«Оффлайн оқитынымызды білген соң, пәтерақыны көтеріп жіберді» - студенттердің шағымы

Алматы студенттері жалдамалы пәтер құнының шарықтап кеткенін айтып, шағымдануда. Студенттердің дәстүрлі форматта оқитыны белгілі болған соң, пәтерақы шамамен 30 пайызға артқан, ал жатақханаларда орын жоқ. Мұны айтқан білімгерлердің көбі әлі пәтер таппай, таныстарының үйін жағалап жүр. Malim.kz тілшісі студенттермен сөйлесіп, оқиғаға қатысты маман пікірін сұрап көрді.

Айшолпан КЕРІМ

  • 27.08.2021

ХАТУ студенті Айбаршын Сейдаханова аздаған уақыт ішінде пәтер бағасының қатты шарықтап кеткеніне аң-таң.

«Танысыммен мамыр-шілде айларында Медеу ауданынан екі бөлмелі пәтер үшін 155 000 теңге төлеп тұратынбыз. Кейін тамыз айында қожайын пәтерақыны 200 000 теңгеге көтеретінін айтқан соң, басқа пәтерге көштік. Көп уақыт өтпей, ол жердегі қожайын да ауылдағы грантқа түскен бауыры келетінін айтып, пәтерді босатуды талап етті. Ғаламторға кіріп, жалдамалы пәтер бағасын көріп, аузым ашылып қалды. Бір ай ішінде бағаны қалай 50-100 000 теңгеге көтеріп жіберуге болады?»

Айбаршын бағасына сапасы сай келмейтін, жөндеуден өтпеген пәтер көп дейді. Қазір студент ақыры пәтер таппай, оқуға қала сыртынан қатынауға мәжбүр қалып отыр.

«Шәкіртақы мен пәтерақыны қатар ойласам, күлкім келеді. Қалай төлейміз? Думан ықшамауданының өзінде екі бөлмелі пәтер үшін айына кемі 140 000 теңге сұрап отыр. Ал өзім тұрған Медеу ауданында қазір сол екі бөлмелі пәтер үшін кемі 270 000 теңге төлеуің керек. Қазіргі халіме қарап, екі ай бұрын ғана «Қазақстан» қонақ үйінің жанында тұрушы едім ғой деп ойлап қоямын. Енді уақытша жолға төрт сағатымды құртып, ауылдан қатынауға мәжбүрмін. Соңғы амал – 5-6 қыз болып, арзандау екі бөлмелі пәтерге орналасу, оның өзі 180-220 мың теңге».

Пәтерақының өсу қарқынын байқау үшін бірнеше күн арнайы сайт лентасын бақылауда ұстап көрдік. Бір апта бұрын айлық жалдау құны 199 999 теңге деп тұрған мына пәтер қожайыны екі үш күн өтпей бағаны 219 999 теңгеге көтерді. Ал бүгін пәтерақы 249 999 теңге. Мұның себебін қожайын түсіндіргісі келмегендіктен, маман көмегіне жүгіндік.

«Пәтерақы күрт қымбаттады, рас. Бірақ бұған дейін ле жатақхана бірінші курс студенттерімен толып қалып, ал жоғары курс студенттерінің қыркүйек-қазан айларында пәтер таба алмай жүруі жыл сайын қайталанып отыратын үрдіске айналды. Осы екі-үш ай - нарықтың нағыз қызатын кезі болғандықтан, жылда осы уақытта пәтерақы қымбаттап кетеді. Оның үстіне бұған дейін ауылда болған көп студенттің жақында қайтадан Алматыға ағылатыны белгілі болды", - дейді риэлтор Бауыржан Бектаев.

Сарапшы жалға алу құны көтерілуі зейнетақы қорындағы қаржы есебінен пәтер сатып алуға рұқсат беру жайлы заң шыққанымен де байланысты екенін айтады.

«Осы заң шыққан соң, кенет пәтерді сату құны қымбаттады. Ал нарық заңы бойынша, пәтердің сатылым құнымен бірге жалға беру құны да қатар өсіп отырады. Оның үстіне әр қаладан келген студентпен қатар сұраныс та артты. Бәрі қосылып, осындай мәселе шығып отыр».

Бектаев пәтерақының бұдан кейін де көтерілуіне әлдебір себеп жоқ деп есептейді. Сарапшы алдағы уақытта пәтер жалдау құны тіпті сәл де болса төмендеуі мүмкін дейді.

Ал жақын күндері Шымкенттен ұшып келетін Дидар Алматыға келген соң қалтасы көтеретін пәтер таппай қиналып қаламын ба деп қорқады.

«Алматыдағы достарымнан жағдайды естіп, өзім де уайымдап отырмын. Қыркүйектің басына билет алып қойдым, пәтер іздегеніме екі апта болды, әлі таппадым. Пәтерақы студенттер оффлайн оқитыны белгілі болған күні бірден көтеріліп кетті. Арзандау-ау дегенін тапсаң, ұл балаларға бермейміз дейді. Қалай боларын білмеймін. Бұл баға қыста тағы көтерілмей, тым құрыса осы қалпы қалса, жақсы болар еді».

Ал Білім және Ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев студенттердің жатақханадан орын таппай, шарықтаған пәтерақыға қатысты шағымына қатысты Malim.kz тілшісінің сұрағына мәселеге министріліктің қатысы жоқ екенін айтты.

"Бұл - әлеуметтік мәселе, біздің министрлік құзыретіне кірмейді. Барлық университеттер 1-2 курс студенттері үшін жатақхана ұсына алады. Жағдай солай", - деді министр.

Еске сала кетейік, 11 тамызда елдегі ЖОО-лар дәстүрлі оқу форматына оралып, тек вакцина салдырмаған студенттердің қашықтан оқитыны белгілі болған еді.

Байланысты жаналықтар

Бір жылда үй бағасы 3,9%-ға қымбаттады

12.11.2024

Алматыда бөгде ер адам әйелге шабуыл жасады

11.11.2024

Қазақстан хоккейден алғашқы Азия чемпионатының жеңімпазы

10.11.2024

Алатау және Алматы арасында аэромобиль қатынайды

09.11.2024

Абай облысында пәтер кезегінде 20 мыңға жуық адам тұр

04.11.2024

Атырауда құрылыс компаниясы үлескерлерді 313 млн теңгеге алдап соққан

03.11.2024
MalimBlocks
Бір жылда үй бағасы 3,9%-ға қымбаттады

Жаңа тұрғын үйлерді сату 2,3% өсті

Алматыда бөгде ер адам әйелге шабуыл жасады

Ол қызды құлатып, баспалдақтан төмен қарай сыртқы есіке дейін жармасып барады

Қазақстан хоккейден алғашқы Азия чемпионатының жеңімпазы

Шешуші ойында ұлттық құрама Жапонияны ұтты

Алатау және Алматы арасында аэромобиль қатынайды

Алатау қаласын дамыту мәселесі қаралды

Абай облысында пәтер кезегінде 20 мыңға жуық адам тұр

Алдағы 3 жылда баспанамен 7 мың отбасы ғана қамтылады

Атырауда құрылыс компаниясы үлескерлерді 313 млн теңгеге алдап соққан

Компания басшысы 5 жылға қамалды