Косарев жаңа партия құрмақшы

  • 17.11.2020
  • Malim Админ

Мәжіліс депутаты, күні кеше 83 жасқа келген Владислав КОСАРЕВ Коммунистік партияны қияр емес. 2020 жылдың 11-ші қарашада Қазақстан коммунистік халықтық партиясының кезектен тыс өткен съезінде қызылдар «Қазақстан халық партиясы» болып шыға келген еді. Осыған ренішті қарт коммунист жаңа саяси партия құрмақшы екен.

«Коммунистер бар облыстардан партияны жасақтай бастаймыз. Содан кейін бірден тіркелеміз. Әр қайсысы өз облысында тікеледі. Облыстардың тең жартысында коммунистік ұйымдар құрылған соң республикалық деңгейде саяси ұйым құрамыз», - депті мәжіліс депутаты Косарев.

Владислав Косарев коммунистік бағыттан тайған соң «Қазақстан халық партиясында» қалғысы келмейді екен. Сондай-ақ, жаңадан құрмақшы партиясы биылғы мәжіліс сайлауына қатысуға үлгере алмайтынын да айтады.

vlast.kz сайтының жазуынша, «Қазақстан халық партиясының» басшысы Айқын ҚОҢЫРОВ Косаревтен партиядан шығу туралы ешқандай арыз түспегенін айтқан.  «Егер арыз жазған болса, депутаттық мандатынан айрылады»,- депті Қоңыров.

Қазақстанның коммунистік халықтық партиясы 2004 жылы Серікболсын ӘБДІЛДИН басқарған Қазақстан коммунистік партиясынан бөлініп шыққан еді. Әбділдин басқарған сол кездегі оппозициялық партияның екіге бөлінуіне дәл осы Косарев түрткі болған еді. Содан кейін сайлауларда жолы болып, екі рет 7 пайыздық межеден өтіп, парламенттің төрінде отырды. 

Фото: yk-news.kz

Байланысты жаналықтар

Жовтис басқаратын ұйымның қызметі үш айға тоқтатылды

25.01.2021

Тергеуге кедергі келтіргендер істі болды

29.12.2020

Бақауов түрмеге қамалмауы мүмкін

27.05.2020

Халық денсаулығы Nur Otan" назарында

07.01.2021

Ертеңнен бастап митинг туралы заң күшіне енеді

05.06.2020

Полиция, сот және прокурор карантинде моншаға баруға неге құмар?

16.02.2021