Нәтиже жоқ
Барлығын көру
  • Саясат
  • Сараптама
  • Сұхбат
  • Білім және Ғылым
  • Әлеумет
  • Руханият
    • Ертегі
  • Абай-175
Malim.kz
Malim.kz
Нәтиже жоқ
Барлығын көру
Басты бет Әлеумет

Әкім 160 миллиондық аялдамаларды неге аяп отыр?

Берік Жанатханұлы Авторы: Берік Жанатханұлы
25.11.2020
Share on FacebookShare on Twitter

Талдықорғанда 160 миллионға салынған смарт аялдамалардың есігі жабық. Дастан ШАЛТАБАЕВТАН естелік болып қалған қымбат аялдамалар адам қолы тиюге болмайтын музей экспонатына айналған ба дерсіз. Ғалымжан ӘБДІРАЙЫМОВ супер аялдамаларды жұртшылықтан неге аяп отыр екен?

«Аялдаманы неменеге қояды? Егер онысы ашық болмаса. Қазір індет тарап жатыр. Адамдарк ерісінше суықтап қалмау керек қой. Вирус жұғады дейді. Вирус жолаушылар сығылысып отырған автобуста да жұғады. Автобус ішінде ара қашықтық істап ешкім отырмайды ғой. Сонда неге аялдаманы ашпайды екен. Логикалары қызық», – дейді  талдықорғандық тұрғын  Күлән ЕРЖАНОВА.

2018 жылы жаңа заманауи аялдамалар қойылған болатын. Біреуінің құны 8,5 млн теңге құраса, 22 аялдамаға 160 млн теңге кеткен. Қыста жылы, жазда салқын болады деген аялдамаларға кіру енді арман болып тұр.Көктемде карантинге орай жабылған аялдамалар қарашаның суығында да есіктерін ашпай тұр.

«Мен кезекші сыныпта білім аламын. Кешке қосымшаға барамын. Сол кезде үйге қайтқанда далада автобус күтіп тоңамын. Тезірек аялдамаларды ашса жақсы болар еді», – дейді  оқушы Ильдара БОЛАТҚЫЗЫ.  

Әкімдіктегілер аялдамаларды санитарлық дәрігерлер ашқызбай отыр дейді. Ал СЭС мамандары ондай қаулы жоқтығын айтады.

«Аялдамалардың жұмыс істеуіне, ашылуына рұқсат берілген. Және оған тыйым салынсын деген ешқандай қаулыда көрсетілмеген. Сондықтан, әрі қарай смарт аялдамалардың ұмыс істеуі жергілікті әкімшіліктің құзыретінде», – дейді Талдықорған қалалаық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысының орынбасары Сәкен МЕЛДЕБАЕВ.

«Қаулыда енді жабыңдар деген сөз жоқ. Адамдар бір-біріне жақын тұрмасын дегенбіз. Сондай-ақ, смарт аялдамалар жабық қой. Елдің қауіпсіздігі үшін содан жауып тастағанбыз. Күн суытқанда ашамыз деп ойлағанбыз. Қазір ашамыз», – деді қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Нұрбақыт АЛТЫНБЕКОВ.

Осылайша, әлеуметтік желіде талқыға түсіп, мәселеге тілшілер араласқаннан кейін ғана смарт аялдамалардың жұмысы жанданды. Енді, жауаптылар онда жиі тазалық жүргізіп, санитарлық талаптарды сақтауы керек. Өйткені, бұл нысандардың жылдық күтіміне 5 жарым млн теңгедей қаржы бөлінген.

Фотолар автордікі. 

Ұқсас жазбалар

Фото: expertonline.kz

Жовтис басқаратын ұйымның қызметі үш айға тоқтатылды

Авторы: malim
25.01.2021
0

Алматы қаласы Әуезов ауданының кіріс басқармасы Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі халықаралық бюроның қызметін үш айға тоқтату және 200...

Митинг түгілі “Қалаулымға” да шығармайды

Авторы: Қанат Тілеухан
25.01.2021
0

Қоғамдық белсенді Кербез ЕГІНБАЕВА «Қосылайық» (бұрынғы Қалаулым ) бағдарламасына Нұрсұлтан есіміді жігітпен танысуға барған. Кербез Қазақстан телеарналарында қаншалықты цензура барын...

 «HoReCa Қазақстан» Алматыда балмұздаққа дегустация өткізді

Авторы: malim
25.01.2021
0

«HoReCa Қазақстан» мейрамхана-қонақ үй бизнесі кәсіпорындарының Ұлттық қауымдастығы Дүниежүзілік эскимо күніне орайластырып, нарықтағы танымал балмұздаққа дегустация өткізді. Эскимо қазақстандық нарықтың...

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Президент Әкімшілігінің фронт-кеңсесі азаматтарды қабылдауын тоқтатты

15.03.2020

“Тоқаев жастар саясатқа аралассын деді де, бізді ұстады”

05.06.2020

Ақтөбеде коронавирусқа полиция қызметкерлері шалдықты

30.04.2020

Тергеуге кедергі келтіргендер істі болды

29.12.2020
Көрнекі сурет.

Қарағандыда көп балалы анаға айыппұл салынды

06.02.2020
  • Біз туралы
  • Жарнама
Байланыс: +7 702 109 72 25

© 2020 Malim.kz - Қоғамдық-саяси сайт! Туған күн тілек, құттықтау!

Нәтиже жоқ
Барлығын көру
  • Сараптама
  • Сұхбат
  • Білім және Ғылым
  • Әлеумет

© 2020 Malim.kz - Қоғамдық-саяси сайт! Туған күн тілек, құттықтау!