар баспаналы болуда.

-Бұған кімдер қатыса алады?

- Мемлекеттік қызметтегі мамандар қатыса алады. Мұғалімдер, дәрігерлер т.б. Қысқасы, бюджетте жалақы алатындар. Және көпбалалы отбасылар, толық емес отбасылар мен мүгедек жандар. Олардың тұрғылықты жерінде үш жылдық тіркеулері және адам басына шаққандағы жалақысы 101 мыңнан аспау керек.

-Қазір қандай жаңа бағдарламалар іске қосылды? Осы жөнінде айтып өтсең?

- Биыл «Алматы жастары 3.0» деген бағдарламасы болды. Өздеріңіз білесіздер Алматы еліміздегі ең ірі мегаполис. Басқа өңірлермен салыстырғанда үй алу қиын. Оған 35 жасқа дейін басында үй жоқ өнер, спорт, мәдениет, ғылым саласындағы жастарға арналған.  Алматы қаласынан 13 миллионға дейін (алғашқы салым үйдің құнының 10 пайызы) мөлшерлемесі 5 пайызбен баспаналы болып жатыр. Қазір үшінші кезеңі өтіп жатыр.Жастар жаңа үйден я болмаса бұрын салынған үйлерден пәтер ала алады.

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» арқылы пәтер ғана емес, жер үйде алуыңызға болады. Жаңадан үй салуға, жөндеу жұмысын жасауға да несие беріледі. Басқа банктерде ипотекаңыз болса соны бізге ауыстыруларыңызға да болады. Себебі бізде пайыздық көрсеткіш төмен ғой. Тұрғын үй жағдайды жақсарту үшін бізде мүмкіндік зор.

-Бұрын өзіңіз білесіз баспана мәселесіне қатысты қаншама дау болды. Үлескер, борышкерлер дауы. Жауапсыз құрылыс компаниялардың зардабын да татқандар болды. Ал «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» мемлекеттік қой. Қазір салымшылар қатарына жиі көбейіп отыратын шығар?

- Үлескерлер мен борышкерлер проблемасы болғаны рас. Ол талай рет БАҚ беттерінде айтылды. Біз "Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қорының" сертификатын алған құрылыс компаниялармен ғана жұмыс жасаймыз. Олар құрылысын енді бастап жатқанда-ақ біз олардың пәтерлері жайлы мәліметтерді шығар бастаймыз. Біздің тәжірибемізде сол құрылыс компаниялардың бірде-бірі ережені бұзған емес. Барлығы уақытысында үйлерін сапалы аяқтап берді.

- Адамдар баспаналы болып жатқан түрлі сезімге бөленетін шығар. Қандай оқиға есіңізде қалды?

- Клиент банкке келіп есепшот ашқанда бұл бірінші қадамдарыңыз деймін. Екінші үлкен қадам ай сайынғы салып тұратын ақша. Үшінші қадам сабыр. Кейбір адамдар қырқына шыдап қырық біріне шыдай алмай қалады. Неше түрлі сезімге бөленген жандарды көрдік қой. Қолдарына өз үйлерінің кілтін алғанда көп адам қуаныштан жылап жібереді.

-Үйлі болсам дейтін жандарға қандай кеңес бересің?

- Жоғарыда айтқанымдай адамдар ақшаны ұстау мәдениетін үйренсе. Мен бұл банкке келгенге дейін кішкентай балама депозит ашқанмын. Біз жарнамаларға мән бермейміз ғой. «Бірге өсеміз» деген жарнаманы қоғамдық көлікте көріп қалып депозит ашқан едім. Сосын ай сайын мүмкіндігімше ақша салып отырдым. Бес мың теңге, екі мың тең дегендей. 200 теңге де салған кездерім болды. Айлық табысымның 5-10 пайызын салуға әдеттендім. Тиын теңгеден құралады дейді ғой. Сізге үй керк пе? Шығыныңызды азайтыңыз. Ақшаңызды үнемдеп ұстаңыз. Фасфудты аз жеп, киноға баруды сиретіңіз. Мамандығыңызды жетілдіріп табысты маманға айналыңыз.

-Әңгімеңізге рақмет! 

MalimBlocks
«Оффлайн оқитынымызды білген соң, пәтерақыны көтеріп жіберді» - студенттердің шағымы

Алматы студенттері жалдамалы пәтер құнының шарықтап кеткенін айтып, шағымдануда. Студенттердің дәстүрлі форматта оқитыны белгілі болған соң, пәтерақы шамамен 30 пайызға артқан, ал жатақханаларда орын жоқ. Мұны айтқан білімгерлердің көбі әлі пәтер таппай, таныстарының үйін жағалап жүр. Malim.kz тілшісі студенттермен сөйлесіп, оқиғаға қатысты маман пікірін сұрап көрді.